ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 127
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы ОСӨЖ және СӨЖ тақырыптары
1.Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығың қалыптасуы, түрлері мен типтері.
Тапсырма: жоба әзірлеу
Әдістемелік нұсқау: Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторларын саралаңыз. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептері, түрлері мен типтеріне талдау жасаңыз. Көшпелілердің шаруашылығының жіктелуін, дамыған аймақтарын анықтау, көшпелілердің өмірі мен тұрмысы, мал түрлері, отырықшылықпен көшпеліліктің айырмашылығын айқындаңыз. Көшпелі мал шаруашылығында жыл мезгілдеріне байланысты көші-қон мәселесі яғни жайлау, көктеу, күзеу, қыстауға қоныс аударуы және баспана түрлерін анықтаңыз. Ғылыми жобаны дайындау және қорғау дегеніміз –студенттің зерттеу жұмысы нәтижесінің оқытушының жетекшілігімен қорытындылануы. Жоба мынадай элементтерді қамтуы тиіс: титул парағы, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі, қосымшадан тұрады. Жобаны ОСӨЖ сабақтарында талдауға, қорғауға болады.
Әдебиеттер:
1.Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. -592 с.
2.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
3.Жолдасбайұлы С.Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.А.,1995.
4.Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.
5.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
6.Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітап: Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. – Алматы: Казак университет,2022. – 570 б.
7.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.
8.Масанов Н.Кочевая цивилизация казахов: основы жизнедеятельности номадного общества. А., 1995.
9.Назарбаев Н. А. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана: Атамұра, 2017–508 с.
10.Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.
2. Ерте темір дәуірінің хронологиясы мен археологиялық ескерткіштері
Тапсырма: презентация әзірлеу
Әдістемелік нұсқау: Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезеңін ерте темір дәуірі деп атап кеткен. Ал, ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ. Осы кезеңге енетін Орталық Қазақстанның ескерткіштері Тасмола археологиялық мәдениетіне жататын мұртты қорғандар болып табылады. Ерте темір дәуірі археологиялық ескерткіштерінің зерттелу мәселелері,
қорымдардан, қорғандардан алынған антропологиялық мәліметтерді жүйелеп, зерттеушілер тарапынан жасалынған пайымдаулар мен қорытындыларды саралау. Есік, Берел, Шілікті обаларынан табылған археологиялық жәдігерлер, «Есік», «Шілікті» обаларынан табылған «Алтын адам» презентацияда көрініс табуы керек және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.
Әдебиеттер:
1.Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. -592 с.
2.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
3.Жолдасбайұлы С.Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.А.,1995.
4.Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.
5.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
6.Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітап: Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. – Алматы: Казак университет,2022. – 570 б.
7.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.
8.Назарбаев Н. А. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана: Атамұра, 2017–508 с.
9.Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.
3.Ұлы Жібек жолының қазақстандық бағыттары
Тапсырма: карта әзірлеу
Әдістемелік нұсқау: Ежелгі заманнан бастау алып, жаңа заманға дейін өмір сүрген Азия мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолы адамзат тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Бұл жол ондаған ғасырлар бойы өзі қамтыған елдер мен халықтардың экономикасының, мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарды. Қос құрылықты жалғастырған бұл жол біздің заманымыздан бұрынғы II-Iғасырлардан бастап Азия мен Еуропаның арасын жалғастырушы көпір, яғни Шығыс пен Батысты байланыстырушы желі болды. «Ұлы» сөзінің халықаралық сауда жолына телінуі Еуразия өлкелерін байланыстыруынан келіп шыққан. «Жібек жолы» (Ұлы «Жібек жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шынжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ұлы Жібек жолының қазақстандық бағыттарын анықтаңыз және оның маңызын айқындаңыз. Жоба мынадай элементтерді қамтуы тиіс: титул парағы, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі, қосымшадан тұрады.
Әдебиеттер:
1.Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. -592 с.
2.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
3.Жолдасбайұлы С.Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.А.,1995.
4.Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.
5.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
6.Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітап: Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. – Алматы: Казак университет,2022. – 570 б.
7.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.
8.Назарбаев Н. А. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана: Атамұра, 2017–508 с.
9.Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.
4.VI – X ғғ. түрік халықтарының рухани мәдениеті (діни наным- сенімдері, тілі, әдебиеті, жазуы және т.б.)
Тапсырма: слайд әзірлеу және қорғау
Әдістемелік нұсқау: Рухани мәдениетке біз мыналарды жатқызамыз бұл-ең алдымен тілі, жазбаша, ауызша шығармашылығы, әдебиет, ғылым, өнер және діні, наным-сенімдері. Слайдта көне түрік жазуының қалыптасқан уақыты, түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді қалдырған тарихшылар, көне түріктердің жазба әдебиеті, көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер, VIII-ІХ ғасырларға жататын әдеби шығармалар, ежелгі түріктердің наным-сенімдері мен діні. Ежелгі түріктер табынған: отқа, табиғатқа, көкке (Тәңірге). Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп табынған: «Ұмай ана» слайдта көрініс табу керек. Түріктердің әдебиеті, өнері де слайдта қамтылады және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.
Әдебиеттер:
1.Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. -592 с.
2.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
3.Жолдасбайұлы С.Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.А.,1995.
4.Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.
5.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
6.Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітап: Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. – Алматы: Казак университет,2022. – 570 б.
7.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.
8.Назарбаев Н. А. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана: Атамұра, 2017–508 с.
9.Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.
5.Қазақ халқының көп ғасырлық құрылу процесі мен этникалық территориясының анықталуы (XV-XVI ғғ.)
Тапсырма: жазбаша жұмыс
Әдістемелік нұсқау: Қазақ халқының құрылуына себеп болған этникалық процесстердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан - алғашқы қауым қоғамының ыдырау дəуірінен барып шығады да өз дамуында оның бірнеше кезеңді бастан кешірді. Қазақ халқының қалыптасуы бірнеше кезеңдерді бастан кешіреді. Жазбаша жұмысты жазу барысында осы кезеңдерді сипаттауы керек, өйткені қазақ халқының қалыптасуы бірнеше ғасырларға созылды.Негізінен, XV-XVI ғғ. қазақ халқы мен оның этникалық аумығының құрылып, қалыптасуының сан ғасырлық процесі негізінен аяқталады. Антропологиялық мəліметтерге қарасақ этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың еуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да, кейінірек жүре келе моңғолтекті түрге қарай өзгере бастайды. Тілдік хал-ахуал да өзгермей тұрмайды, Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалардың иран тілі бірте-бірте сатылап, осынау территорияның кейінгі қоныстанушыларының тілі түрік тіліне орын береді. Осы мәселелер мазмұны жазбаша жұмыста талдануы тиіс.
Әдебиеттер:
1.Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. -592 с.
2.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
3.Жолдасбайұлы С.Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.А.,1995.
4.Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.
5.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
6.Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітап: Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. – Алматы: Казак университет,2022. – 570 б.
7.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.
8.Назарбаев Н. А. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана: Атамұра, 2017–508 с.
9.Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.
6. XVI-XYIII ғғ. Қазақ халқының материалдық мәдениеті (тұрғын үйі, киім-кешегі, ыдыс-аяғы, ұлттық тағамдары және т.б.)
Тапсырма: слайд әзірлеу және қорғау
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге тақырыпты ұсынудағы мақсат, қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы білімдерін кеңейте отырып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын ояту, олардың шығармашылық, танымдық қабілетін дамыта отырып, қорытынды жасай білуге дағдыландыру болды. Қазақ халқының баспанасы, ұлттық киімдері, қолөнер бұйымдары, ыдыс-аяғы, ұлттық тағамдары, үй жиһаздары, еңбек құралдары туралы слайд дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.
Әдебиеттер:
1.Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. -592 с.
2.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
3.Жолдасбайұлы С.Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.А.,1995.
4.Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.
5.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
6.Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітап: Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. – Алматы: Казак университет,2022. – 570 б.
7.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.
8.Назарбаев Н. А. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана: Атамұра, 2017–508 с.
9.Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.
7.Абылай хан заманындағы қазақ елінің мемлекеттілігі және Орталық Азияда геосаяси жағдай.
Тапсырма: эссе жазу
Әдістемелік нұсқау: Хан Абылай – Қазақстан тарихындағы тағдырлы бір кезеңнің күллі тауқыметін бойына жүктеген тұтас бітімді тұлға. Қазақ елінің айбынын асыру мен ордасын орнықтыруда маңызды міндетті атқарды. Бұл ретте Абылайдың мемлекетшіл парасаты, жаужүрек батырлығы, кемел қолбасшылығы, көреген қайраткерлігі, сұңғыла бітімгерлігі айқын көрінді. Осындай ерекше қасиеттерінің арқасында сұлтан хандық дәрежеге көтеріліп, өз төңірегіндегі жақсылар мен жайсаңдардың, сондай-ақ түрлі әлеуметтік топтардың қолдауына ие болды. Абылай ел билеген кезеңінде жойқын өзгерістер жасап, Қазақ Ордасының іргесін одан әрі нығайтуды көздеді. Ресей, Қытай және басқа да көршілес елдермен белсенді дипломатиялық, сауда-саттық байланыстары Қазақ хандығы мен әйгілі ханның Орталық Азия халықтарының саяси өміріндегі халықаралық беделін арттырғандығы туралы студент ғылыми көзқарасын білдіре отырып, нақты дәлелдемелермен, ой жүйелілігін
сақтай отырып эссе әзірлейді.
Әдебиеттер:
1.Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. -592 с.
2.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
3.Жолдасбайұлы С.Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.А.,1995.
4.Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.
5.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
6.Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітап: Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. – Алматы: Казак университет,2022. – 570 б.
7.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.
8.Назарбаев Н. А. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана: Атамұра, 2017–508 с.
9.Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.
8.«ХХ ғасыр басындағы қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. («Қазақ», «Вақыт», «Шуро», «Ақмулла» газеттері, «Айқап» журналы және т.б.)
Тапсырма: жазбаша жұмыс
Әдістемелік нұсқау: Қай халықты алып қарасаңызда сол елдің өсіп-өркендеу жолында баспасөз рөлі өте жоғары. ХХ ғасыр бас. бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петерборда редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. XX ғ.басында шыққан басылымдардың қоғамдық маңыздылығымен мен мәнін зерделеу, қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан қазақ баспасөзінің тарихын жазбаша жұмыста қарастырады.