Файл: Мейіргерлік манипуляцияларды ізділікпен орындау бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 74

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Дәрілік заттарды парентеральді енгізу жолдары. Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру.
Мейіргерлік манипуляцияларды ізділікпен орындау бойынша:

-емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру және жұмысқа дайындау;

-дезерітінділерді дайындау;

-емшара бөлмесіне ағымды және тұтастай жинауды жүргізу;

-қорғаныс құралдарын қолдану;

- медициналық құралдармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шараларын сақтау;

-қан және биологиялық сұйықтықтармен жұмыс кезіндегі жарақат кезіндегі шұғыл көмек көрсету;

-қолды антисептикпен өңдеуді жүргізу;

-қолғапты кию және шешу;

-бір рет қолданбалы шприцті құрастыру;

-ампуладан,флаконнан дәрілік заттарды алу;
Егу бөлмесінің мейірбикесі плеврадан, іштен сары су алуға аспаптарды дайындап, дәрігерге көмектеседі, сонымен қатар осы процедура кезінде науқастың жағдайын бақылап отырады. Мейірбике егу бөлмесінің дәрі-дәрмектерін толықтырып отырады. Егу бөлмесінде тәжірибесі мол, өз мамандығының шебері, егу жұмысын жақсы білетін мейірбике жұмыс істеуі керек. Мейірбике егу кабинетінің тазалығына көңіл бөліп, өз жеке басының да таза болуын ұмытпауы тиіс.

Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесіне түспей енгізу жолын - парентеральдық деп атайды.

Парентеральдық енгізу жолдарының бірнеше түрлері бар:

Тіндерге - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке.

Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына.

Қуыстарға - іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.

Субарахноидалдық кеңістікке.

Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу деген мағына береді. Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:

енгізген дәрі тез әсер етеді;

дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;

бауырдың кедергі ролі жойылады;

жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.

Егуді жасау үшін шприц пен инені қолданады. Кез-келген шприц келесі негізгі бөлектерден тұрады: шкаласы бар цилиндр, ине кигізетін конус, поршень.

ЖИТС инфекцияның таратуын алдын алу мақсатымен пластмассадан стерильді, бүтін қапшықтағы бір рет қолданылатын шприцтер кеңінен тараған. Шприц - тюбиктің бір рет қолданатын шприцтен айырмашылығы - оның іші дәріге толтырылады. 100 және 200 мл сыйымдылықты Жане шприці қуыстарды жуу үшін қолданылады.


Шприц тұтас, жарықсыз, жақсы келетін поршеньмен болуы тиіс, сонда ол бүтіндігін сақтайды.

Шприцтің бүтіндігін тексеру оңай: саусақпен ине салатын конустағы тесігін жауып, поршеньді кері қарай тартып, кейін оны жіберу керек. Егер поршень тез өзінің орнына тұрса, шприц бүтін деп саналады.

Егу жасайтын шприцтің сыйымдылығы 1, 2, 5, 10 және 20 мл болады.

Әр түрлі егуге сәйкес ине қолдану өте маңызды.

Тері ішіне - 1 мл, 15 мм иненің ұзындығымен диаметрі 0,4 мм туберкулинді шприц.

Тері астына – 1-2 мл, кейде 5 мл, иненің ұзындығы 20 мм диаметрі 0,4-0,6 мм шприц.

Бұлшық ет арасына – 1-10 мл, 60, 80 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц Көк тамырға- 10-20 мл, 40 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц.

Антибиотиктерді ұнтақ күйінше, аузын резеңке тығынмен, темір қалпақпен жапқан флакондарды шығарады. Оны иъекция үшін былай дайындайды: алдымен қалпақшасын ашып, резеңке тығынын спиртпен сүртеді. Шприцке ұзын, қуысы кең инені кигізіп, антибиотикке ерітінді (0,5 новокаин, физиологиялық ерітінді, дистилляцияланған су т.б.) сорғызады да, флаконның резеңке тығынына тік шаншып кіргізеді. Сөйтеді де, шприцтегі ерітіндіні поршеньді баса отырып, флаконға жайлап жіберіп, дәрі ерігенше күту қажет. Кейдң дәрінің еруін тездету үшін, әрі-бері шайқап, содан соң шприцке сорғызып алады. Дайын болған шприцті дәрісімен зарарсызданған астаушаға салып, бетін зарарсызданған дәкемен жауып, палатаға барады. Кейде мейірбике ішінде дәрісі бар шприц инесін, спиртке малынған дәкемен ғана жауып алып, бүкіл бөлімді аралап жүргенін көруге болады. Бұл барып тұрған өрескелдік. Мұндай инъекция жасаған жерде іріңді соқта дамуы мүмкін. Сондықтан да кез келген мейірбике инъекция кезінде асептиканың заңдарын қатал сақтауы тиіс.

Емшара мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минутган күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады. Емшара бөлмесінде дәрілік заттарды көк тамырға енгізу үшін шприцтер мен жүйелерді құрайды, пайдаланғаннан кейін зарарсыздауга немесе бір реттік шприцтер мен инелерді, құрал-саймандарды пайдаға асыруға дайындайды. Көп реттік құрал-саймандар залалсыздау алдында бір ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге жуылады. Содан кейін басқа ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге (хлораминнің 0,5% ерітіндісіне, хлорлы әктің 0,5% сұйық ерітіндісіне 30 - 60 минутқа немесе Дезэффектің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе Лшоформиннің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе нұсқауға сәйкес кез келген басқа зарарсыздандырғыш ерітіндіге) салып қойылады. Жууға арналған зарарсыздандырғыш ерітінділер кірлеуіне байланысты және осы ерітіндінің инструкцйясына сәйкес ауыстырылады. Салып қоюға арналған «Лизоформин», «Дезэффект» сияқты жаңа зарасыздандырғыш ерітінділерді 14 күнге дейін пайдалануға болады, бірақ кірлегенде ертерек ауыстырған жөн. Сондай-ақ жаңа ерітінділерді қолданған кезде жуатын ерітіндіні жеке дайындамауға болады.



Қолды өңдеуді презинтациядан қараңыз!

Емшара бөлмесіне түпкілікті жинастыру жүргізу

Қажетті заттар:

Шелек, швабра, шаралар, еден жуу үшін шүберек, залалсыздандырылған шүберек, гидропульт, сабын, кальциленген сода, зарарсыздандыру ерітіндісі, өлшемі бар ыдыстар, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялайлар.

Іс- әрекеттер:

1. Орамалды байлап, халатты, алжапқышты, биялайды киіңіз.

2. Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеу қажет: 1 % кальций гипохлориді ерітіндісі немесе басқа да зарарсыздандыру ерітіндісін.

3. 2 % сабынды-содалы ерітіндіні (200 грамм сабын, 200 грамм кальциленген сода, 9 л 600 мл су) әзірлеңіз.

4. Бөлмені дайындаңыз: жиһаздар мен заттарды қабырғадан ортаға қарай ығыстырыңыз.

5. Шүберекті зарарсыздандыру ерітінділерінің біріне малып, заттар мен жабдықтарды сүртеді. Қабырға мен төбеге, еденге гидропультпен зарарсыздандыру ерітіндісін шашып, 1 сағатқа бөлмені жауып қояды.

6. Осындай тәртіппен 2 % сабынды содалы ерітіндімен сүртеді.

7. Барлығын таза сумен шаю қажет.

8. Залалсыздандырылған шүберекпен құрғата сүртіңіз.

9. Таза халатты киіп, жиһаздар мен құралдарды орнына қойыңыз.

10. Бактериоцидті шамды 2 сағатқа қосыңыз.

11. Бөлмені желдетіңіз (20-30 минут)

12. Жинастыру құралдарын зарарсыздандырып, сумен шайып, құрғатып, арнайы бөлмеде сақтаңыз.

Ескерту!Терапия бағыттағы бөлмелерге (палаталар, дәліз, дәрігерлік бөлме, медицина қызметкерлері үшін бөлмелер, төсек орын сақтайтын бөлме) айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлмелерге (ине егу, таңғыш таңу, операциялық, операциядан шыққан пациенттерге арналған палаталар, босану залдары, жаңа туған балалар мен шала туған балаларға арналған палаталар, жұқпалы ауруларға арналған бокстар, бактериологиялық және вирусологиялық зертханалар) аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі.

Бөлмені ағынды жинастырудан өткізу мақсаты:

Санитарлық гигиеналық талапты сақтау;

Аурухана ішілік жұқпаның алдын алу.

Емдеу сауықтыру мекемелерінде ағынды жинастыру күніне екі рет ылғалды әдіспен, кей жағдайда жиірек жүргізіледі. Жинастыру құралдарында (шелек, шара, шүберек, швабра) жинастырудың түрі мен бөлменің аты көрсетілуі тиіс және олар өз мақсатында қолданылуы қажет, қолданылуы бойынша бөлек сақталуы керек.


Қажетті заттар:

Шелек, швабра, шара, еден шүберек, таза шүберек, зарарсыздандыру ерітіндісі, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялай, өлшемі бар ыдыстар.

Іс- әрекеттер:

Орамалды тағып, халатты, алжапқышты, резеңке биялайды киіңіз.

Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз.

Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз: таза шүберекті ерітінділердің біріне малып жиһаздарды, терезе алдын сүртіңіз. Еденді мынадай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға, сонан соң төрден сыртқа қарай.

Ылғалды жинастырудан соң бактериоцидтік шамды 30 минутқа қосыңыз.

Жинастыру құралдарын зарарсыздандыру қажет: еден жуатын шүберек пен қабырға сүртетін шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісіне 1 сағатқа бөлек –бөлек салып, сонан соң оларды суда шайып, кептіру қажет.

Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру
Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей даярланады.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты, бір рет қолданылатын шприцті, тері антисептигін, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Антисептикалық деңгейде қолыңызды жуып, тері антисептигіне ылғалдатылған мақта түйіршіктерімен (шариктерімен) тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  2. Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

  3. Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.

  4. Поршень жағынан орауды ашыңыз.

  5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.

  6. Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын үйкеңкіреп бекітіңіз.

  7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.

  8. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.


Ескерту: - қолданылған инеге қайтадан қалпағын кигізуге, инені майыстыруға және сындыруға, ауыстыруға тыйым салынады.

- қолданылған шприцтерді, инелерді, системаларды су өткізбейтін, тесілмейтін бір реттік медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинаауға және жоюға арналған контейнерге салу қажет.


Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу
Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, тері антисептигін, егеуішті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, егу кабинетіндегі дәрігердің ем тағайындаған журналы.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.

  2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз.

  3. Антисептикалық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіп, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара).

  5. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, барлық дәрілік ерітінді ампуланың кең бөлігінде болуы керек.

  6. Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз.

  8. Мақта шаригімен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны өзіңізден жылдам қозғалыспен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек.

  10. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз.

  11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.

  12. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз.

  13. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын шприцпен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз.

  14. Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).

  15. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

  16. Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

  17. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.