Файл: Мтінді есептерді тедеуді растыру арылы шыару.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.3С бөлім: Жиындар

Күні:
Сынып: 5 Б

Мектеп: Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мұғалімнің атын-жөні: Нұрмағанбетова Гүлнура Маратқызы

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.5.1.7 Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығару

Сабақтың мақсаты



Сабақ мақсатына жетемін, егер:

Барлық оқушылар:

- Эйлер-Венн диаграммасын қолданып екі жиыннан құрылған мәтіндік есептерді шығару

Оқушылардың басым бөлігі:

- Эйлер-Венн диаграммасын қолданып үш жиыннан құрылған мәтіндік есептерді шығару

Кейбір оқушылар: Мәтінді есептерді теңдеуді құрастыру арқылы шығару;

Бағалау критерийлері

  • Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығарады

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат, оқушылар:

Оқушылар:

-Эйлер-Венн диаграммасынмен мәтінді есептердің шешімін түсіндіре алады;

- жиындар арасындағы қатынастарды сипаттай алады;

- , , , , , ,  белгілеулерін қолдануын түсіндіру кезінде.

- жиынның элементтерін атай алады;

- жиынның суреттеу тәсілі арқылы берілуін сипаттайды;

- қандай да бір жиындардың бірігуі мен қиылысуынан пайда болған жиынның құрамын түсіндіре алады;

Лексика мен терминология:

- жиын, ішкі жиын; - жиынның элементі; - тиісті, тиісті емес; - oртақ элемент;

- жиындардың қиылысуы, бірігуі; - Эйлер-Венн дөңгелектері; - тең жиындар;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- а элементі А жиынына тиісті (а А); - а элементі А жиынына тиісті емес (а А);

- А және В жиындарының қиылысуы деп (А В)…;

- А және В жиындарының бірігуі деп (А В)…;

- ... А және В жиындарының ортақ элементі болып табылады;

- В жиыны А жиынының ішікі жиыны болады ( А);

- А жиыны … элементтерінен тұрады.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығын дарыту арқылы еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Бүгінгі тақырыпта алған білім алгебра, география, биология, физика пәндерімен байланысты

Алдыңғы білім

Натурал сандар, жұп және тақ сандар,бөлшектер туралы түсініктері, сандарға арифметикалық амалдар қолдана алу, теңдеуді шешу




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Уәж туындату, оқушыларды сабаққа ынталандыру және жаңа тақырыпты жариялау – сабақ уақытының 10 % үлесі

2. Өткен тақырыпты бекіту (қайталау) – сабақ уақытының 20 % үлесі

1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  2. «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру


Оқушыларға өзін –өзі бағалау парақшасы таратылады.

Аты жөні

Үй тапсырмасы

«Серпілген Доп»

Сәйкестендіру тесті

«Ойлан, жұптас,бөліс»

«Мозайка» әдісі

Қоры

тынды

жеке



















Досым көмегімен



















Мұғалім көмегімен





















Үй жұмысын тексеру

1054 А В



А және В жиынындары

кескінделген.

1)А жиынын 2) В жиынын

3) А∩В 4) АUB элементтерін тап


Дескриптор: оқушы

-Жиын элементтерін табады

-берілген жиындардың қиылысуын анықтайды;

-берілген жиындардың бірігуін анықтайды;

Бағалау




- барлық тапсырма дұрыс

-бір тапсырма дұрыс емес




-екіден көп тапсырма дұрыс емес

Әрбір дұрыс жауапқа жетон беріледі


Интер белсенді тақтаға үй жұмысына берілген есептің дұрыс жауабын көрсету арқылы оқушылар бір бірін тексереді. Әрбір дұрыс есепке жетон беріледі.

Саралау:

1. Диалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша, үй жұмысын тексеру барысында оқушылар өз қателерін жұпта, топта талдай отырып жөндейді.

2.Бағалау тәсілі. Тапсырмаға берілген дескриптор арқылы оқушылар өздеріне баға қоя отырып, саралаудың бағалау тәсілі жүргізіледі.
Топқа бөлу

«Оқушылар, біздің мектепте «Би» және «Вокал» үйірмесі бар. «Би» үйірмесіне қатысатындар бір топ, «Вокал» үйірмесіне қатысатындар екінші топ және екі үйірмеге де қатысатындар үшінші топ болып бөлініңіздер».

Мақсаты: Бағыттаушы сұрақтар қоя отырып оқушылардың не себепті және қандай заңдылықпен топтарға бөлініп отырғандақтарын анықтап сабақты ашуларына ықпал етемін.
2. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талқылау.

- Эйлер-Венн диаграммасын қолданып екі жиынан құрылған мәтіндік есептерді шығару

- Эйлер-Венн диаграммасын қолданып үш жиынан құрылған мәтіндік есептерді шығару

- Мәтінді есептерді теңдеуді құрастыру арқылы шығару;
Өткен тақырыпты қайталау:

А. Ауызша

«Серпілген доп» әдісі. Мұғалім допты лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді.

Мақсаты: Өткен тақырып бойынша алған бідімдерін қайталу, жүйелеу. Бұл әдіс теориялық сұрақтарға нақты жауап беру дағдысын дамытуға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.

Нәтиже: Сабақ барысында қолданылатын алдыңғы білімді еске түсіру

Сұрақтар:

1) Жиын дегенімзі не?

2) Жиын элементтері дегеніміз не?

3) Бос жиын дегеніміз не?

4) Шектеулі жиын дегенімзі не?

5) Шектеусіз жиын дегеніміз не?

6) Ішкі жиын дегеніміз не?

7) Тең жиындар дегеніміз не?

8) Жиындардың қиылысуы?

9) Жиындардың бірігуі?

Б. Жазбаша

«Сәйкестендіру тесті» Берілген кестедегі сұрақтарға дұрыс жауабын сәйкестендіреді

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, алдыңғы білімді тексерудің жылдам тәсілі.

Нәтиже: Өткен тақырыпты еске түсіреді

А жиыны мен В жиынының бірігуі

А∩В

А жиыны мен В жиынының қиылысуы

А

A жиыны В жиынының ішкі жиыны

АUB

А жиыны бос жиын

АCВ



АUВ



ВUС



АUUС)




Бағалау критерийі:

-Қиылысатын және қиылыспайтын жиындарды анықтайды

-Берілген жиындардың қиылысуын және бірігуін табады

Дескриптор: оқушы

- Жиындардың қиылысуын табады;

- Жиындардың бірігуін табады;

- Ішкі жиынды табады;

- Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескінделген жиындарды табады;

- Бос жиынды табады;

Қалыптастырушы бағалау:

«Бағдаршам» әдісі қолданылады

Бағалау критерийлеріне жету үшін тапсырмаларға арналған дескриптор бойынша оқушылардың бір бірін бағалай отырып, әр дұрыс жауап үшін жетондар беріледі. Бағалау парақшаларына жинаған жетондар саны көрсетіледі

Кері байланыс:

Оқушылрадың бағдаршам белгілірін көтеруімен қойылған сұрақтарына жауап беру арқылы кері байланыс жасалынады.

Жасыл дөңгелек – барлық тапсырмалар дұрыс орындалды.

Сары дөңгелек – бір тапсырма дұрыс емес.

Қызыл дөңгелек – екі не одан көп тапсырма дұрыс емес.




Бағалау парақшасы



Сабақтың ортасы
3. Жаңа материалды игеру - сабақ уақытының 50 % үлесі



Жаңа сабақ.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін пайдаланып жаңа тақырыпты ашу

Мақсаты: Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу.

Орындалуы: Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.

Нәтиже: Оқушылардың есте сақтау қабілеті (мұқият тыңдалым) сақталады. Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. Түйінді ойды саралауға жетелейді.

Тапсырма

Оқушылармен жүргізілген сауалнама бойынша сұхбат жүргізіледі. Сыныпта барлығы 25 оқушы бар. Оның ішінде «Би» үйірмесіне- 16 оқушы, «Вокал» үйірмесіне- 17 оқушы қатысады. Екі үйірмеге де- 8 оқушы қатысады. Венн диагрммасының көмегімен жиындармен орындалатын амалдарды бейнелеуге болады.

Дескриптор:

- Эйлер Венн дөңгелектері арқылы тек қана би үйірмесіне қатысатын оқушыларды табады

- Эйлер Венн дөңгелектері арқылы тек қана вокал үйірмесіне қатысатын оқушыларды табады
Қалыптастырушы бағалау

  1. «Бағдаршам» әдісін арқылы кері байланыс жасаймын.

  2. Мақсаты: Оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тәсілі.

  3. Орындалуы: Оқушыларға қызыл, сары және жасыл түсті карточкалар беріледі.

  • Толықтай түсінсе, сенімді болса ЖАСЫЛ ТҮСТІ;

  • Түсінуге жақын бола, аздап білсе САРЫ ТҮСТІ;

  • Түсінбесе, сенімді болсмаса ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ;

  1. Нәтиже: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, оларды ілгері жүруіне жетелеймін.

Қолдану:

«Мозайка» әдісін қолданамын

Мақсаты: Оқушылардың тапсырмаларды өздігімен игеруге және бірін бірі оқытуға, ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.

Орындалуы: Әрбір топқа 1-ден 8 ге дейін нөмірленген тапсырмалар таратылады. Бастапқы топтағы оқушылар өз деңгейлеріне байланысты тапсырмаларды таңдайды. Ортақ мәселемен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып қайта топталады. Сарапшылар өздерінің тапсырмаларын жан-жақты талдап, идеяларын айтады, талқылайды.

Сарапшылар бастапқы топқа оралып әрқайсысы өз тапсырмасын бір біріне түсіндіреді.

Нәтижеде: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Топта өз жұмысы туралы талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту, уақытты үнемдеу

А деңгеі

Тапсырма 1. Үй жануарлары. Менің барлық құрбыларымның үй жануарлары бар. Олардың алтауы мысық, ал бесеуі итті жақсы көреді және асырайды. Тек екі досымда мысық та, ит те бар. Менің неше құрбым бар екендігін тап?

Тапсырма 2. Кітапханалар. Сыныпта 30 оқушы бар.Олардың барлығы аудандық және мектептік кітапханалардың оқырмандары. 20 бала мектеп, ал 15-і аудандық кітапханадан кітап алады. Неше бала мектептік кітапхананың оқырманы болып табылмайды?

В деңгеі

Тапсырма 3. Сүйікті мультфильмдер. 5-сынып оқушылары арасында сүйікті мультфильмдерге байланысты сауалнама жүргізілді. Ең танымал болып шыққан 3 мультфильм: " Аққұбақыз және жеті ергежейлі ", "Винни Пух" және "Микки Маус". Сыныпта 28 оқушы бар. " Аққұбақыз және жеті ергежейлі " мультфильмін 16 оқушы, олардың ішінде 3-уі "Микки Маус-ты" да атады, алтауы - "Винни Пух", ал біреуі болса 3 мультфильмді де жазды. "Микки Маус" Мультфильмін 9 бала атады, ішінде 5-еуі 2 мультфильм тандаған. Неше адам "Винни Пух" мультфильмін таңдаған?

Тапсырма 4. Хобби. 5 сыныптың 24 оқушысының ішінде 10 бала музыка мектебіне , 8 бала өнер мектебіне, 12 бала спорт мектебіне, музыка және өнер мектебіне-3, өнер және спорт мектебіне-2, музыка және спорт мектебіне - 2, барлық 3 мектепке 1 ғана бала барады. Қанша бала тек 1 мектепке ғана барады? Ешқайда бармайтын бала саны неше?

Тапсырма 5. Жұмбақтар туралы. Сөреде 26 математикалық әртүрлі ойын-жұмбақтар тұрған. Олардың 4-еуін Гриша мен Саша ойнады. Игорь Гришаға да, Сашаға да қатысты емес 7 ойынды және Гриша ойнаған 2 ойынды ойнап көруге тырысты. Гриша барлығы 11 математикалық ойын-жұмбақтарды ойнады. Саша неше ойын ойнады?

С деңгейі

Тапсырма 6. Спорт сыныбы. Сыныпта 35 бала бар. Олардың 24-і футбол, 18-і волейбол, 12-сі баскетбол ойнайды. 10 оқушы бір уақытта футбол мен волейбол, 8 - футбол мен баскетбол, ал 5 - волейбол мен баскетбол ойнайды. Неше оқушы футболды да, волейболды да, баскетболды да ойнайды?

Тапсырма 7. Баршаға арналған спорт. Сыныпта 38 оқушы бар. Олардың 16-сы баскетбол, 17-сі хоккей, 18-і футбол ойнайды. 4 бала- баскетбол мен хоккейді, баскетбол мен футболды - 3, футбол мен хоккейді – 5 бала бір уақытта қатар ойнайды. 3 бала ешқандай спорт түрімен шұғылданбайды. Неше бала бір уақытта 3 спорт түрімен де айналысады? Неше бала тек бір спорт түрімен ғана шұғылданады?

Тапсырма 8. Турист. Қалаға 22 турист келді. Кешкі демалыс кезінде 9 турист драма театрына барғысы келді, 12 турист демалыс паркіне барып дем алғысы келді, ал олардың ішінде 5 турист драма театрына да, демалыс паркіне де барғысы келді. Қалғандары стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді. Неше турист стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді? Есепті Эйлер – Венн дөңгелектерін пайдаланып шығарыңыздар.

Бағалау критерийі:

  • Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығарады

Дескриптор: оқушы

Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен мәтіндік есептерді сипаттайды

- Эйлер-Венн диаграммасын пайдаланып санды өрнекті, теңдеуді құрастырады;

- Санды өрнекті, теңдеуді шешеді

- Есептің жауабын жазады.


Қ алыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі пайдаланылады

– барлық тапсырмалар дұрыс орындалды.

– бір тапсырма дұрыс емес.

– екі не одан көп тапсырма дұрыс емес.

Бағалау критерийлеріне жету үшін тапсырмаларға арналған дескриптор бойынша оқушыларға бір бірін бағалай отырып, әр дұрыс жауап үшін жетондар беріледі. Бағалау парақшаларына жинаған жетондар саны көрсетіледі

Кері байланыс: Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру үшін .

Бағдаршамның белгілерін көтеру арқылы оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Саралау тәсілдері:

Оқушылрадың қажеттіліктеріне, білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды беруде саралау тәсілі қолданылды.

Тапсырманы орындау барысында оқушылар жұпта диалогарқылы, топта қолдау көрсету арқылы саралау тәсілі қолданылды.

Оқушылардың тапсырманы орындау жылдамдығына байланысты қарқын тәсілін қолдандым, мұнда жылдам орындаған оқушының көмек қажет ететін оқушыға көмек беруін ұйымдастырдым.

Тапсырмалардағы дескриптор бойынша бағалау арқылы саралаудың Бағалау тәсілі қолданылды.










қосымша 1-5

http://festival.1september.ru/articles/635933/






Сабақтың соңы
4. Бағалау – сабақтың 10 % үлесі

5. Сабақты қорытындылау (дебрифинг, рефлексия) - сабақтың 10 % үлесі.


Үйге тапсырма

1072. Бір топтағы туристердің 10-ы қазақ тілін біледі, 8-і орыс тілін біледі, олардың 3-еуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топта барлығы неше турист бар?
1070. Сыныпта 17 ұл бала бар. Олардың 14-і бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады, 9-ы шахмат ойнағанды ұнатады. Бұл ойындарға сыныптағы барлық ұл балалар қатысады. Сыныптағы неше оқушы бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнатады?
Бағалау парақшасында әр тапсырма бойынша жинаған жетондары саналады

Аты жөні

Үй тапсырмасы

«Серпілген Доп»

Сәйкестендіру тесті

«Ойлан, жұптас,бөліс»

«Мозайка» әдісі

Қоры

тынды

жеке



















Досым көмегімен



















Мұғалім көмегімен




















Қалыптастырушы бағалау шкаласы:

20-30 - «Білгір»

11-20 – «Керемет»

0-10 – «Қуып жет»
Рефлексия.

SWOT - талдау әдісі: Оқушыларға парақ таратылады. Кесте бойынша сабақта әр оқушы өзінің Күшті жақтарын, Әлсіз жақтарын, Мүмкіндіктерін, Қауіптерін жазады

Мақсаты: Оқушының бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту. Өз пікірін ашық айту.

Тийімділігі: Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.



Күшті жақтары: Әлсіз жақтары:




Мүмкіндіктер: Қауіптер:






Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырма. Оқушылардың қажеттіліктеріне байланысты деңгейлік тапсырмаларды беруде саралау тәсілі қолданылды.

Диалог және қолдау көрсету.

Көмек қажет ететін оқушыларға жұппен диалог жасау, талдау арқылы көмек көрсетіледі, топта бөлісу арқылы қолдау көрсетіледі.

Қарқын. Оқушылардың тапсырманы орындау жылдамдығына байланысты қарқын тәсілі қолданылады, көмек қажет ететін оқушыға жылдам орындайтын оқушы көмек береді.

Бағалау. Оқушылардың барлық сабақ кезеңінде қажеттіліктері үнемі түзетіліп, тапсырманың дескрипторы бойынша өзін өзі, бір бірін үнемі бағалайды.

Жіктеу. Мүдделері ұқсас оқушылар топтарға жіктеледі

Қорытынды: Бір тапсырманы орындау барысында нәтижелері әртүрлі болмау үшін “дұрыс” жауаптың бағытында өз ойын қорытындылау

1.«Бағдаршам әдісі» арқылы бағалау

Толықтай түсінсе, сенімді болса ЖАСЫЛ ТҮСТІ;

Түсінуге жақын бола, аздап білсе САРЫ ТҮСТІ;

Түсінбесе, сенімді болсмаса ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ;

2. Бағалау парақшасы арқылы бағаланды

Әр тапсырма бойынша бағалау парақшасында жинаған жетондар саны жазылды.

3. Жетондар беру арқылы бағалау

4.Тапсырманың дескрипторы арқылы өзара бағалау

5.Сабақ соңында қорытынды бағалау шкаласымен бағаланды

6.Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында ауызша бағалауды қолданамын.

7. SWOT - талдау әдісі арқылы өзін өзі бағалау


Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін.Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ұялы телефондарының қалтада емес, сөмкеде дыбыссыз режимде қоюларын айтамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

1.

2.