Файл: Бекітемін Кні 13. 04. 2021 ж.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:_______________

Күні: 13.04.2021 ж.

Сыныбы: 5 «А, Г» сыныбы

Ұйымдастырушы: Есет Еркебұлан

Сайыс тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың  информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтыңәдісі: топтық жұмыс.

Cабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 3 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады.

Мұғалім:

Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге,  информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.

Сайысқа  қатысатын  командалар:

І топ: «Ақпарат»

ІІ топ: «Компьютер»

 Сайыс    7 кезеңнен  тұрады.

1 кезең:  «Сәттілік»

 2 кезең: «Шешімін тап»

3 кезең: «Кім жылдам»

4 кезең: «Мақал-мәтелдер орталығы»

5 кезең «Сергіту кезеңі»

6 кезең: «Тапқыр  достар»

7 кезең: «Жорға» топбасшылар  сайысы

Алдағы  біз баратын бағыт  анық
,

Озат жан  екеніңді тағы  таныт

Информатика  әлеміне  аяқ  басып,

Компьютер тілінде  біз  жарысалық.

.

1-кезең”Сәттілік кезеңі” Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын айтады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 1 ұпай.

 

«Ақпарат» тобының сұрақтары:



Сұрақтар

Жауаптар

1

1 байт неше биттен тұрады?

8

2

Ақпараттық процестер? 

сақтау, алмасу, өңдеу

3

Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады.

ALT+F4

4

Компьютердің ең негізгі құрылғылары?

жүйелік блок, пернетақта, монитор

5

Ақпаратты кері кодтау қалай аталады?

декодтау

6

Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі

Caps Lock

7

Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы

принтер

8

Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды

1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде

9

Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель

шина

10

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу

кодтау

 «Компьютер» тобының сұрақтары:



Сұрақтар

Жауаптар

1

Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ

тапсырмалар тақтасы

2

Windows сөзінің қазақша аудармасы

терезе

3

Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ

терезе

4

Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер

таңбашалар

5

Жою пернесі

Delete

6

Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады

корзина

7

Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне

Delete

8

Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне жасаған әрекетті болдырмайды

Ctrl+Z

9

Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

есептеу

10

Сурет салуға арналған бағдарлама

Paint








2-кезең. Шешімін тап!!!  Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың топ  басшысы ойынды бастайды. Топ басшылары  ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 1ұпай.



1-топтың жұмбағы:

1) Батырманы басасың,

     Қажетіңді ашасың.

                               («Еnter» батырмасы)

2)    Төртбұрышты әйнек,

     Тұнып тұрған  әлек ( монитор)

 

3) Компьютермен енеді,

     Қағазға басып береді.

                               (Принтер)

4)    Компьютеріңз  ауырса,

       Қызметі  дайын  үнемі

       Кірген  зиян  залады,

       Күмәнсыз  ол  кетірер. ( антивирус) 



2-топтың жұмбағы:

 

1) Ақпаратты сақтап таратқан,

    Жұртты өзіне қаратқан

                              (Тасымалдаушы дискілер)

2)    Әуез сазды  беретін,

             Ол да  керек  құрылғы,

            Дыбыс  шықса  тосыннан,

            Бәрің соған  бұрылдың. ( колонка)

 

3)    Бар нәрсеге жетік

             Миы күшті тетік

             Ол арқылы сөйлесіп

             Кетесің шетелге де өтіп.  ( компьютер)

 

4)    Әдетте үнсіз тұрамын

             Белгі берсең ұғамын

             Жазуы бар қағаздың

             Құралы боп шығамын  ( принтер)

 

 Әр жүйріктің жететін  мәресі  бар,

         Биіктерге  жете алмас  өресі тар.

         Екеуінен сүрінбей өтіп кеттік,

         Қалғандарын ойнауға қалайсыздар.

3-кезең. «Кім жылдам» Бұл кезеңде екі  топқа  М, Д, П   әріптері  таңдау  арқылы    беріледі. Таңдаған әріптен басталатын информатикалық  сөздер  жазу  керек. Қайсы  топтан көп  жазады, сол жеңіске  жетеді.

Модем, монитор, маркер, меню, микропроцессор, микрофон, масштаб, меңзер, мәтін т.б.

Диск,  дискжетек, дискета, драйвер, дисковод, диспетчер, диаграмма,  документтер, деректер т.б.


Процессор, программа, принтер, пернетақта, перне, пиксель, паскаль, процедура,пайдаланушы  т.б.

4-кезең: «Мақал мәтелдер  орталығы»

Өнегелі өрелі ұлымыз  бар,

Намысы таудай дара қызымыз  бар.

Ұлттық рухы өлмеген ұрпақтары,

Ұлылықтың қыр-сырын  ұғыныңдар.

Бұл   кезеңде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған  мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын  нұсқаларын  табу қажет.

1 - топ: «Ақпарат»

   1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

   2. Байт биттен құралады

(Теңге тиыннан құралады)

   3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас

  (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

 4. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады

     (Айдағаны бес ешкі, ысқырғы жер жарады)

2 - топқа: «Компьютер»

 1. Білмесең, «анықтама»- дан сұра

(Білмесең білгеннен сұра)

 2. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  3. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды

(Досы күштіні - жау алмайды)

    4.  Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Сергіту  кезеңі.  «Көңілді күн»

6-кезең:   «Тапқыр  достар»

Сайыстың  шарты: Бір бала компьютерде жұмыс істегендігі  жайлы  әңгіме жазыпты. Әңгімені  оқып,  неше  қате  жібергенін  анықтаймыз?

?  Мен  компьютерде жұмыс  істегенде,  міндетті  түрде  монитор  мен  сканерді  іске  қосамын.  Тышқанмен  әріптерді  теріп,  сурет  салу  керек  болса, сканерді  пайдаланамын.  Компьютерге  дайын  мәтінді  қолдан  енгізбеу  үшін  джойстикті  қолданамын.  Ал  мәтінді  басып  алу  үшін  жүйелік  блокқа  қағаз  саламын. Принтер  арқылы  әндерді тыңдап,  динамик деп  аталатын  плоттерде  құжаттарды  сақтаймын.

  • Мен  компьютермен  жұмыс  істегенде,  міндетті  түрде  монитор  мен  жүйелік  блокты   іске қосамын.  Пернетақтамен  әріптерді  теріп, сурет  салу  керек  болса, Paint  графикалық  редакторын  іске  қосып,  карандашты  пайдаланамын. Ал  мәтінді  басып  алу  үшін принтерге  қағаз  саламын. Колонка  арқылы  әндерді  тыңдап.  «Әндер»  деп    аталатын  бумада   құжаттарды  сақтаймын.


7кезең: «Жорға»  топбасшылар  сайысы.



Ал қанекей «Жорға»  кезеңін  бастайық.

Тізгінді  босатып  сәл  тастайық.

Жорғалап сұрақ  келіп  қалса егер,

Берейік  жауап  қасқайып

Шарты:  Сұрақтарға  жылдам жауап  беру  керек. Әр  сұрақ  1 ұпайдан бағаланады.

І топқа:  «Ақпарат»

  1. Ақпараттың  ең  кіші өлшем  бірлігі? (бит)

  2. Принтердің қызметі? (қағазға  басып  шағару)

  3. Ақпаратты шығару құрылғысы? (монитор)

  4. 1 сағатта  неше секунд бар? ( 3600сек)

  5. 1Кб  неше байт  бар? ( 1024)

  6. Мәліметтерді енгізу  пернесі? (пернетақта)

  7. Сіз  кітап оқығанда қандай  ақпараттық процесс орындалады? ( алу-беру)

  8. Жылдамдықтың  өлшем  бірлігі? (м/с)

  9. 1  кг  темір  ауыр  ма, 1  кг  мақта  ауыр ма?

  10.  Барлық  адам  кімнің  алдына  барғанда  бас  киімін шешеді?

ІІ топқа:

  1. Вирустарға   қарсы  программа? ( антивирус)

  2. Жүрілген жолдың  өлшем  бірлігі? ( метр)

  3. 1  кг  темір  ауыр  ма, 1  кг  мақта  ауыр ма?

  4. Графиктік  редактордың  аты? ( Paint)

  5. Ақпараттық процестерді  жүзеге  асыратын  құрылғы? (компьютер)

  6. Жердің  серігі  не? (ай)

  7. Қандай  шелекке  су  құюға  болмайды? ( толтырылған  шелекке)

  8. Қарапайым  есептеулер  жүргізетін  құрылғы? (калькулятор)

  9. 1 кг  да  неше  грамм  бар?  (1000г)

  10. Радиодан  берілетін хабар  ақпараттың  қай  түріне жатады?  ( дыбыстық  ақпарат)

Осымен  бұл  қызықты  тамамдасақ,

Бұл  жайды айтамыз  ба  жаман болсақ?

Үйрендік  білмегенді  осы  жолы,

Тағы  да  үйренеміз  аман  болсақ!

Сонымен  бүгінгі  сайысымыз  өз мәресіне  де  келіп жетті.  Сайыстың нәтижесі бойынша ең  көп  ұпай  жинаған  топ  оқушылары  анықталып,  бағаланады.