Файл: Кмірсулар моносахаридтер, глюкоза. Жуан жне жіішке сратар дісі.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көмірсулар моносахаридтер, глюкоза.
«Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі.
- Сендердің ойларыңша көмірсулар дегеніміз не?
- Көмірсу жайында бұрын естігендерің бар ма?
- Глюкоза жайында ше?
AQPARAT
- «Көмірсу» деген атау ертеден қалыптасты. Алғашқы зерттелген көмірсулардың өкілдері химиялық құрамы көміртек пен судан құралған тәрізді болып, жалпы формуласы Сn (Н2О) m - ге сәйкес келді. Бірақ кейін бұл формулаға сәйкес келмейтін, ал қасиеті жағынан заттардың осы класына жататын қосылыстар табылды. Дегенмен «көмірсулар» атауы қазір де қолданылады.
- Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жеміс-жидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалық химияда реактив ретінде қолданылады. Өсімдік жемістерінде және жануар организмдерінде болатын жүзім қанты. Сахароза, лактоза құрамына кіреді және крахмал, гликоген, целлюлоза түзеді. Глюкоза маңызды зат алмасу азығы болып есептеледі, тірі тіндерді энергиямен қамтамасыз етеді. Адам организміндегі қандағы глюкозаның керекті мөлшері (100 мг % шамасында) гликогеннің синтезі мен ыдырауы арқылы тұрақтандырылады.
Топтар «Бірге ойлаймыз» әдісі
- Студенттерді топтарға бөліп, әр топқа бір тақырыппен бірге парақтар таратылады. Олардың міндеті интернет ресурстарын пайдалана отыра ақпараттар жинастыру. Соңында шығып әр топ постер қорғайды. Топ, топ мүшелерінің белсенділігіне қарай бағаланады.
«Менің тұжырымым дұрыс па?» ойыны
- Глюкоза жай зат;
- Онда тек қана 1 функционал топ бар;
- Глюкоза тотығады;
- Глюкоза тотықсызданады.
«Зейіні өте жақсы химик» ойыны
- Мынау сахароза С12Н22О10;
- (С6Н10О5) n)
- Лактоза - крахмалдың изомері;
- Целлюлоза - тармақталған полимерлер
«Сергіту сәті!»
Химиялық құттықтау
- Алтындай асыл, күмістей сабырлы, суда мөлдір, сүттей ақ біздің сүйкімді де сүйікті группаластарымыз. Сіздерге натрийдей белсенді, вольфрамдай төзімді, хромдай берік, осмийдей салмақты, қорғасындай мықты денсаулық тілейміз. Сіздерге Менделеевтің көрегендігін, Ломоносовтың ақындығын, Вородиннің сазгерлігін, Шееленің іздемпаздығын, Бутлеровтың батырлығын, Сәтпаевтың даналығын берсін. Әрдайым суда жүзген натрийдай, ауада қалықтаған оттегідей, сағаттағы фосфордай жарық.
Тапсырма
1 | Сүт қанты | А | Рибоза |
2 | Гидролизденгенде глюкозаның екі молекуласы түзіледі | Ә | 1936ж |
3 | Пентозаға жатады | Б | Фруктоза |
4 | Қант қызылшасынан және қант қамысынан алады | В | Мальтоза |
5 | Жеміс қанты | Г | 1963ж |
6 | Шу зауытынан өнім шығарыла бастады | Ғ | Лактоза |
7 | Тараз қант зауыты салынды | Д | Сахароза |
8 | Тәтілігі 48 болады | Е | Глицерин |
Рефлекия «Ауызша қоытындыла!»
Әр сдудент сабақтан алған әсерімен, үйренген жаңа ақпарттармен бөліседі.
Қорытынды. Тест сұрақтары.
https://wordwall.net/resource/55312245