Файл: . Дтбаева атындаы Атырау гуманитарлы колледжі Мектеп блімі Бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

«Мектеп» бөлімі
«Бекітемін»

Директордың оқу әдістемелік

жұмыс жөніндегі орынбасары

___________Қабделова Ә.С

«______» ____________ 2023ж

«Бәрі де Ана, бір өзіңнен басталады»

Ұйымдастырушылар: 1-курс студенті Бисенғалиева Адина,

«Бастауыш білім беру» мамандығы 1(9)б тобы студенттері

Топ жетекшісі: Марал Хадимқызы

Атырау қаласы

«Бәрі де Ана, бір өзіңнен басталады»

Мақсаты:

-Ана мен баланың махаббатының адам өміріндегі маңызы;

-Балалардың мейірімділік, сүйіспеншілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

-өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту;
Жүру барысы:
Екеуі: Армысыздар, аяулы ұстаздар мен студенттер!
1-жүргізуші: Мынау жарық дүниедегі өрнекті , өркендеген өмір, құдіретті күн нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Ұлы ақынды да, ойшыл данышпанды да, ел басқарған елағасын да, ғалымды да өмірге әкеліп, әлпештеп өсіріп, ақ сүтімен нәр берген- Ана!
2-жүргізуші: Бүгін, міне, ерекше күн. Мерекеге келген ұстаздар да ерекше.
1-жүргізуші: Сөзің дұрыс. Сіздерден өскен балалар ,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті біздің арулар!
Назарларыңызда аналар мерекесіне арналған 1(9)Б топ студенті Тлегенова Камшаттың орындауында «Әке-Ана» әні.
2-жүргізуші: Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек.Жоқты бар, ашты тоқ ететін де ана. «Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды»-дейді дана халық.

1-жүргізуші:
Наурыз мейрамжүректерге нұр сепкен

Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем

Жарығыңмен шуағыңмен күн ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем

Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы ұстаздар мен аналар!

Ләззат: Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
Нұрлы:Сұлусындар күн нұрынан жаралған,

Шапақтарын бар әлемге таралған,

Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсын,

Орындалсын жүректегі бар арман.

Диляра: Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиетті – ананы
Дильнара: Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз-келіншек, нәзік жандар мейрамы-

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиетті - ананы.
Тілекші: Бар мейірімділік анада

Ана деген бір жанды

Мейірімділік ананың

Болмас еш бір адамда.
2-жүргізуші: Көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
1-жүргізуші: Назарларыңызда 1(9)Б топ

студенті Құрбанбекова Мақпалдың орындауында "Аяулы анам" әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, бүгінгі мерекемен тағы да құттықтай отырып, 1(9)Б тобы студенттерінің Жанар Хамитованың «Жанарымның нұры - сен» атты әніне шығарған биін ұсынамыз.


  1. жүргізуші: Назарларыңызда арнайы мереке қарсаңында 1(9)Б тобы студенттерінің түсірген видеороликті қарсы алыңыздар.




  1. жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендерініз үшін мында бір алғыс. Осымен нәзік жандылардың мейрамына арнап ұйымдастырылған «Бәрі де Ана, бір өзіңнен басталады» атты іс-шарамыз өз мәресіне жетті.


Екі жүргізуші: Қош сау болыңыздар!!!