ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 790
Скачиваний: 52
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстарды тұншықтырудан қолы тимеген Ресей Ұлы жүз аймағына әскер кіргізуге асыға қоймады. Сондықтан да дулат, албан, суан, шапырашты, сарыүйсін тайпалары атынан Аягөз арқылы Батыс Сібір генерал-губернаторына 1846 жылдың көктемінде барып, Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы өтініш жасаған Мәңке Нұрақовтың өтініші де аяқсыз қалды. Алайда, көп кешікпей-ақ, осы жылдың жаз айынан бастап, Кенесарының Жетісуға қоныс аударуына байланысты Ресей әкімшілігі бұл мәселеге баса назар аударуға мәжбүр болды. Генерал Н.Вишневский бастаған орыс экспедициясы жеделдете Лепсі бойына келіп, Ұлы жүздің игі жақсыларын жинап, көпсанды дулат тайпасының сұлтаны, Абылай ханның немересі Әли Әділұлына Ресейдің подполковнигі әскери шенін беріп, оның кеудесіне Андреев лентасына бекітілген алтын медальді тақты. Басқа рубасылар да сый-сияпатсыз қала қойған жоқ. Осыдан соң Ұлы жүз (1846 жылдың жаз мезгілінде) Ресейдің қол астына қабылданды. Осы рәсімде Ұлы жүздің 39 игі жақсылары орысқа адал болуға ант берді. Келесі жылдың жаз мезгілінде орыстар салып жатқан Қапал (Қопалы) бекінісінде Абылай ханның ұрпақтары Сүйік, Әли және Әкімбек сұлтандар Ресейге Ұлы жүздің бодан болғанын растап, тағы да ант берді. Осылайша қазақ елінің Ресейге отар болуының саяси-құжаттық негіздері қаланды
ХIХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкiметi Қазақстандағы хан билiгiн жоятын уақыт жеттi деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негiздер де, қажеттi бiрқатар алғышарттар да жеткiлiктi деп санады. Бiрiншiден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшiлiгiнiң алдында өздерiнiң беделiнен айырылып қалды. Жергiлiктi халық патша үкiметi тағайындаған хандарды көбiнесе Ресей империясының кәдiмгi көп шенеунiктерiнiң бiрi ғана деп қабылдады.
Екiншiден, бұл кезде патша үкiметi Кiшi жүздi де, Орта жүздi де бiрнеше әкiмшiлiкке бөлшектеген едi. Мұның өзi патша үкiметiнiң көшпелi қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. Сөйтiп, Орта жүз бiрi – Ертiстiң оң жағалауы, екiншiсi – Ертiстiң сол жағалауы болып екiге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кiшi жүзден бөлiнген Iшкi Орда құрыл- ғанын айттық. Бiр кездегi бiртұтас жүздердiң арасын- да ендiгi жерде ешқандай да еркiн байланыс жасау мүмкiндiгi қалмады, өйткенi ондай қарым-қатынас жасауға қатаң тыйым салынды.
Үшiншiден, ХIХ ғасырдың бас кезiнде Шыңғыс ұрпақтарының бір- қатары патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне белсендi қарсылық бiлдiрген оқиғалары көбейiп кеттi. Ал ақыр соңында, патша үкiметi Франциямен соғыс аяқталғаннан кейiн жеткiлiктi әскер күшi мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзi оның тәуелсiз қазақтардың заңды билiгiн – хан билiгiн бiржола жоюға итермеледi. Өйткенi хан билiгiнiң сақталуы патша үкiметiнiң өлкенi шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергi кел- тiрген едi.
1822 жылғы «Сiбiр қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» және Орта жүзде хандық билiктiң жойылуы. Орта жүзде Бөкей хан мен Уәли хан қайтыс болғаннан кейiн патша үкiметi жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сiбiр генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдiң жарлығымен бекiтiлген «Сiбiр қырғыздары (қазақта- ры. – авт.) туралы Жарғы» күшiне ендi.
Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бiрi Орта жүздегi хан билiгiн бiржола жою болатын. «Жарғы» өзiнiң мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстiк- шығыс аймақтарын iс жүзiнде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтiп, әкiмшiлiк, сот және аумақтық басқару жүйесi түбiрiмен өзгертiлдi.
Орыс ғалымы Н. Коншиннiң айтуынша, «Сiбiр әкiмшiлiгi орталық үкiметтiң нұсқауымен Дала өлкесiне қазақтарды жаңа құрылымды қабылдауға көндiру үшiн арнайы агенттер жiбере бастады».
1867-1868жж. реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, 80-90жылдарға дейін қолданылды. 1886-1891жж. «Ережелер» 1867-68жж. «Уақытша ережелерді» аздаған өзгерістермен заңды тұрғыда бекітті.Сондықтан, ереженің атауындағы «уақытша» сөзі алынып тасталды.
Ресей империясы үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.
Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруітң айқын көрінісі — қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.
1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.
Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.
Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.
1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.
Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.
Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот құрылысы реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835—1865 жылдары) тұрды. Ш. Уәлиханов "Сот реформасы туралы хат" атты Омбыда жазылған әйгілі еңбегінде қазақ даласындағы сот реформасы жайлы айта келіп,
“ 'Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалынып отырғандықтан, оның материалдық мұқтаждығына шақталуы әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалынған өзгерістің бәрі де зиянды әрі аномал (жат) құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін' ”
де ескертеді. Ғалым Шоқан Уəлиханов Қазақстанды билеуді халықттың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Өкінішке орай, Шоқанның бұл демократиялық көзқарастары кезінде ескерусіз калды.
1865—1866 жылдары қазақ даласын аралап шыққан комиссия қазақ жерлерін басқару туралы жаңа "Ереженің" негізін жасау барысында екіге бөлінді. Олардың бір тобы "қазақ даласын жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер басқаруы қажет" деп санады, ал енді бір тобы қазақтардың өздерін-өздері басқаруын жартылай қалдыру керектігін алға тартты.
1867 жылы 11 шілдеде II Александр Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868 жылы 21 қазанда Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы реформалардың жобасына қол қойды. Қазақ халқын басқару жөніндегі ережелер жобасы отаршыл билік өкілдерінің белсенді араласуымен жоғарыдан дайындалды.
Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.). Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.).
1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.
Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.
Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.
Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.
Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.
Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.
-
Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу.

Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 ж.) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы.

- 1 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 23