Файл: Xx асырды екінші жартысындаы білім беру жйесіні дамуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 64

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы

Бөлім:

9.2 Кеңестік заманның мәдениеті (1945-1985 жылдар)

Педагогтің аты-жөні

Арғынбай Ботагөз Қайнарқызы

Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.3.2.Білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

Сабақтың мақсаты

XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер арқылы мемлекеттік саясатқа баға беру

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы: (5 минут)

Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Сенің есімін» жаттығуы.
Жаңа тақырыпқа кіріспе:

«Блиц-кездесу»


Мақсаты: сынып ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.



Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. Мысалы: Дамир

Д- денелі

А-аяулы

М-мықты

И-инабатты

Р-романтикалы




1 слайд

-Мұғалім алдын-ала сабаққа қатысты сөздерді әзірлейді.

-Оқушылардың жауаптарымен жаңа сабақтың тақырыбы анықталып, сабақтың оқу мақсатын хабарлайды

- Екі оқушы біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап тұрады. Бірінші қатысушыда келесі оқушыға өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді(дерді) түсіндіреді

-Оқушылар сөздерді тауып, жаңа тақырыпты болжайды.

Мұғалімнің қолдауы: «Жарайсың!»;

«Өте жақсы!»

2 слайд

Сабақтың ортасы:

(20 минут)

«Нысанаға дәл тигізу!»

Видео бойынша саралау тапсырмалары

«Тдиаграммасы»

Оқушыларға арнайы дайындап қойған тапсырмаларды таратады (деңгейі бойынша А, В, С)


Тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушылардан түсінбеген жағдайаттарын сұрайды.

Оқушылар видео бойынша тапсырманы орындайды (деңгейі бойынша А, В, С)


Оқушылар XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі артықшылықтар мен кемшіліктерін анықтайды.


Өзін-өзі бағалау: Әр оқушы интерактивті тақтаға шығарылған дұрыс жауап үлгісімен тексеріп, өз-өзіне баға бере отырып, нысанаға белгілейді

«Архиватор 3,2,1» Мұғалім ұнаған 3 моментті атайды. 2 ұнаған іс-әрекетті атайды;1 күмән тудыратын жағдайды атайды.


https://www.youtube.

com/watch?v=pNzUv_

A6jS0


1, 2, 3 қосымшалар


Сабақтың аяғы:

(15 минут)

«ӘУЕ ШАРЫ»

Оқушыларға арнайы дайындап қойған тапсырмаларды таратады (деңгейі бойынша А, В, С)
Кеңестік білім беру саласындағы реформалар кезеңдерін жинақтау, маңызын анықтау

А, В деңгейі

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы орта білім беру саласындағы реформалардың маңыздылығын анықтайды

С деңгейі

1. Әуе шарында не болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты реформаларды жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс реформа, қаулы;

2.Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады;

3.Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты болуына кедергі жасайтын факторларды жазады;

4.Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.

5.Шарды бағытынан не шатыстыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.


«+ ; - ; керемет» тәсілі (мұғалім - оқушы арасында)

4, 5 қосымшалар






1 қосымша:

Сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. «Барлық жақсы дүние балаларға» деген ұстанымды қалай түсіндіресіңдер?

________________________________________________________________________________

  1. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кезеңде мұғалім мәртебесі қандай болды?

________________________________________________________________________________


Қала мен сол жерде ашылған жоғарғы оқу орындарын сәйкестендіріңдер:

  1. Қарағанды

А. Медициналық және мал дәрігерлік институты




  1. Семей

В. Ауылшаруашылық институты




  1. Ақмола

С. Медициналық институты




  1. Өскемен

Д. Педагогикалық және құрылыс-жол институты




  1. Ақтөбе

Е. Медициналық және тау-кен институты




1

2

3

4

5



















3 дәлел келтіріп, баға беріңдер

Кеңестік мектептерде қандай жүйе болды?




Жағымды/жағымсыз




















2 қосымша

Соғыстан кейінгі жылдарда ағарту ісіне бөлінетін қаржының көлемі арта бастады. Мектептерге көмек көрсетілді, қор жасау үшін жексенбіліктер ұйымдастырылды, малшы балалары үшін мектеп-интернаттар салынды. 1947 жылы “Қазақ КСР-де жоғары жəне орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары туралы” қаулы қабылданды.

Жоғарғы және орта білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы молайды.

1949 жылы жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды. Оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі бала саны 1948 жылы 200 мың болса, 1955 жылы 16 мыңға азайды.

1950 жылдары мектептерде политехникалық білім беруге, оқушыларды өндірістік еңбекке араластыруға, мектептің өмірмен байланысын нығайтуға бағытталған шаралар жүргізілді.

1959 жылы “Мектептің өмірмен байланысын нығайту жəне халыққа білім беру жүйесін одан əрі дамыту туралы” заң қабылданды. 1962-1963 оқу жылынан бастап 8 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек-политехникалық мектептерін құру, жұмысшы жастар мектептерін көбейту, мектеп-интернаттар жүйесін кеңейту шаралары көзделді.

1946-1956 жылдары кəсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 344,5 мың жас маман дайындалды. 1965-1966 оқу жылында 39 жоғары оқу орындарында 144,7 мың студент оқыды. Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білімді мамандар даярлау 11 есеге өсті. 1965 жылы халық шаруашылығында 0,5 млн-нан астам дипломды маман жұмыс істеді.

1970 жылдары жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды. Кабинеттік жүйені енгізу шаралары атқарылды. Ауыл мұғалімдеріне жеңілдіктер жасалынды. Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін тарату, әдістемелік жаңалықтарды енгізу жұмыстары жүргізілді. 1980 жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды. 1984 жылы кезекті мектеп реформасы басталды. Мектептің материалдық базасын нығайту, 6 жастан бастап оқыту, жаңа пəндер енгізу, мұғалім беделін көтеру қарастырылды.

Қазақ мектептерінің жағдайы ауыр болып қала берді. 1970 жылдары ірі агрокешендер құрылып, “болашағы жоқ” елді мекендер жойылып, шағын комплектілі қазақ мектептері жабылды. 1950-1970 жылдары орыс тілінде оқытылатын мектептер 1,5 мыңға артқанда, қазақ мектептері 3891-ден 2577- ге азайды.

1980 жылдардың ортасында ЖОО-ның саны 55-ке жетті. Бұл жылдары студенттік құрылыс отрядтары өріс алды. Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға жуық студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алды.

XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер

+ -

3 қосымша:
1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері шет елдерге танымал болды.

Д.В.Сокольский катализаторларды электрохимиялық əдістермен зерттеу мәселесін көтерді. Социалистік Еңбек Ері, академик У.М.Ахметсафин гидрогеология жəне гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті. М.А.Айтхожин бастаған ғалымдар тобы генетика мен микробиология саласында табысқа жетіп, өсімдік жасушаларындағы информасомаларды ашты. Академик А.И.Бараев басқарған Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауда зерттеулер жүргізді. Академиктер Ә.Х.Марғұлан мен Е.А.Букетов есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында кеңінен танымал болды. Ғалымдар аллергология, онкология, вирусология салаларында табыстарға жетті.


Республикада 40.377 ғылыми қызметкер болып, оның 864-і – ғылым докторы, 650-і – Ғылым академиясының академиктері, корреспондент-мүшелері, профессорлар. Қазақтар негізінен, ауыл шаруашылығы, медициналық, гуманитарлық ғылым салаларында жүрді. Жаратылыстану ғылымдары саласында қазақтар үлесі тым аз болды. Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі орыс тілінде жазылды. Қазақстан философтарының диалектикалық логика саласындағы еңбектері маңызды болды. 1970 жылдары құқықтық ғылымда жаңа бағыттар пайда болып, заң актілерін белгілеу жұмыстарына қатысты. Отырарда қазба жұмыстарын жүргізген археологтар табыстарға қол жеткізді. 1969 жылы Есік қаласының жанындағы қорғаннан сақ жауынгерінің табылуы дүниежүзі тарихшыларының назарын аударды.

Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым – қоғамдық ғылымдар. Ғалымдар ғылыми еңбектерін əкімшілік сызып берген шеңбер көлемінде ғана жазды. Ғылыми еңбектерді бағалау мен ғылыми дəреже беруді Мəскеу шешті. Жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан ғалымдардың сандық мөлшеріне шек қойылды. Қазақ халқының ұлт ретінде ыдырау жолына түсуі сырына үңілу талабы жасалмады.

Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды. Тəуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер буржуазияшыл-ұлтшыл ретінде сипатталды.

Кеңес билігі тұсындағы ауыр нəубеттердің сырын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізуге тыйым салынды.

XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер

+ -


4 қосымша:

«ӘУЕ ШАРЫ»

ЗЕРТТЕУ. ЖИНAҚТАУ
Кеңестік білім беру саласындағы реформалар кезеңдерін жинақтау. (қалыптастырушы бағалау)


  • Мамандар даярлауға Қазақстанға кәсіби мамандар жіберілді;

  • Республикадағы мектептер мен басқа да оқу орындарының құрылысына қаржы бөлінді

  • мaтериалдық-техникалық базасын жабдықтауға қосымша қаржы жүргізілді

  • Жастар жұмысқа қабылданды;

  • Мемлекет мектептердегі білім беруге мол қаржы бөлді

  • Қажеттігіне қарай кешкі және сырттай оқытатын мектептер ашылды;




  • Ә уе шарында не болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты реформаларды жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс реформа, қаулы;

  • Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады;

  • Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты болуына кедергі жасайтын факторларды жазады;

  • Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.

  • Шарды бағытынан не шатыстыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.





5 қосымша: Тапсырма

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы орта білім беру саласындағы реформалардың маңыздылығын анықтаңыз.

Реформалар

Реформалар маңызы



















  • Мамандар даярлауға Қазақстанға кәсіби мамандар жіберілді;

  • Республикадағы мектептер мен басқа да оқу орындарының құрылысына қаржы бөлінді

  • мaтериалдық-техникалық базасын жабдықтауға қосымша қаржы жүргізілді

  • Жастар жұмысқа қабылданды;

  • Мемлекет мектептердегі білім беруге мол қаржы бөлді

  • Қажеттігіне қарай кешкі және сырттай оқытатын мектептер ашылды;