Файл: орыт туралы аыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қорқыт туралы аңыз

      Қорқыттың ауылы Сырданияның жағасында болыпты. Асқан күйші, қобызшы Қорқыт бір күн де үйінде отырмай, ылғи ел кезіп, қобызбен күй тартады екен. Күйді құмарланып тартқан сайын, Қорқыттың өлім жайлы қайғысы жеңілденіп, жоғала беріпті. Бір күні түсінде тәңір аян беріп, Қорқытқа айтыпты:

-          Сен өлімді ауызыңа алмасаң, саған еш уақытта өлім жоқ.

     Бұдан кейін бір талай заман өтеді. Күндердің күнінде ел аралап жүріп, бір ауылда отырса, байлаулы тұрған өгізі далаға қашып барады екен. Өгізін қуып жүріп: «Мұны өлсем де, ұстай қоймаспын» - депті. Осы сөзді ашу үстінде айтарын айтса да қатты өкінеді. Түс көргеннен бері, міне, өлімді бірінші рет аузына алып отыр. Енді өлім тырнағына ілінгені ме? Жоқ, бұл жерден кету керек. Астына желмая мініп, желдіртіп, дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Дүние кезіп жүріп, өлім құрығынан құтылмасын білген соң, Қорқыт өзінің туған жері, сүйікті мекені.

-          Сырдарияға қайтып келеді.

    Құрғақ жерде тұрса, бір күні ажал келер деген қауіппен, бір қырмызы масаты кілемді алып, Сырдарияның суына төсеп, сонда қобызын тартып тұра беріпті. Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтатып, Қорқыт күйін тыңдапты. Сарыарқаның жан – жануарлары мен аңдары да Сырдарияның жағасына келіп, Қорқыт күйіне құлақ құрышын қандырады. Сырдария ағысын тоқтатыпты, үстіне төселген Қорқыттың кілемі суға не ағып, не батып кетпей, көп заман су ортасындағы кемедей қалқып тұрып алып, Қорқытқа өлім келтірмейтін арал болыпты.

     Қорқыттың күңіренген күйлерін балқып тыңдаған ажал да бұған жақын келе алмапты. Қорқыт осылайша күндіз – түні ұйқы көрмей, қобызын тартып, өліммен алысыпты. Көп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып кетеді. Қорқыттың ізіне түсіп аңдыған ажал осы кезде жылан күйінде жорғалап келіп шаққанда, Қорқыт осыдан ауырып өледі.