Файл: Пні аза дебиеті Мектеп 4жоббм Кні 11. 04. 23ж Малімні атыжні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 32
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пәні: Қазақ әдебиеті Мектеп: № 4жоббм Күні: 11.04.23ж Мұғалімнің аты-жөні: Тұяқова З.К Сынып: 5 а,ә Қатысқандар: Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Нұрдаулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» Келіңдер, ертегі айтып берейін | ||||||||||
Оқу мақсаты | 5.1.2.1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. | ||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: Оқиға желісіне сәйкес тапсырмаларды орындайды,әңгіменің сюжеттік дамуын баяндайды; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Әңгіменің негізгі оқиғаны ретімен жүйелеп, сипаттайды, әңгіме кейіпкерлерінің қасиеттерін сипаттай отырып,қорытынды жасайды; Кейбір оқушылар орындай алады: Өз ойын анық,толық жеткізеді,өз пікірін әңгімеден және өмірден мысалдар келтіре отырып дәлелдейді; | ||||||||||
Бағалау критерийі | -Әңгімені оқып, түсінеді. -Әңгімені оқиға желісімен баяндайды. -Өмірмен байланыстырып,дәлелдейді. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Педагог іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 10 мин | Психологиялық ахуал орнату. Сабақтың ұранын айту. Топқа бөлу. «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу. Ой қозғау. Суреттер арқылы бүгінгі тақырыпты ашу.
Өздеріміз білетін әжелер туралы айтып көрейік Демек бүгінгі сабағымызда Нұрдаулет Ақышевтің «Нағыз әже қайда?» әңгімесімен танысамыз. «Графикалық органайзер» әдісінің «Уақыт тізбегі». Автордың өмірбаянын уақыт тізбегіне салады.
1. Нұрдаулет Ақыш кім? 2. Жазушы қай жылы,қай жерде туылған? 3. Жазушының қандай шығармалары бар? 4. Жазушы қандай сыйлықтардың иегері? | Әженің әртүрлі әрекеттреіне суреттер. 4 топқа бөлінеді Сауалдар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталады: | Ауызша мадақтау | Суреттер | |||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Мағынаны тану.Топтық жұмыс. «Пирамида құру» әдісі. Әңгімені 4 топқа бөлемін. 1.Оқушылар жеке мәтінді оқып , танысады,өзіндік пікір қалыптастырады. 2. Оқушылар оқыған мәтінді жұпта талқылап, идеялармен бөліседі. 3.Оқушылар мәтіннен алған әсерін топта талқылап,қортындылайды,ортақ шешімге келеді. 4.Соңында оқушылар берілген мәтін бойынша оқиға желісін плакатка жазып,тақтаға іледі. Сөздікпен жұмыс 1. Ұршық – жүннен жіп иіруге арналған жеңіл аспап, жіп иіретін құрал. 2. Мәсі – былғарыдан, шегіреннен тігілетін аяқкиімнің бір түрі, мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киіледі. 3. Кимешек – қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық баскиімі. Кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жауыры- нын жауып тұрады. 4. Шылауыш – кимешек үстiнен байланатын үлкен ақ шаpшы оpамал; жаулық. 5. Сөзуар – шешен, тiлмаp, сөзшең. 6. Бүйректен сирақ шығару – болымсыз нәрседен шатақ шығару, орынсыз жерде сөйлеу. 7. Нанымды – негізі шынайы, шын, дұрыс деген. Бұл жерде: “шыққан жоқ” күрделі етістігі қосылып шынға, расқа ұқсамайды, яғни көмескілеу болды деген мағынаны білдіріп тұр Жұптық жұмыс. 1-топ«Үш сөйлеммен ой түйіндеу» әдісі 1.Әңгіменің негізгі идеясын үш сөйлеммен тұжырымдап, ойымызды түйіндеп жазу. 2-топ Ұршық, мәсі, шылауыш, кимешек сөздерін синонимдерімен алмастырып, сөйлем құрайық. Осы заттарды көргендерің бар ма? Мақал-мәтелдермен түйіндейік. 3-4-топ. «Аялдама» әдісі. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау. 1-аялдама. Оқиғаның басталуы – 2-аялдама.Оқиғаның дамуы – 3-аялдама.Оқиғадағы шиеленіс – 4-аялдама. Шарықтау шегі – 5-аялдама. Оқиғаның шешімі – Жеке жұмыс. «Төрт сөйлем» әдісі арқылы әңгіме туралы пікірлеріңді білдіріңдер: 1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар немесе жазыңдар. 2.Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлем мен дәлелдеңдер. 3.Мысал. Пікірлеріңді өмір мен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер. 4.Қорытынды. Шығарма мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар. | Дескриптор Әңгімені оқып, түсінеді. Әңгіменің ортақ шешімін табады. Әңгімені оқиға желісімен баяндайды. Кері байланыс: «Маған 3 нәрсені айт»әдісі. Сабақта не өттік? Неден табысқа жеттім? Нені терең білгің келеді? деген сұрақтарға жауап береді. Дескриптор - Әңгіменің негізгі идеясын 3 сөйлеммен жазады. - Әңгімеден берілген сөздердің синонимін жазады - Аялдама бойынша әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасай алады. Дескриптор -Өзіндік пікірлерін жазады. -Пікірлерін дәлелдейді. -Пікірлерін өмірмен байланыстырып мысал келтіреді. -Әңгіме бойынша қоытынды шығарады. | ҚБ. «Бағдаршам»әдісі ҚБ. «Бағдаршам» әдісі | Оқулық 5 –сынып «Қазақ әдебиеті». Авторлары:Б. Керімбекова, Ə. Қуанышбаева Алматы “Мектеп”2017 ж.(103-106 беттері.Жоба) Түсіндірмелі сөздік Қызыл,сары,жасыл түсті қағаздар Қызыл,сары,жасыл түсті қағаздар. | |||||||
Сабақтың соңы 10 минут | Рефлексия: «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі
Үйге тапсырма:Әңгіменің мазмұны | Стикерлер |