ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 793
Скачиваний: 52
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті.
Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
-
Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
Кіші жүзде шаруашылықтың құлдырауы, жердің таршылығы 1801 жылы Бөкей немесе Ішкі Орданың құрылуына әкелді, ол Жайық және Еділ өзеңдерінің төменгі ағысында пайда болды. Бұл аймақ Ресей құжаттарында XVIII ғасырдың аяына дейін Астрахань даласы деп аталды. Мұнда кешпелілердің тұрақтары аз болды, онда көбінесе Астрахань татарлары, қалмақ және қазақтар тұрды. Жеке қазак қоныстары және шаруа дворлары Жайық өзені мен теңіз жағалауын бойлай орналасты. ХVШ ғасырдың соңында жердің тарылуына қазақтардың екі өзен аралығындағы ежелгі қоныстарына қызығуы күшейді. Ертеде қысқы мерзімде тек сұлтандардың жылқы үйірлерін өткізсе, енді Сырым Датұлының көтерілісін басып тастағаннан кейін көшу процесін бақылау қиын болды. Үкімет қазақ көшпелі ауылдарының талаптарына құлақ алып, ішкі территорияға көшуге рұқсат берді, өйткені бұл жерлер 1771 ж Еділ қалмақтары Жокғарияға қашқаннан кейін бос қалған еді. Ресей осы арқылы Кіші Жүздегі әлеуметгік күрестің шиеленісін басуды ойлады. Қазақтардың екі озйн аралығына тұрақты қоныстану ниеті патшалықтың отарлау саясатына сейкес келді, ол Кіші жүз күшін әлсіретті, қазақтың жарты бөлігін Ресейге толық бағындырды жөне қазақтардан салық алып, сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік берді.
Бөкей сұлтанның ішкі жаққа көшуі, оған ықпал еткен мәселе көптеген патша шенеуніктерінің достык кеңестері еді" деп жазды сол кездегі бір куәгер, және осы туралы ағасы Шығайдың жазбаларына қарағанда "1801 жылы Астраханның уақытша губернаторы Кнорэинг Астрахан шекара (кардон) бастығы Попов арқылы менің ағам Бөкей Нұралыұлына Жайықтың ішкі жағына біржолата ресей бодандығына өтуге ұсыныс жасады. Осы кездесуден кейін Бөкей хан мені және басқа да сұлтан тұқымынан ағайындарын ертіп өзімізге бағынышты 10 мың үйлі қазақты ертіп, бүкіл мал мен дүние-мүлкімізді алып ішкі жаққа коштік". Саяси тұрғыдан бұл орда ерекше иелік ретінде 1812 жылы бекітілді. Осы жылы Кіші жүзде де хан болып Шерғазы сұлтан сайланса, ал Ішкі Ордада -Бөкей сұлтан болды. 1815 жылы Бөкей хан өлгеннен кейін, Жәңгір кәмелеттік жасқа келмегендіктен, орданы Шығай сұлтан биледі. Жәңгір Астраханьда тәрбиеленді, губернатор үйінде орналасты. 1824 жылы 24 шілдеде Орал қаласывда Орынбор шекаралық басқармасының қатысуымен Жеңгір хан болып жарияланды.
Бөкей Ордасы патша үкіметіне тәуелді және оның бақылауында болды. Ішкі саясаттың негізгі мөселелерін хан Орынбор әкімшілігімен бірлесе отырып дайындады. Мұраға қалдырылатын хан билітін, біржағынан, ру-басылар мен билер, екінші жағынан, патша үкіметінің қарулы отряды құрылды. Ханның ішкі істерді басқаруда едәуір еркіндігі мен бастамасы болды. Қаржы-салық саясаты, жер пайдалану тәртібін белгілеу, аумақтық-рулық баскару және халықтың шаруашылық құрылысы мәселелері ханның міндетіне кірді.Ішкі Орданың саяси тарихында XIX ғасырдың екінші ширегінен басталатын кезең едәуір ерекше. Хан билігі әлсіз, дамымай қалып, кәп жағынан жергілікті бай-сұлтан топтарының қолдауымен анықталған бай-сұлтан басқару жүйесі билеушілердің отарлық бағындырудың және каржы-салық саяса-тының жаңа міндеттеріне сай келуден қалды, сөйтіп Жәңгір тұсында төрешілдік басқару нысанымен ауыстырылды. Сол арқылы дәстүрлі қазақ қоғамына жаңалықтар, рас, табиғи жолмен емес, күштеу әдістерімен енгізіле бастады.Рубасыларын ханға жақын және оған адал адамдардың арасынан патша әкімшілігінің тағайындауы жиілей түсті. Мысалы,егер 1827 жылы ұшрудағы байбақты, ноғай және беріш руларындағы 34 старшынның үшеуі ғана хан билігімен тағайындалса, 1845 жылы осы рулардың барлық дерлік бөлімшелерінің басында «жарлық» старшындары тұрды. Жергілікті феодалдардың сот құқығы шектелді. Сотбилігі негізіненханның, хан Кеңесінің мүшелері — билердің және хан депутаттары — сұлтандардың қолына шоғырландырылды. Жергілікті рубасылар мен ақсақалдар кішігірім даулы істерді қарады, әдетте олар татуласумен аяқталатын. Өз қалауы бойыншахан ұсақ-түйек істерді де ру бастықтарының карауынан алып отырды. Бұрынғы би қазылығының аясы шектелді, ал олардың кейбіреулері сол кезде-ак мемлекеттік қызмет нысанына көшкен еді. Халыкқа алымдар белгілеу құқығы да жергілікті феодаддардың қарауынан алынды.
Жөңгірхан тұсында басқару әдістеріде басқаша болды. Егер қазақтың бұрынғы хандарының тұрақты ордасы болмай, көшпелілерді өзі де көшіп жүріп басқарса, ол хан әкімшілігінің тұрақты орталығын құрды. Оның жанынан ерекше басқару аппараты құрылды. Хан жанында сұлтандар арасынан 10 «хан депутаттары» деп аталатындар болды. Бұл «депутаттар» орыс қыстақтарымен шектес рулардың қоныстарына жіберіліп отырды және олар істе орыстар мен қазақтар болған кезде шекаралық өкімет орындарының өкілдері жүргізетін тергеулерге қатысуға тиіс болды және бұл орайда қазақтардың мүдделерін білдірді. Оларға ханныңтапсырмасы бойынша жергілікті жерлердегі жекелеген дауларды қарау тапсырылды. Олардың алымдар бойынша төленбеген бөлігін өндіріп алу кезінде мәжбүрлеуге де билігі болды, кейде оларға неғұрлым кең өкілеттіктер де берілді. Мәселен, Медет Шөкин сұлтан құжаттарда өзен шебінде «ханның барлық істер бойынша депутаты» деп аталады. Ол өз қалауы бойынша кінәлілерді «қарауылмен» ұстай алатын еді. Оның старшындарға өкімі «Медет Шөкин сұлтанның аса қатаңталабы» ретіңде беріледі. Басқа бір құжаттан ханның депутаты Әділ Бекейханов сұлтанның Жайықтың арғы бетінен қазақтардың ішкі жақка өтуіне басшылық еткені көрінеді.1827 жылы құрылған хан Кеңесі 12 биден — әрбір ру басқармасынан бір-бір биден тұрды. Олардың кейбіреулері сұлтандармен тең құқықта руларды басқарды. Олар тіпті Жәңгір ханнан өздеріне бүкіл орда бойынша жауапкерден қарызды өндіруге құқық беруді сұрады. Хан Кеңесінің мүшелері отбасыларымен және малымен тұрақты тұруға хан ордасына көшіп келді және сол арқылы олар шынына келгенде, хан аппаратының шылауына айналды.
-
ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі.
Қазақстан тарихында қоныс аудару қозғалысының кезеңдері туралы бір жақты пікір жоқ. Дегенмен қоныс аудару қозғалысын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады:
1861—1885 жылдар;
1886—1905 жылдар;
1906—1917 жылдар.
Жүз мыңдаған орыс, украин, беларусь шаруаларының Сібір, Қазақстан және Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды. Ресей самодержавиесі жер мәселесін помещик-дворяндардың пайдасына шешіп берді. Помещиктер шаруаларды «азат ету» барысында олардың бұрын пайдаланып келген жерінің басым бөлігін тартып алды. Себебі 1861 жылғы реформадан кейін помещиктер өз пайдасына шаруалардың реформаға дейін өңдеп келген жерінен үлес алуға құқықты болды. Кейбір губернияларда шаруалар жерінің 1/3, тіпті 2/5 бөлігін помещиктер тартып алды. Сонымен қатар жер үлесі үшін тым жоғары өтемдік төлемдер талап етілді. Жер тапшылығынан шаруалар помещиктерден, қазынадан жерді жалға алуға мәжбүр болды.
Жер тапшылығының шиеленісуі, «азаттық» алған шаруалардың қайыршылық күйі, құрғақшылық, орта шаруалардың кедейленуі, өтемдік төлемдер мен салықтардың ауыртпалығы шаруалардың туған жерлерін тастап, Оралдың арғы жағынан жер мен «жақсы өмір» іздеп кетуге мәжбүр етті. Зерттеуші А.А.Кауфман қоныс аударудың басты себебін жаңа шаруашылық жүйесіне бейімделе алмаудан, жер құнарлылығының төмендігінен деп түсіндіреді. Ал шаруаларда топырақтың құнарлылығын тыңайтқышпен қайта қалпына келтіруге қаржы да, құрал-сайман да жоқ еді.
Әуелгі кезде патша үкіметі шаруалардың шет аймақтарға қоныс аударуына карсы болып, шектеулер койып көрді. Алайда 1891— 1892 жылдардағы Ресейдегі аштыққа байланысты өз бетімен еркін қоныс аудару көлемінің өсуіне орай, патша үкіметі қоныс аударуды заңдастырып, өз ырқында ұстауға тырысып бақты.
Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің басшы- лығымен 1868 жылы «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша Ережелер» жобасын жасады. Ереже бойынша жан басына (ер адам) 30 десятина мөлшерде жер белгіленіп, 15 жылға алым- салықтардан босатылды.
Ал 1883 жылы қабылданып, 1885 жылы бекітілген Ережеде Жетісу облысына жаңа келушілер мен Шығыс Түркістаннан қоныс аударған үйғырлар мен дүнгендер үшін жаңа нормалар бекітілді. Енді жан басына берілетін жер үлесі 30 десятина емес, 10 десятина болып белгіленді, біркатар жеңілдіктер енді 3 жылға дейін ғана сақталды. Ресми деректер бойынша 1861—1885 жылдары Орал арқылы 300 мың қоныс аударушы келген.
-
Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.
Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.
II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».
Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».
Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес.
-
Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы.
1756 ж. патша жарлығы бойынша қазақтарға қысқы уақытта Жайықтың оң жағалауына мал жаюға тиым салынған болатын. Патшаның бұл жарлығы Жайық орыс-казактарының мүддесі тұрғысынан қабылданған-ды. “Игельстром реформасының” жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық арасындағы жерлерге көшіп-қонуға патша үкіметінің рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы ол қосөзен аралығында Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанның басқаруымен жеке иелік құрылды. Бөкей сұлтан тек 1812 ж. ғана патша үкіметінен “хан” атағын алып, ол басқарған иелік Бөкей ордасы немесе Ішкі Орда деп атала бастайды. Бөкей Ордасы Ресей империясының шекаралық өңірінің “Ішкі” жағында орналасқандықтан “қуыршақ мемлекет” рөлін атқарды. Бөкей хандығының құрылуы сол кездегі Кіші жүздегі саяси-экономикалық жағдайдың нәтижесі. Бөкей Ордасы құрылғаннан кейін Жайықтың оң жағалауына 5 мыңға жуық үй көшіп-қонса, кейін Орынбор шекаралық комиссиясының есебі бойынша Бөкей хандығының саны 10 235 үйге жеткен. Бөкей хандығының шекарасы бірте-бірте анықталған соң, оның көлемі шығыстан батысқа қарай 350 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатты. Бірақ бұл жерге қоныстанған қазақтарға патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты өзіндік зиянын тигізді. Оларға Орал казак-орыс әскерлері жиі-жиі шапқыншылықтар жасап отырды, біртіндеп әскери бекіністер салына бастады. 1813-1815 жылдары Плинин, Фокеев, Сламихин бекіністері салынды. Қараөзен мен Сарыөзеннің бойы шекаралық аймаққа айналды. Жайық өзенінің бойы біртіндеп Орал казак-орыс әскерлерінің меншігіне қарады. Соның салдарынан қазақтардың жайылымдық жерлері тарылып, шаруашылықтары күйзеліске ұшырады. Сонымен қатар, Орал казак-орыстары қазақтардың ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын өлтіріп, мал-мүліктерін тонап кетіп отырды. Патша өкіметінің жергілікті әкімшілігі мұндай озбырлықтарға қарсы шара қолданбай, керісінше көп жағдайда мәселеден жалтарып кетіп отырды.
1815 ж. Бөкей қайтыс болған соң оның орнын басар Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей атты үш ұлы қалады. Хан тағының мұрагері Жәңгір оң-солын танып, ел басқаруға араласқанша Ішкі Орданы Бөкейдің інісі Шығай биледі.1824 ж. Жәңгір арнайы жарлықпен хан тағына отырған соң Ішкі Ордадағы қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік–саяси құрылымдарға, жер қатынасына, салық саясатына өзіндік өзгерістер енгізбек болды. Бірақ көшпелі және жартылай көшпелі халық ханның бұл “жаңалықтарына” дайын болмады.