ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: «Мейірімі мол - Жандар»
Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, патронаттық тәрбиедегі балаларға, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Жүргізуші:
Керекті материалдар: слайдтар, интерактивті тақта, балалардың шығармашылық жұмыстары, фотогаллериялар көрмесі, мақтау қағаздары
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ата-аналар және де ұстаздар. Қазақстан Республикасында 2010 жылдан бастап, «Қамқоршы күнін» мерекелеу дәстүрге айналды.Ендеше бүгінгі мектебімізде қамқоршылық күніне орай ұйымдастырылып отырған «Мейірімі мол жандар» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты сіздердің бойларыңыздан табылған асыл қасиеттеріңіз үшін бас иеміз! Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген отбасыларымыз Аюповтар отбасы мен Куталиевтер отбасын сахна төріне шақырамыз.
Жүргізуші:
Таныстыру:
-
«б» сынып оқушысы Галимжанова Жансаяның қамқоршысы нағашы атасы АюповХамидолла
-
«а» сынып оқушысы Қайратов Фархадтың қамқоршысы нағашы атасы АюповХамидолла
3.3 «а» сынып оқушысы Таниев Бекарыстың қамқоршысы Куталиев Ғаділбек
4. 1 «б» сынып оқушысы Бисембиева Аделинаның қамқоршысы Есенов Серік қол соғып қошемет көрсетіп отырыңыздар.
Сөз кезегін мектеп директоры Далиев Асылбек Қайбошұлына береміз.
Слайд:
Жүргізуші: Әр бала бақытты болуға лайықты.Әрқашан мейірімділік деген сөз бәріміздің құлағымызда және мейірімділік көрсеткен адам өзін-өзі тамаша сезінеді.Өйткені ол адамзаттың қанына сіңген қасиет.Жүрек жылуларын, махаббаттарын, мейірімділіктерін сыйлаған жандар.
Өтеді ғой, өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді, таңды мына.
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына дей келе мына экранға назар аударайық. Монолог (бейнеролик)
Жүргізуші:
Бала өмірдің гүлі, біздің болашағымыз деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамымыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқаруда. Аялы алақандарыңызбен әлпештеп, жүрек жылуын әр балаға сеніммен адалдықтың нұрын ұялата білген мейірімді жандар сіздерсіздер. Сіздердің жасап жатырған жақсылықтарыңыз әр адамның қолынан келе бермейді. Сіздер балаға үлкен бақыт сыйлап отырсыздар.Ал сіздер өздеріңізді бақытты сезінесіздер ме? Өз ой пікірлеріңізбен бөлісіп отырсаңыздар? Бүгінгі кешіміздің қонақтарына сөз кезегін берелік.
Ән: _Ана тілегі-Агайдарова Асемай
Жүргізуші:
Бақыт деген – сенің бала күндерің
Бақытсыз - ақ бақытты боп жүргенің
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның – күлгенің-деп кезекті аяқталмаған сөздерге берейік.
-
Баланың ең бақытты кезі балалық шағы, алайда осы балалық шағын бақытты өткізу үшін біз не істеу керекппіз? -
Балаңызды үйде қалай мақтайсыз, қалай еркелетесіз? -
Балаңызбен жақын сырласасыз ба?
Жауапарыңызға рахмет дей келе кезекті әдемі әнге берейік.
Ән: Менім әкем жақсы адам орындайтын Махамбетов Арсен
Жүргізуші:
Махабат қайда деме-жүрегіңде,
Шапағат қайда деме-тілегіңде.
Берекем қайда деме-отбасыңда,
Мерекем қайда деме-көп қасында.
Ай, Күнім қайда деме-аспаныңда
Байлығым қайда деме-бас жағыңда,
Тірлігім қайда деме- таң атқанда,
Ырзығым қайда деме-Жаратқанда- деп Исрайл Сапарбай ағамыз жырлағандай отбасымыз берекелі, мерекелі болсын демекпіз.
Ән-«Бір шок гул» Ихсанов Икрам
Алақанның жылуын,
Сыйладыңыз бізге.
Алғысымыз шексіз
Қамқоршылар сізге
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бақыты үшін баланың
Аман жүрші қамқоршым.
Жүргізуші:
Шашылайын шұғылаң болып,
Шырқа көңіл бүгін ән болып.
Аман есен жүрсеңдер екен,
Бет түзейтін құбылам болып.-деп Ән Жанымда бол-Арсен,Алина
Қамқоршы ата-аналарға мектеп ұжымы атынан алғыс хат табысталады.
Жүргізуші:
Сөз кезегі мектепішілік қамқоршылар кеңесінің мүшесі Жұмахметов Жиенбайға беріледі.
(Мектеп ұжымына алғыстарын айтты)
Осымен өткізілген «Мейірімі мол жандар» атты мерекелік шарамызды аяқтай келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айтамыз.
Бала – бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош, Сау болыңыздар!
Н.Гоголь атындағы жалпы орта мектебі бойынша
қамқоршылар күніне орай "Мейірімі мол жандар"
атты кездесу кешінен
хабарлама
2018-2019 оқу жылы
Мектебімізде 2018-2019 оқу жылында 25 қазан қамқоршылар күніне орай "Мейірімі мол жандар" атты қамқоршыларымызбен кездесу кеші болып өтті. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты сіздердің бойларыңыздан табылған асыл қасиеттеріңіз үшін бас иеміз! Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген
отбасылар Аюповтар отбасы, Есеновтар отбасы , Куталиевтер отбасы ортаға шақырылды. Олар:
9«б» сынып оқушысы Галимжанова Жансаяның қамқоршысы нағашы атасы Аюпов Хамидолла
9«а» сынып оқушысы Қайратов Фархадтың қамқоршысы нағашы атасы Аюпов Хамидолла
3 «а» сынып оқушысы Таниев Бекарыстың қамқоршысы Куталиев Ғаділбек
1 «б» сынып оқушысы Бисембиева Аделинаның қамқоршысы Есенов Серік.
Әр бала бақытты болуға лайықты.Әрқашан мейірімділік деген сөз бәріміздің құлағымызда және мейірімділік көрсеткен адам өзін-өзі тамаша сезінеді.Өйткені ол адамзаттың қанына сіңген қасиет. Жүрек жылуларын, махаббаттарын, мейірімділіктерін сыйлаған жандар. Кездесу кешіміз концерттік бағдарламаға жалғасып, қамқоршыларымызды құттықтау, алғыс білдіру марапаттау мектеп директоры А.Далиеве берілді. Соңында алғыс хат табысталып, сөз кезегі қамқоршылар кеңесінің мүшесі Ж. Жумахметовке берілді. Қамқоршыларымызға сыйлықтар табысталып, қамқоршы ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, алғыстырын айтты. Кездесу кеші ойдағыдай өтіп, газет бетіне мақала жарияланды.
Әлеуметтік педагог: А.Абугалиева