Файл: Облыстарды, Астана, Алматы, Шымкент алаларыны білім басармалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Исходящий номер: 5-04-02/3052-И от 22.05.2023



 

  Облыстардың, Астана, Алматы,

Шымкент қалаларының

білім басқармалары

 

 

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) республика мектептерінде 2023 жылғы 31 мамырда оқу сабақтары аяқталатынын назарларыңызға ұсынады.

  Соңғы оқу күнінде жалпы білім беретін мектептер бекітілген кесте бойынша сабақтар өткізеді және оқу күнін сынып сағатымен аяқтайды.

Соңғы сабақ күні барлық мектептер бекітілген кестеге сәйкес өз сабақтарын жүргізеді және оқу күнін сынып сағатын өткізумен аяқтайды.

Сынып сағатының мақсаты – оқу жылын қорытындылау және жазғы демалыс кезеңіне балаларды әзірлеу.

Сынып сағаттарының сценарийлерін педагогтер әр сыныптың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше әзірлейді. Сынып сағатында оқу үшін кітаптар тізімін, сондай-ақ қарауға болатын фильмдер тізімін ұсынып, қауіпсіздік шараларын, алдын ала жоспарланып ұйымдастырылған демалыстың артықшылықтарын, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігін, еңбек етудің пайдасын, ата-анаға, ата-әжелеріне көмектесудің қажеттілігін айтады.   

Сынып сағатында негізінен патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту тақырыптарына басымдық берілуі керек.

Министрлік Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны өткізуге қатысты барлық мектеп дәстүрлерін қолдай отырып, мектептердің салтанатты жиын өткізу туралы шешімнің дербес қабылданатынын хабарлайды.

Жоғарыдағыны ескере отырып, Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны ағымдағы жылғы 1 маусымда Балаларды қорғау күніне орайластырып және соның форматында өткізуді ұсынады. 

         2022-2023 оқу жылы 288 мыңнан астам түлек 9-сыныптарды және 172 мыңнан астам түлек 11-сыныптарды бітіруде. Бұл түлектердің алдында болашақ мамандығын таңдау және одан әрі білім алу жолын анықтау тұр.

9-сынып бітірушілер үшін қорытынды мектеп бітіру емтихандары  2 - 13 маусым аралығында өтеді,  ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5 – 19 маусым аралығында болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін дипломдарды салтанатты түрде тапсыру рәсімін 28 маусым мен 1 шілде
аралығында өткізу ұсынылады.

Жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11-сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектептерінің қабырғасында 20-22 маусымда өткізуді ұсынады.

Министрлік сынып сағаттары мен салтанатты жиын ұйымдастыру кезінде дипломдар мен сертификаттарды салтанатты түрде табыстау болатынын еске салады, педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, демалыс агенттіктерін, жеке студияларды тарту үшін ата-аналардан қаражат жинауға жол берілмейді.

Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық ретінде қаражат жинауға тыйым салынады.

Оқу жылының аяқталуы туралы ақпаратты Министрлікке ағымдағы жылғы 5 маусымға  дейін zha.kenzhebaeva@edu.gov.kz және zhadira_kz@mail.ru электронды пошталарына жолдауды сұрайды. 

 

 

   Вице-министр Е. Оспан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж.Кенжебаева, 74 27 14





Издатель ЭЦП - Удостоверяющий центр Государственных органов, Республика Казахстан, KZ, САБЫРҰЛЫ, ОСПАН ЕДІЛ