Файл: аза тілінде жалауды 4 трі бар Кптік жалауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар:

Көптік жалғауы

Сөздер жекеше түрде де, көпше түрле де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар.

Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар,-лер, -дар, -дер,-тар, - тер

Тәуелдік жалғауы

Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың бірінші меншікті болып тұрады. Сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.

Мысалы:

Жекеше түр Көпше түр

І жақ -м, -ым, - ім, І жақ, -мыз, -ымыз, -міз, -іміз

ІІ жақ -ң, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, ІІ жақ –тарың,-терің,-дарың,-

-ңыз,-ңіз дерің,-ларың,-лерің, -тарыңыз,- теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз,-

ларыңыз,-леріңіз

ІІІ жақ -сы,-сі, -ы,-і, ІІІ жақ –сы, -сі,-ы,-і

Сөздердің тәуелденуі оңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып, екіге бөлінеді.

Оңаша тәуелдену: Ортақ тәуелдену:

Менің үй-ім, қалам-ым Біздің үй-іміз, қалам-ымыз

Сенің үй-ің, қалам-ың Сендердің үй-лерің, қалам-дарың

Сіздің үй-іңіз, қалам-ыңыз Сіздердің үй-леріңіз, қалам-дарыңыз

Оның үй-і, қалам-ы Олардың үй-і, қалам-ы

Жіктік жалғау

Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді.

Жақ Жекеше Көпше

I Мен дәрігермін, оқушымын Біз дәрігерміз, оқушымыз

ІІ Сен дәрігерсің, оқушысың. Сіз дәрігерсіз, оқушысыз

Сендер дәрігерсіңдер, оқушысыңдар. Сіздер дәрігерсіздер, оқушысыздар.

III Ол дәрігер, оқушы. Олар - дәрігерлер, оқушылар.

Септік жалғауы

Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді.

  1. Атау – кім? не?

  2. Ілік – кімнің? ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.

  3. Барыс – кімге? неге? қайда? –ға, -ге, -қа, -ке.

  4. Табыс – кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.

  5. Жатыс – кімде? неде? қайда? –да, -де, -та, -те.

  6. Шығыс – кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.

  7. Көмектес – кіммен? немен? –мен, -бен, -пен.