ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 773
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9.4 С «Эволюциялық даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары | 9.2.5.1 К. Линней мен Ж.Б. Ламарк еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу 9.2.5.3 Эволюцияның қозғаушы күштерін сипаттау 9.2.5.5 Түрдің құрылымы мен критерийлерін сипаттау; 9.2.5.6 Түр түзілу үдерісін түсіндіру |
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
|
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу/түсіну Қолдану, |
Тапсырма
-
Төмендегі кестеде биология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері берілген. Сипаттамаларды ғалымдармен сәйкестендіріңіз
Ғалымдар | Сипаттамалар |
А. Ч.Дарвин Б. Ж.Б.Ломарк С. К.Линней | 1. Эволюцияның қозғаушы күштерін анықтады 2. Жүйелеуде бинарлы номенклатураны ұсынды 3. Градация туралы ілім ұсынды 4. Табиғи сұрыпталуды эволюцияның қозғаушы күші деп тапты 5. Өсімдіктер мен жануарларды жүйеледі 6. Тіршілік атаулының бәрін тәңір жасады дегенге сенді 7. Жаттығу барысында игерілген белгілер тұқым қуалайды деп есептеді 8. Ең алғашқы эволюциялық тұжырымдама жасады |
А _________________ Б____________________ С___________________
-
Эволюцияның бір қозғаушы күші тіршілік үшін күрес. Тіршілік үшін күресті сипаттамаларымен сәйкестендіріңіз
| Тіршілік үшін күрес | | Сипаттамалары |
1 | Түрішілік күрес | А | Алуан түрлі даралар арасында жүреді |
2 | Түраралық күрес | В | Ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы |
3 | Абиотикалық күрес | С | Көптеген даралар тіршілігін жояды |
-
Түр критерийлерімен құрылымы туралы тұжырымның шындық жалғанын анықтаңыз
Тұжырым | Ш | Ж |
Сырттай айқын айырмашылықтары жоқ өсімдіктер мен жануарлар жеке түрлері –морфологиялық критерий | | |
Сыртқы және ішкі құрылысындағы ұқсастықтың болмауы - морфологиялық критерий | | |
Биохимиялық талдауларды қолдану- физиологиялық критерий | | |
Фиологиялық параметрилері бойынша ұқсас түрлердің анықталмауы-физиологиялық критерий | | |
Хромосома өлшемі, саны және еркін шағылыспауы- генетикалық критерий | | |
Ағзалардың табиғи жағдай кешенін қарастыруы-экологиялық критерий | | |
-
Жаңа түрдің түзілу үрдісін түсіндіріңіз.
_________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________
Балл қою кестесі
Бағалау критерийлері | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
К. Линней мен Ж.Б. Ламарк, Ч Дарвин еңбектерінің негізгі қағидаларын атайды | 1 | К. Линнейдің еңбектерін атайды; | 1 |
Ж.Б. Ламарктың еңбектерін атайды; | 1 | ||
Ч.Дарвиннің. еңбектерін атайды; | 1 | ||
Эволюцияның қозғаушы күштерін түсіндіреді | 2 | Тіршілік үшін күрестің маңызын түсіндіреді | 2 |
Түрдің құрылымы мен критерийлерін сипаттайды | 3 | Түр критерийлерімен құрылымы туралы тұжырымның шындық жалғанын анықтайды | 3 |
Түр түзілу үдерісін түсіндіреді | 4 | Жаңа түрдің түзілуін түсіндіреді | 2 |
Барлығы | 10 |
«Эволюциялық даму» тарауы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орташа | Жоғары | |
Линней мен Ж.Б. Ламарк, Ч Дарвин еңбектерінің негізгі қағидаларын атайды | Л инней мен Ж.Б. Ламарк, Ч Дарвин еңбектерінің негізгі қағидаларын атауда қиналады | Л инней мен Ж.Б. Ламарк, Ч Дарвин еңбектерінің негізгі қағидаларын атауда қателіктер жібереді | Л инней мен Ж.Б. Ламарк, Ч Дарвин еңбектерінің негізгі қағидаларын атайды |
Эволюцияның қозғаушы күштерін түсіндіреді | Т іршілік үшін күрестің маңызын түсіндіруде қиналады | Т іршілік үшін күрестің маңызын түсіндіруде қателіктер жібереді | Т іршілік үшін күрестің маңызын түсіндіреді |
Түрдің құрылымы мен критерийлерін сипаттайды | Түр критерийлерімен құрылымы туралы тұжырымның шындық жалғанын а нықтауда қиналады | Түр критерийлерімен құрылымы туралы тұжырымның шындық жалғанын анықтауда қ ателіктер жібереді | Түр критерийлерімен құрылымы туралы тұжырымның шындық жалғанын а нықтайды |
Түр түзілу үдерісін түсіндіреді | Ж аңа түрдің түзілуін түсіндіруде қиналады | Ж аңа түрдің түзілуін түсіндіруде қатеіктер жібереді | Ж аңа түрдің түзілуін түсіндіреді |
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау күтілетін нәтижелерді және оқу жоспарында жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
-
«Биология» пәні бойынша күтілетін нәтижелерБілу:
-
бастапқы биологиялық ұғымдарды; -
заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының мәнін; -
негізгі биологиялық теориялар мен заңдардың мәнін;
-
атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін;
-
практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;
-
микробиология, молекулалық, жасушалық биология негіздерін;
-
өсімдіктер және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің компоненттерін;
-
өсімдіктердің және жануарлардың негізгі топтарын; -
тірі ағзалардың адам және табиғи кешен үшін маңызын; -
эволюциялық дамудың негізі мен заңдылықтарын; -
сұрыптау әдістерін; биогеоценоздар мен агроценоздардың құрылымын; -
тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін; -
адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін біледі.
Түсіну:
-
микробиологияның медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызын;
-
жасушалардағы молекулалар және органоидтар деңгейінде жүретін процестерді;
-
өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің функцияларын,
-
өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу қағидаттарын; -
метаболизм процестерін; -
жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды түсінеді.
Қолдану:
-
тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі биологиялық ұғымдар мен терминдерді;
-
тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;
-
қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында биологияның заңдары мен формулаларын;
-
нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
-
алынған білімдерін физикалық және химиялық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
-
ағзалардың әртүрлі топтарын сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны қолданады.
Талдау:
-
ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; -
графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;
-
адам ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын;
-
биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын; -
тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің құрылысы мен функциясын; -
трансгендік технологияларды қолдануға байланысты проблемаларды; -
биогеоценоздағы заттар айналымының процестерін талдайды.
Жинақтау:
-
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;
-
гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді;
-
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын жинақтайды.
Бағалау:
-
жасалған эксперименттің нәтижелерін, зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі тәуекелдерді;
-
түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін;
-
табиғи биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын;
-
өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін;
-
пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын бағалайды.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 16