Файл: 5 сынып оушыларына арналан республиканская олимпиада республикалы олимпиада.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.11.2023
Просмотров: 299
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАНРЕСПУБЛИКАНСКАЯ ОЛИМПИАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДЛЯ УЧАЩИХСЯ 5 КЛАССОВПән/Предмет: Математика
А.250 тгB.300 тгC.330 тгD.400 тгE.500 тг
-
Асанда 5 тауық пен 14 қоян бар. Олардың барлығы қанша аяқ бар? [1 ұпай]
-
Қоймаға бірінші күні 450 т күріш әкелінді. Бұл екінші күнге қарағанда 90 тоннаға артық. Екі күнде барлығы қанша күріш әкелінді? [1 ұпай]
-
Екі айлақтан бір мезгілде екі теплоход бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шығып, 2 сағаттан кейін кездесті. Егер бірішісінің жылдамдығы 50 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы 5 км/сағ көп болса, онда екі айлақтың арасы қанша километр болады? [1 ұпай]
-
Саяхатшылар 610 км жол жүруді жоспарлады. Олар алғашқы 4 сағатта 75 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған жолды 5 сағатта жүріп өтті. Олар қалған жолды қандай жылдамдықпен жүрген? [1 ұпай]
-
Жазира бір сан ойлады, ол саннан 6–ны алып, 5–ке көбейтті, кейін 11–ге бөліп, 8–ді қосты. Соңында 13 саны пайда болды. Басында қандай сан ойлады? [1 ұпай]
-
Теңдеуді шеш: 16x : 4=83-59 [1 ұпай]
-
Жол бойында бір қатарға 12 ағаш отырғызылды. Көршілес екі ағаштың арасы 4 метр. Ағаш қатарының ұзындығы қандай? [1 ұпай]
-
Берілген сандар қатарының заңдылығын анықтап, сұрақ белгісінің орнында қандай сан тұратының анықтаңыз: 1, 3, 8, 16, 27, (?)[1 ұпай]
-
Емтиханда 5 және 10 ұпайлық есептер болды. Ақерке барлығы 16 есеп шығарып, 115 балл жинады. Ақерке 5 ұпайлық неше есеп шығарды? [1 ұпай]
-
Биыл 2022 жылы Асан 9 жаста, анасы 37 жаста. Неше жылдан кейін анасы Асаннан 3 есе үлкен болады? [1 ұпай]
-
Ерболдың үйінен мектепке дейінгі арақашықтығы 1 км 400 м. Ербол мектепке 25 м/мин жылдамдықпен жүріп барды. Ол жолға қанша уақытын жұмсайды? [2 ұпай]
-
Әбдірахманда 600 теңге бар еді. Ол ақшасының 20 % -ын інісіне, 25 % -ын қарындасына берді. Өзінде қанша ақша қалды ? [2 ұпай]
А.250 тгB.300 тгC.330 тгD.400 тгE.500 тг
-
Асан 180 беті бар ертегі кітапті оқып шықты. Бірінші күні
бөлігін оқыды, екінші күні қалған беттерінің
бөлігін оқыды, үшінші күні қалғанын оқып бітірді. Ол үшінші күні қанша бет оқыды? [2 ұпай]
-
Мектепке спорт жабдықтарын толықтыру мақсатында 5 футбол және 4 баскетбол сатып алу үшін 9600 теңге жұмсады. Кейін тағыда дәл сондай 5 футбол мен 2 баскетбол сатып алуға 7200 теңге ақша жұмсады. Бір баскетболдың бағасы қанша теңге тұрады? [2 ұпай]
-
Екі ыдыста барлығы 60 литр су бар. Егер бірінші ыдыстағы су екінші ыдыстаға судан үш есе артық болса, бірінші ыдыста неше литр су бар? [2 ұпай]
-
5-сыныпта 48 оқушы бар. Олардың 25-і би үйірмесіне, 24-і хорға, ал 10-ы биге де, хорға да қатысады. Қанша оқушы ешқайда қатыспайды? [2 ұпай]
-
Тіктөртбұрыштың ені ұзындығынан екі есе қысқа, периметрі
см болса, оның ұзындығын табыңдар. [2 ұпай]
-
Төрт дос әрқайсысы бір бірімен қол алысып амандасты. Сонда барлығы неше рет қол алысу болды? [2 ұпай]
-
Берілген сызбадағы боялған бөліктің ауданын табыңдар. [2 ұпай]
-
834 кг алма үш дүкенге жеткізілді. Үшінші дүкенге жеткізілген алманың салмағы біріншіден 2 есе артық. Ал екінші дүкенге жеткізілген алманың салмағы біріншіден 3 есе артық болса, онда үшінші дүкенге қанша алма жеткізілген? [2 ұпай]
-
Екінші күні неше кітап оқыды? [3 ұпай]
-
Үшінші күні неше бет оқыды? [3 ұпай]
-
Төртінші күні неше бет оқыды? [3 ұпай]
-
Кітап барлығы неше беттен тұрады? [3 ұпай]
-
Бастапқы екі күн кітаптың қандай бөлігін оқыды? [3 ұпай]
-
Ыдыстың табанын қаптауға қанша
мата керек. [3 ұпай]
-
Аквариумның табанының ішінен өлшегенде қабырғасының ұзындығы нешеге тең? [3 ұпай]
-
Аквариумның ішкі қабырғасының биіктігі нешеге тең? [3 ұпай]
-
Аквариумға ең көп дегенде неше
су құюға болады? [3 ұпай]
-
Аквариумға қыры 2 см болатын ыдыспен, аквариум толғанша неше стакан су құюға болады? [3 ұпай]