Файл: Мектепішілік I здік осымша білім беру жас педагогы 2023 байауыны сценариі Жргізуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектепішілік «I Үздік қосымша білім беру жас педагогы -2023»

байқауының сценариі


Жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.


Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар!

Бүгінгі өткелі отырған Балалар өнер мектебінің «Үздік жас педагог-2023» байқауына қош келдіңіздер!


Жүргізуші:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.


Бұл кеште бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құйып, тәрбие мен білімнің алтын діңгегі, әулие мамандық иесі болып қана қоймай, қоғамның ұлттық айнасына да айналып үлгерген «үздік жас ұстаз» деген атқа лайық ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр.


Ән орындалады

Жүргізуші:

Байқауға қатысушы ұстаздарымызбен таныс болыңыздар!

1.Аңламас Алмас Серікболатұлы баян пәнінің мұғалімі
2. Сауранбек Еркеназ Асқарқызы қобыз пәнінің мұғалімі
3. Кеңесбай Ерболсын Ғабитұлы домбыра пәнінің мұғалімі
4. Құлтас Бақыт Серікұлы домбыра пәнінің мұғалімі

Кез келген байқау - ол шығармашылық жұмыс. Байқау – шабыт пен әділеттілікті талап етері анық. Байқауға әділ баға беретін кәсіби, білікті қазылар алқасымен танысайық!

1. Талас ауданы Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері- Сағынбекова Сәуле Жақсылыққызы

2. Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы ҚБ-нің филиалы Талас аудандық комитетінің төрағасы-Смағұлов Әділ Ахметұлы

3. Балалар өнер мектебінің директоры-Күсепбаева Гүлмира Мейрамбекқызы


Байқау 4 кезеңнен тұрады:

  1. кезең «Менің педагогикалық сенімім» өзіндік таныстыру (презентация)

  2. кезең «Білім берудегі менің инновациям» (слайд, видео арқылы ашық сабағын көрсету, жетістіктер мен атқарылған жұмыстар жинақталған портфолио)

  3. кезең- «Өнерлінің өрісі кең» (мамандықтан басқа өнерін көрсету)

  4. кезең- «Психологиялық жағдаяттар».


Сайысқа қатысушы ұстаздарымызды қошеметпен сахна сыртына шығарып салайық.


Жүргізуші:
Ұстаз – тумасынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, ештеңені ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Олай болса, біздің мектептің жас ұстаздарының бойында қандай қасиеттер бар екенін, олардың өмір жолдарымен таныса отырып байқап көрелік.


Байқаудың І кезеңі «Менің педагогикалық сенімім» өзіндік таныстыру (презентация)
Регламент- 3минут

Бағалау критерийлері:

-өзі жайлы тың идеялар, тұжырымдамалар, қызығушылығы, және т.б;

-кәсіби маңызды қасиеттер мен тұлғалық тәжірибені көрсету;

-көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі;

-таныстырудың бірегейлігі, регламенттің сақталуы.

1. Жақсының ісін айтса нұры тасыр,
Танытар еңбегімен оны ғасыр.
Ұстаз болу ерекше бір ғанибет
Бір тұлғада білінер мың қасиет , деп
Бірінші болып өзін таныстыратын жас ұстаз Аңламас Алмас Серікболатұлы

2. Оқушысын баулыған сан өнерге
Көрсетіп жас ұрпаққа үлгі-өнеге
Қобыз аспап ойнаса шәкірттері
Білінер бұл ұстаздың еңбектері
Әр баланы зерттеуде жеке дара
Атқарып жүр мектепте көп іс-шара
Еркеназ ұстаз жаңалықтың жаршысы
Дарынды мектеп ұжымның арасында

Келесі жас ұстаз Сауранбек Еркеназ Асқарқызы қобыз пәнінің мұғалімін шақырамыз

3. Көңіл күйін шәкірттің көре білген,
Бойындағы бар білімін бере білген
Ізгіліктің нұрларын төгіп тұрып,
Әр жүрекке гүл сезім еге білген, деп
Кеңесбай Ерболсын Ғабитұлы домбыра пәнінің мұғалімін ортаға шақырамыз


4. Шәкіртке шуақ, жанына мейір төгетін
Ұшқыр ойлы, ұтымды жауап беретін
Еңбектенер ұстаздық жолда жалықпай
Құлтас Бақыт күйдің нәрін себетін
Алдарыңызда домбыра пәнінің мұғалімі

Құлтас Бақыт Серікұлы домбыра пәнінің мұғалімі

2-кезең – «Білім берудегі менің инновациям» (слайд, видео арқылы ашық сабағын көрсету, жетістіктер мен атқарылған жұмыстар жинақталған портфолио)

1.Аңламас Алмас Серікболатұлы баян пәнінің мұғалімі
2. Сауранбек Еркеназ Асқарқызы қобыз пәнінің мұғалімі
3. Кеңесбай Ерболсын Ғабитұлы домбыра пәнінің мұғалімі
4. Құлтас Бақыт Серікұлы домбыра пәнінің мұғалімі


3-кезең- «Өнерлінің өрісі кең» (мамандықтан басқа өнерін көрсету)

4-кезең- «Психологиялық жағдаяттар»

Осымен барлық кезеңдер аяқталды

Ұстаздарды бағалап, шешім шығару үшін қазылар алқасын шығарып салайық.

Марапаттауға кезек береміз, ортаға қазылар алқасын шақырамыз (ұстаздар марапатталады)

Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар
Ұлылықты ұлықтаған имандар
Ұрпағының ертеңіне жол ашып
Өмірінің әр шақтарын қиғандар




Ізгі ниет арнасы тола берсін, ұстазым!

Жүрегіңіз елім деп соға берсін, ұстазым!

Жадыңызда жақсылық қала берсін, ұстазым!

Ұрпағыңыз ұлылық ала келсін, ұстазым!

Әр уақытта денсаулық бола берсін, ұстазым!

Басыңызға бақ құсы қона берсін, ұстазым!

Осымен бүгінгі жас ұстаздар байқауын аяқтаймз, уақыт бөліп ат салысқандарыңызға көп рахмет, келесі кездескенше аман сау болыңыздар!