Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 429
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
43. Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі.
Тарихта 1523-1538 жылдар қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі деп аталады. Осы тұста таққа Қасым хан ұлы Хақназар хан келеді-
1538-1580 жылдары отырды. Кейбір деректерде Ақназар депте атайды.
Хақназар қырғын соғысты болдырмай, дипломатиялық әдістерді тиімді пайдалан білді. Бұл оның басқа хандардан ерекшелігі.
Хақназар хан кезінде территория Сверд, Арал, Жетісу толығымен, Жайық сол жағалауға дейін жетті.
Хақназар хан маңызы
-территория ұлғайды
-жеке жара мемлекет ретінде танымал бола бастады
-билік күшейді
-ішкі және саяси жағдай тұрақталды
-мал шаруашылығы көркейді
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд-Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді.
Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады.
Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын өзіне қаратып алды. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс және солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті.1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауераннахрдағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, шайбанилық Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығайа түсті. Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған»
2. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек)
Өнердің көне ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе, Жетісу, Баянауыл, Қарқаралы, Маңғыстау, Қаратау, Шыңғыстау, Іле Алатауы, Тарбағатай, Алтай тауларында жартас гравюралар жиі кездеседі.Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мұрасы – көне заман жайында дерек беретін жәдігер.
Петроглиф (лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер.
3. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
Осыдан 5000 жыл бұрын адамдар мыс өндеуді үйрене бастады және мыстан жасалған құралдарды өндіріске енгізді.Бірақта металл тас құралдар қолданыстан шығып кеткен жоқ. Яғни тас пен мыстан жасалған құралдарды қолданған кезең бізде энеолит деп аталады. Бұл кезең б.з.б 3-2 мың(3000-1800) жыл аралығын құрайды. Осы кезеңде ең алғаш қолданылған металл "мыс" болып табылады. ("Энео" мыс, "литос"-тас деген мағынаны білдіреді.)Мыс-тас дәуірінде екі ірі өзгерістер орын алды. Ең біріншісі аналық рудың(матриархат) орнына аталық ру (пвтриархат) қалыптаса бастады. Себебі сол кездегі егіншілік және мал шаруашылықтары,металлды(мысты)өңдеу көп күшті талап етті. Осының арқасында аталық ру қалыптасып, еркектердің рөлі арта бастады. Адамдардың даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, ойлап тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталды. Тесені тас тісті ағаш соқа алмастырды, нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсті. Энеолитте қайтыс болған адамды қоныстың шетіндегі зиратқа жалғыз жерлеу, сонымен қатар қайтыс болған адамның бейнесін (маскасын) жасау дәстүрлері кездесті.Энеолит кезеңінде жаңадан діни түсініктер қалыптаса бастады.Мысалға анемизм ,тотемизм,фетишизм,магия секілді ұғымдар қалыптасты.Қысқаша айтып кетсек “анемизм" жан мен рухтың барлығына сену,”тотемизм" адамдардың шығу тегін табиғатпен (жануарлар мен өсімдіктер) байланыстыру ,”фетишизм" байырғы адамдардың белгілі бір материалды затты ерекше қасиетті деп табынуы.Діни түсініктердің пайда болуын неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқауға болады .Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінгендіктен , адамды бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салып жерлеген . Адамның маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған. Алғашқы адамдар бүкіл табиғатты жанды деп ойлаған.Күн мен айды Құдай деп табынған. Қайтыс болған адамдардың жаны аруақ денеден бөлек өмір сүреді деген.Ата-баба аруағына сиынып,оларға арнап құрбандық шалған.Адамдар табиғаттың дүлей құрылыстарынан өздерін сақтау үшін әр түрлі әрекеттер жасаған. Құлшылық еткен, құрбандық еткен билеген . Осының бәрі магиялық әрекеттер.Энеолит ескерткіштеріне Ботай және Шебір тұрағы болып табылады. Қола дәуірі б.з.б 2-1 мың жыл аралығын қамтыды.Осы кезеңде адамдар қалайыны ашты,оны мыс пен қосу арқылы “қола" алынды. Қола еңбек құралдары еңбек өнімділігі арттыруға ықпалын тигізді.Мысалы тас балтаға қарағанда қола балтамен ағашты үш есе тез шабуға мүмкіндік туды.Қоладан жасалған құрал саймандар: балта,пышақ,қанжар, жебе және найза ұштары,қайла, әр түрлі әшекейлер жасалды.Ағаштан үй салу, жиһаз,соқа , дөңгелек, жасауға жеткізді.Металл құралдарды пайдалану дөңгелекті ойлап табуға және дөңгелекті кеңінен пайдалануға әкелді.Ал дөңгелек көлік адамзат баласының ерекше жетістіктерінің бірі болып саналады.Қола дәуірінде тұрғындар рулық тайпалық құрылымында өмір сүрді. Алғашқы қауымдық құрылыстың қола дәуірінің соңына қарай ыдырай бастауы басталып,қауым мүшелерінің малы көп байлар,соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншікке әкелді.Көшпелілер малды өз меншігіне иеленіп,ал жер қауымның,рудың меншігінде қалды.Мал мүлік теңсіздігі шығуы барған сайын орнығып,әлеуметтік теңсіздік туғызды.Қола дәуірінде діни-наным сенімдер қалыптасып,жоғары дінбасылар абыздар пайда болды.Олар руды ежелгі салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын бұлжымай орындалуын қадағалады.Бұл дәуірінде мүддені “Жер ана" қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан.Адамды қабірге оң жамбасымен қырындап жатқызған.Түсінігінше:О дүниеде тіршілік жалғасады. Заттарын бірге көмген.Қола дәуірінде андрон және Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты.Андрондықтар күнге,отқа табынған.Қола дәуірінде адамдар табиғат күшіне сыйынған.Тотемизм,фетишизм,анимизм ғұрыптары болды. Олар жыртқыш аңдардың тісін бойтұмар тақты.
4. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Қазақстан жерiндегi ең жақсы зерттелген энеолиттiк ботай мәдениетi ескерткiштерiнiң негiзгi шоғырланған тобы Көкшетау облысында орналасқан. Олар б. э. д. III-II мыңжылдықтардағы жылқышы тайпалардың ескерткiштерi.
Ботай мәдениетi көршiлес орналасқан неолиттiк мәдениеттер атбасар мен маханжардың негiзiнде қалыптасқан. Осы мәдениеттiң басты қонысында жүргiзiлген ұзақ жылдық зерттеулер Ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға үйреткен тайпалар екендiгiн дәлелдейтiн материалдар бердi. Олардың мал өсiрумен қатар жер жыртып, егiн егумен айналысқандығы да анықталған. Мәдениеттiң басты ескерткiшi Ботай қонысынан табылған тастан жасалған пышақ, қанжарлар, найза, жебенiң ұштарымен қатар зубр, бұғы, қарақұйрық, киiк, аю, қарсақ, қоян секiлдi т.б. аңдардың сүектерi ботайлықтарда аңшылық кәсiптiң де осал болмағандығын бiлдiредi.
Ботай мәдениетiнiң материалдары Алтайдағы Афанасев, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым мәдениеттерiмен ұқсас.
Ботай мәдениеті: Көкшетау облсындағы бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған.Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығының) далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б ІІІ-ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Демек ол бір мың жыл болған.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құраған тайпалар қатысты. Оның қалыптасу барысында Шығыс Каспаий маңы өңірімен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В.Зайберт ашты. В.Н. Логвин С. Қалиева оның батыстық нұсқасын терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде басқа мәдениеттің ықпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б.з.б ІҮ мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында – Бестамақ, Тщұздыкөл, Либановка, Құмкешу, Қожай, Дұзбай-3, Көкшетау облысында Ботай, Красный-Яр Васильков-4 қоныстары ашылды барлығы 20 дан астам қоныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері Торғайдың Терісаққанның жоғарғы тобылдың Обағагнның Шағалалының Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 га жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болзып табылады. Ол шамамен 200 жылды – б.з.б ХХІҮ-ХХІІ ғысырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңғы кезеңде салынғаны аяқталды. Мұндай томаға тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30 дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға болады. Ені – 4-8 м болртын ал ұзындығы 50м дейін жететін паралель көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған.
Тұрғын былайша жазылған. Тереңдігі 1м дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4-8 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде шығарылған балшық шұңғыр қазылған. Қазу кезінде шығарылғанбалшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған қабырғаларға төбесі тарыла беретін шеген түрінде бағаналар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен жабылып бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылған. Кіретін есік қабырғада ойық түрінде қалдырылып оның сыртында шағын шағын дәліз болған. Ішінде ортадағы шұңқырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы – шаруашылыққа арналған орын төрде ұйықтауға арналған жер. әдетте қабырғаның бүйір жағынан азық – түлік сақтау үшін шұңқыр қазылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта құрылыс сипаты біршама өзгеше: қабырғаларының ағаштан салынуы ықтимал.
өндіріс шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан сазбалшықтан сүйектен жасалды. Құрал саймандар тұрғындардың шаруашылық укладының күрделі екендігін көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйрете бастағанын дәлелдейі. Тас тоқпақтар пышақтар қанжарлар боластар жебелердің сүңгілердің найзалардың үштары аң аулаумен байланысты құралдар.
Орасан зор мөлшердегі остеологиялық материалдардың басым көпшілігі жылқы сүйектері. Мәселен ботай қонысында 70000 жылқының сүйегі табылды. Сондай-ақ зубрдың турдың бұланның еліктің аюдың иттің түлкінің қарсақтың түйенің құндыздың суырдың қянның қабанның құстардың сүйектері бар.
Жерлеу ғұрпы мен бірқатар симболдық заттар тотемизмнің бабаларға табынуын көрсетеді.
5.Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы.
Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды.Қола дәуіріндегі Қазақстан
Дәуірдің ерекшеліктері. Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның калыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарың жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер кұрды; бүлардың калыптасуында соғыс кақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды.Тас және балшық құйма қалыптарда шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті құралдар (орақ, балта, қанжар, пышақ, найза мен жебе ұштары, т.б.) құйылды. Сәндік заттар (ілгек, тізбек, білезік, моншақ, өңіржиек, сырға, т.б.) жасалды. Қазақстан аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың әр түрлі материалдан (металл, тас, сүйек, қабыршақ) алуан түрлі заттар (еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар) жасауда жоғары шеберлікке жеткені аңғарылад
Кейбір ескерткіштер көрнекілігімен, құрылыстарының күрделілігімен ерекшелінеді. Мыстытас, Беғазы ескерткішін тұрғызу үшін салмағы 3 тоннаға жететін алып мәрмәр тастар қолданылған. Батыс Қазақстандағы Тастыбұтақ 1 (Федоров кезеңі) қорымында мәйіттер қабірге немесе жалпақ тастан жасалған жәшіктерге салынып жерленген. Кей жағдайларда мәйітті өртеу рәсімі де кездеседі. Орталық Қазақстанның Нұра кезеңіне жататын жерлеу рәсімі, негізінен, мүрдені өртеп тас жәшіктерге немесе табытқа салу болды.
6.Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
Ешкіөлмес петроглифтері - Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан территориясында орналасқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына» 1998 ж. 28 қыркүйекте А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған
Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен рулық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді.Тамғалы шатқалы петроглифтерінің бірегейлігі мен жалпы халықтық құндылығын әлем қоғамы мойындаған, 2004 жылы олар ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылған. Осы кезден бастап ескерткіш Бүкіл әлемдік мәдени және табиғи мұрасын қорғау жайындағы халықаралық Конвенциясының қорғауы астына алынған.
Тамғалы шатқалы Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде орналасқан. Тамғалы бұл – көне көркем галерея, оның суреттерінде бөлек жануарлар мен адамдар және көне адамдар өмірінлерінде болған көріністер бейнеленген. Бұл Жетісу жартас бетіндегі суреттерінің 50 орталықтарының және Балхаш алқабы аумағының белгілі орталығы болып табылады. Тамғалыда жалпы 5000 сурет бар. Барлық табылған петроглифтер б.з.б. ХIV ғ. бастап б.з. VI -VIII ғғ. дейін, яғни қола дәуірінен бастап түркі халықтарының Ұлы даланы игеруге дейінгі кезеңмен даталанады. Бұл Қазақстанда көрсетілген ең танымал және жақсы зерттелінген ерте заман адамдарының шығармашылық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Ғибадатхана кешенінде бірден алты хронологиялық кезеңдері көрсетліген: орта қола, кейінгі қола, ерте номадтар, сақ, үйсін және түркі кезеңдері.
7.Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.
Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс оны адамзат дамуындағы жоғары, жазу сызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" үштағаны арқылы) ретінде сипаттады.Рухани мәдениеті.Ұлы Дала төсі айрықша жауынгерлік рух пен ізгілікті дүниетанымды қалыптастырып, ұрпақтардың тарихи жадындай эпостык шығармалар арқылы кеңістік пен уақыт өрісіндегі оқиғалар тізбегін жоғалтпай, жіпке тізіп отырды. Кез келген көшпелі, қарапайым дала тұрғыны өз халқының бүкіл тарихи-мәдени, адамгершілік тәжірибесі жинақталған ауыз әдебиеті нұсқаларын — жыр-толғауларды, аңыз-әпсаналарды, т.б. жатқа білді. Сол арқылы Әлемдік өркениеттің тарихи ауқымымен біте қайнасып, өзіндік бітім-тұрпатқа ие деңгейде өмір сүріп жатты.
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Моңғолия, Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады.
8.Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.
Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезеңін ерте темір дәуірі деп атап кеткен.
Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металлмен байланысты болды.
Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды.
Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ.
Шаруашылығы:Жана және кейінгі жана заманның евроцентристік ғылымы дала жағдайында мал шаруашылығын өрбітудің бұндай айрықша түрлерін "көшпелі "жартылай көшпелі" шаруашылык деп атады.
Мал шаруашылығын жолға қоюдың жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикалық дамуының нәтижесі болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, беғазы-дәндібай заманында қаланды.Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі..
9. Тасмола мәдениеті: қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері.
Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.
Сарыарқаның ерте темір дəуірі ескерткіштері "тасмола мəдениеті" деп аталады.
Алғашқы ескерткіштері табылған жер – Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірі. Бұл мəдениетті исседон тайпалары қалдырған.
Тасмола мәдениетінің ерекшелігі – “мұртты обалар”. Ол екіжерлеу орнынан тұрады. Обалардың біреуіне адамды, екіншісіне атын жерлеген.Обаларданшығысқақарайтастанқаланғанмұртқаұқсасекітасқұрылыстартылған.
“Мұртты обалардың” 4 түрі кездеседі. Біріншісі – үлкендеу обаның шығыс жағынан салынған кішілеу оба. Екіншісі – екі оба оңтүстіктен солтүстікке қарай қатарсалынады. Үшіншісі – алдымен үлкен оба салынады, оныңүстінен кіші оба тұрғызылады. Төртіншісі – үшіншіге ұқсас, бірақ бұл обалардың ара жігін қазба барысында ғанаанықтауға болады.
“Мұртты обалар” бағдаршам рөлін атқарған. Белгілібұрышпен салынып, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыстыкөрсеткен.
Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946 – 59 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетек. Ә.Марғұлан мен оның шәкірті М.Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады.
Обалардан алынған заттық деректерге сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; ә) ат әбзелдері; б) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар. Тасмола қоғамында қола құю ісінің үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен қатар темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) өзінде-ақ пайда болған.
Ертеден қалыптасқан дәстүрлі пікір Тасмола мәдениетін Иран тілдес тайпалармен байланыстырады, сонымен бірге, оны байырғы түркілерге жатқызатын көзқарастар бар. Еуразияның басқадай скиф-сақ мәдениеттерінде ұшыраспайтын ерекше ескерткіштер болып саналатын “мұртты обалар” семантик. тұрғыдан ортағасырлық түркілердің тас балбалдар қатары шығысқа тартылған ғұрыптық қоршауларына біршама ұқсас.
10. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.
Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең – байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген.Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар) туралы баяндалады.
Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, қаспилер, аргипейлер және т.б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер – Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар – Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар – Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар – Шығыс Қазақстан аумағын, қаспилер – Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер – Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген. Деректерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығымен айналысып, жылқы, ірі қара, қой өсірген. Мал шаруашылығының үш түрі болды: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Сақтарда түйе өсіру Батыс және Оңтүстік Қазақстан аймақтарында өркен жайды. Олар атқа керемет мініп, садақ атуды өте жақсы меңгерген.
Жазбаша және археологиялық деректер б.з.б. VІІІ-VІІ ғғ. Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеті - Ассириямен және Мидиямен, ал б.з.б. VІ ғасырдың ортасында Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарихи оқиғаларға қатысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Мидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алады. Кейінірек Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болып жорыққа аттанады. Бірақ, оның жорығы қатты қарсылыққа кездесіп, соңында Кир бастаған парсылар сәтсіздікке ұшырап, әскерлері талқандалып, өзі қаза табады. Герадот мынадай аңыздық мәліметтерді келтіреді: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың патшайымы Тұмар (Томирис) торсыққа қанды толтыра құйғызып,
«Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» деп оған Кирдің басын салдырған.
Б.з.б. 518 жылы I Дарий, өзінің алдындағы патша сияқты, массагет- сақтарға қарсы жорық бастады, бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарихшысы Полиен массагет-сақтардың парсыларға қарсы күресінің қызықты бір оқиғасы жайындағы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға қашып өтеді, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өз руластарынан кек алғысы келетінін мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардын көбі қырылып калады.
Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының тянь-шань қарағайлары бөренелерінен тұрғызылған ірі жерлеу құрлыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері.Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның басынан аяғына дейінгі киімдері алтынан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» стиліндежасалған.
Батыстың савромат тайпалары Қара теңіз өнірінің скифтерімен көрші болды. Олар б.з.б. үшінші және б.з. төртінші ғасыр аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген. Олар алғашында, б.з.б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б.з.б. II ғасырдан бастап ірі саяси одаққа бірігіп, Оңтүстік Орал, Еділ бойына, Қазақстанның батыс аумағына қоныстанған. Б.з. IV ғ. ғұндардан жеңіліп, батысқа қарай қоныс аударған.
Сарматтардың саяси одағының батыс тобы Солтүстік Кавказ, Солтүстік Қара теңіз жағалауы елдерінің ежелгі тарихында елеулі рөл атқарды. Б.з.б. II-I ғасырларда олар Скифияның көп бөлігін жаулап алып, Қырым мен Солтүстік Қара теңіздегі антикалық қалаларға қоныстанған.
Сарматтардың шығыс тобының Орталық Азия мен Хорезм, Сырдария бойы сақтарымен байланысты болды. Жауынгер сармат тайпалары дах (дай) массагеттермен туыс болған. Сарматтардың тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сарматтардың құрамында роксоландар, аландар, аорстар, сирактар т.б. тайпалар болған.