ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көбеншеева Фариза Қалдыбекқызы Арнайы сынып мұғалімі
ПШО ЖМ филиалы мұғалім портфолиосы
Ақтау қаласы 07.04.2023ж.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Бөлім: | Біз спортты таңдаймыз | ||||
Педагогтің аты-жөні: | Көбеншеева Фариза Қалдыбекқызы | ||||
Күні: | 07.04.2023ж. | ||||
Сыныбы: А-5 | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы: | Сан есім туралы түсінік | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: | 5.1.5.11. Сан есім, оның мағынасы, сұрақтары; 5.2.2.1. Белгілі тақырып бойынша жұппен жұмыс тәсілі арқылы бір – біріне сұрақ қойып, жауап беру; | ||||
Сабақтың мақсаты: | Заттың санын, мөлшерін біледі, сөйлем арасынан сан есімді таба алады; | ||||
Ойлау дағдыларының деңгейі: | Түсіну, білу, қолдану; | ||||
Сабақтың барысы: | |||||
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы (7 минут) | Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Жүректен жүрекке» әдісі Топқа бірігу: «Жолаушы билеті» әдісі Билет таратылады, билет ішінде көрсетілген сан бойынша 2 топқа бөлінеді. Бөлім туралы шағын түсіндірме жұмысы жүргізіледі. «Ой қозғау» әдісі. Оқушыларға сурет ұсынылады. Бағыттаушы ашық сұрақтар беріледі.
Демек, өмірде біз сандарды жиі қолданамыз. Ой қозғау арқылы жаңа сабаққа көшеді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – сан есім. | Амандасады. Психологиялық ахуал қалыптастырады. Билеттер арқылы 2 топқа бөлінеді. «Біз спортты таңдаймыз» бөлімі туралы өз ойларын айтады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшеді. | ҚБ: Мадақтау сөздері ҚБ: Мадақтау сөздері | Топ нөмірі бар билеттер 1 - топ 2 - топ Тақырыптық суреттер | |
Сабақтың ортасы (30 минут) Жеке жұмыс 10 минут Сергіту 3 минут Жұптық жұмыс 8 минут Топтық жұмыс 10 минут | «Мағынаны тану» әдісі. Тақырыпқа сай бейнеролик Заттың санын, мөлшерін, шама-шарқын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім қанша? неше? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Алма жарыстан бірінші болып келді. 1 – тапсырма. Төмендегі цифрмен жазылған сан есімдерді дұрыс атап, сөзбен жазыңыз. 4, 2, 3, 5, 6, 10. «Қане, бізге қосыл» әдісі арқылы Жаттығулар бейнеролигі 2 – тапсырма Мақалдарды санмен толтырыңыз.
Керекті сөздер: бір, бес, мың, алтау, тоқсан, төртеу. 3 - тапсырма Мәтінді оқып, сан есімдердің астын сызыңыз. 1. АТШАБАР МЕЛС ЕЛГЕЗЕРОВ. 1958 жылы он үш жасында бәйге атымен он алты шақырымды жиырма үш минут шауып өтіп, Қазақстанның жаңа рекордының тұсауын кескен қазақ баласы. 2. ЖЕЛАЯҚ ЕСКЕНДІР ЖАМБЫЛОВ. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары төрт жүз метрге кедергілер арқылы жарысудан Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы әрі рекордшысы. | Бейнеролик көреді, заттың санын, мөлшерін біледі. Сан есімнің сұрақтарымен танысады. Дәптермен жұмыс. Жазылым дағдысы қалыптасады. Бейнероликке қосылып жаттығу жасайды. Жұбымен ақылдаса отырып, көп нүктенің орнына тиісті санды қояды. Мәтінмен жұмыс Топ болып берілген мәтіндегі сан есімдерді табады. | ҚБ: мадақтау, медаль суреті таратылады. ҚБ: мадақтау ҚБ: мадақтау, медаль суреті таратылады. ҚБ: мадақтау, медаль суреті таратылады. | https://youtu.be/-NiQJX57RpE 5 – сынып «Қазақ тілі» оқулық К.М.Бекмұхамбетова, А.К.Биисова; https://youtu.be/RuAgdgXVvUA Кеспе қағазға жазылған мақалдар. Тақырыпқа сай кесінді мәтіндер. | |
Сабақтың соңы (7 минут) Кері байланыс | | Кері байланыс жасайды. | Жинаған медальдары арқылы мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. | Кері байланыс тақтасы |