Файл: Сыныбы 8 Сынып жетекшісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 60

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Абай атындағы негізгі жалпы білім беру мектебі

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Отбасы- бақыт мекені »

Сыныбы: 8

Сынып жетекшісі: Акауов Самат Токтасынович

2023 оқу жылы

Тәрбие сағаты: «Отбасы –бақыт мекені»

Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы- Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, шарлар, отбасы туралы афоризмдер

Жоспары:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2.«Комплимент» тренингі .

3.Ата-аналар топтарын құру ( ән арқылы)

4.«Бақытты жанұя» (постер қорғау), «отбасылық құндылықтар »постер құрау, мақал- мәтелдер жазу.

5.( Сызат) видиоролигі

6.Қорытынды:

-ананың аялы алақаны;

-бақыт салатының рецептісі

- М. Әлімбаев өлеңі

Барысы:

1. – Құрметті 6-сынып оқушылары «Отбасы –бақыт мекені» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата - анасы. Отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Бала отбасында әкеден – ақыл, анадан - мейір алады. «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Баланы баптап бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп Кешкенің өмір босқа тек- дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны демеуші- ата-анасы.

2 .Сіздерді ортаға тренингке шақырамын.( ауа райы, тамак, косметика,мебель) Оң жақтағы көршісіне комплимент айту).

Тәрбие сағатын мынадай бір аңыздан бастағым келеді. Ертеде 100 адамнан тұратын бір жанұя өмір сүріпті. Олар үнемі бейбітшілік, махаббат, келісушілікпен көзге түсіпті. Бұл хабар елді басқарушының құлағына шалынады. Ол жанұя басшысын өзіне шақырып, «Бір жанұяда бір-біріңмен ұрыспай, ренжіспей қалай өмір сүресіңдер?»-деп сұрапты. Сонда ол қағазды алып, жаза бастайды. Жауапты ел басқарушы оқыған кезде таңданыпты, себебі қағазда «түсінушілік» деген сөз 100 рет жазылған екен. Жаңағы аңызда айтылғандай, түсінушілік бар кезде татулық болады.


3. «Әнмен бой сергіту» Оқушыларды өздерін еркін сезініп, ойларын ашық айтуға мүмкіндік беру үшін Шәмші әндері арқылы топқа бөлу.

Мұғалім танымал ( «Ақ бантик», «Әнім сен едің», «Ана туралы жыр» 3 ән жазылған қағаз таратады. Ата-аналар өзіне тиген ән бойынша топ құрады.

-Рахмет! Енді орындарыңызға отыруларыңызды сұраймын.

4.«Бақытты жанұя» (постер қорғау) Сіздің ойыңыздағы «Бақытты жанұя» ұғымын алдарыңыздағы қағаз бетіне түсіруіңіз сұралады.

5.«Сызат» (Видеоролик) Бала тәрбиелеуде асқан тәлімгер ата-бабаларымыз «Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет» деп талап қояды. Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі жол-жөнекей айтылған ақыл бала көңіліне керекті із қалдыра алмайды. 5 саусақ бірдей емес, ол баланың жаратылысы «көршінің баласынан» мүлдем өзгеше. «Көршінің баласында» жоқ жақсы қасиеттер мүмкін сіздің балаңызда бар болар. «Дәл сондай бол !»,- деген шектен шыққан талап. «Балаңыз қандай, сол қалпында қабылдаған оңайырақ»,- деп кеңес береді психолог ғалымдар. 6. Қорытынды: Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін алдарыңыздағы мейірімділікке толы ана алақанының суретіне бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізді, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде жазып, тақтаға ілулеріңіз сұралады.