ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әйтеке би «Қасқакөл дауы», С.Датұлы «Бала би мен Сырым», Бұқар жырау «Тілек», «Ай, Абылай, Абылай», «Асқар таудың өлгені» мазмұнына талдау жасау
Әйтеке би «Қасқа көл дауы»
Әйтеке бидің «Қасқакөл дауы» атты туындысы шешендік сөздің ішіндегі жер дауына жатады. Идеясы - үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу керектігінде. Оқиға Қасқакөл атты көлге таластан басталады. Төле би, Әйтеке би, Орманбет бидің келіспеушілігі дауға ұласады. Халық та жиналып, ақырында үй тігетін болып шешіліп, бәрі жиналады. Орманбет келіп, Төле мен Әйтеке биге сәлем береді. Төле би оған өзінің сөзін айта отырып, оның әлі жас екендігін, баратын жерге барғанын, ілгері жүріп, көңілдегіңді аларсың депті. Әйтеке би де оны қоштай келе, бір жақты шешімде болады. Сонда Орманбет Қасқакөлдің орта жүзге , өз жеріне жақындығын айтып, олардың қанағатсыздығына налиды. Төле би болса Қасқакөл үш жүздің ортасында екендігін айтып, жас балаға үш еншіге бөліп, жердің жеткілікті екендігін, көңілін олай тарылтпауға шақырады. Солай ауыр сөздер айтылып, Орманбет өз еліне қайтады. Үйіндегі анасына бар дауды айтып, оны естіген анасы баласының үлкен билермен сөз таластырғаны жөн еместігін, әлі де райынан қайтарып, жерді еншіге бөлуге шақырады. Анасының ақылын тыңдаған Орманбет үй тігіп, бие сойып Төле би мен Әйтеке биді шақырады. Ақыр соңында көлді ынтымақпен бөлісіп, бәрі риза болып тарқасады. Бұл жерден анасының даналығының арқасында Орманбет дұрыс шешімге келіп, билердің батасын алады.
С. Датұлы «Бала би мен Сырым»
Сырым Орта жүзге жол тартқанда сол елдің Бала би атты биіне кезігеді. Екеуі ұзақ әңгімелесіп, Бала би оған біршама сұрақтар қояды. Бұл туынды жалпы сұрақ және жауаптан тұрады. Оларға тоқтала кетсек, Бала бидің қойған кейбір сауалдары мен оған Сырымның қайырған жауаптары:
– Сөз анасы не,су анасы не,жол анасы не? - дейдi Балаби.
– Сөз анасы – құлақ, су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, – деп жауап бередi Cырым.
–Өтiрiк пен шынның арасы қанша жер, неше шақырым болар? –
дейдi Балаби.
– Өтiрiк пен шынның арасы төрт елi. Көз бен көргеннiң арасы,
құлақ пен естiгеннiң арасы неше шақырым деп менi алдамаңыз, –
дейдi Сырым.
– Ақылды қандай адамға айту керек?
– Ақылды ұққанға айту керек.
– Ат не үшiн, ал ер не үшiн шабады?
– Ат шабысына қарай шабады,ер намысына қарай шабады.
– Бұл дүниеде не тәттi? – дейдi Балаби.
– Аста тұз тәттi, адамда дос тәттi, – дейдi Cырым. Бала бидің сол атқа лайық болып, аталуы оның жастайынан зерек, ел мен жер дауына араласуы болды. Ал Сырым бұл жерде Бала бидің қойған сұрақтарына қысқа да нұсқа жауап беруімен ерекшеленген.
Бұқар жырау «Тілек»
Бұқар жыраудың «Тілек» толғауының негізгі идеясы - бірлік пен ынтымақтастықтың, татулық пен бейбітшіліктің , тәуелсіздіктің , адамгершіліктің маңыздылығы мен құндылығында. Ол осы толғауында адамзаттың өміріне керекті, жанына жақын болатын армандарын тізіп көрсеткен.
«Бірінші тілек тілеңіз,
Пиғылы жаман залымның,
Тіліне еріп азбасқа»,- деген жолында пиғылы тар, жаман адамның сөзіне ермеуге, рухы мықты адам болуға шақырған. Бұл жерден жақсыға қарай ұмтылып, ашық пейілді болу маңызды екендігін аңғарсақ болады. Екінші тілек ретінде аяулы жарыңды ардақтауға, басқаға тегін олжа болмауын қадағалап, тілеңіз деген. Үшінші тілекке жау желкілдеткен туымен, соншама қолмен келгенде сасып қалма делінген. Төртінші тілекте тар құрсағын кеңіткен анаңның қадірін білуге, барында бағалауға шақырады.
Бұқар жырау «Ай, Абылай, Абылай »
Ханның да кемшіліктерін қысылмастан айта білген «Бұқар жырау»,
«Ай, Абылай, Абылай» атты толғауында Абылай ханның шыққан тегінен бастап, ел басқарып, халықты өзіне қаратқан хан болғандығын айтады. Бұқар жырау қазақ халқының татулығын, ханның діл болуын, барша халықтың ханды қолдауын, оған бағынуға шақырған. Сол себепті де бұл толғауында Абылай ханға қателесіп, бұрыс әрекет істемеуге ескерткен. Сонымен қатар толғауда Абылай ханның несібесін жаттан іздегенін -батырлық деп, жалаң аяқ жар кешкенін - төзімділігі деп, құлдарды азат етуін – адалдығы деп, жақсы қасиеттерін осы жолдардан тізіп көрсеткен. Абылайдың ел ынтымағы жолында ұстанған саясаты толғаудың идеясы болып келеді.
Бұқар жырау «Асқар таудың өлгені»
Бұқар жыраудың бұл толғауының негізгі идеясы – ғибрат, өнеге. Ол адамның рухани байлығын жоғары қойып, оған дүниедегі байлық пен биліктің ешқашан тең келмейтіндігін айтқан. «Асқар таудың өлгені» деген толғауында мәңгілік ұғымы қарастырылады.
Асқар таудың өлгені-
Басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені-
Аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені-
Еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені-
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені-
Қар астында қалғаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Бұл жолдардан жырау адамның күші келмейтін, табиғат пен оның құбылыстарының бәрі де бір күні күшін жойып, жоғалатындығын айтады. Күшін жоймайтын екі нәрсені – жақсы адамның аты мен ғалымның сіңірген еңбектері өшпейтіндігін, олардың мәңгілік екендігін айтқан. Ч