Файл: Пн зін зі тану Мектебі 11 Малім Абаева Ж. К сыныбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: №11
Мұғалім:Абаева Ж.К
Сыныбы: 4
Тақырыбы: Батылдық пен табандылық
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Батылдық, табандылық, уәдені орындау.
Мақсаты: Оқушыларға батылдық пен табандылық ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
| Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru https://angimeler.wordpress.com |
Сабақтың барысы:
Жағымды күйге келу. Оқушылар суреттер алады: - кімде күлімсіреген сурет болса - достарға күледі, - кімде алақаны бар сурет болсса-жолдастың қол алысады, - кімде жүрексабо суреті - досын құшақтайды, - күннің суреті болса -мейірімді сөз " мен баршаңызға сәтті күн тілеймін!» Видеоролик 2. Үй тапсырмасы. 1. 79 бет, 4-тапсырма. | Видеобейне. |
3. Сабақтың дәйек сөзі. Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуға тиіс. Бауыржан Момышұлы Сұрақтар: 1. Батылдық деген ұғымды қалай түсінесіңдер? 2. Өжеттік деген ұғымды қалай түсінесіңдер? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдамды,сабырлы, ата-анасын,елін,жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік. - Бір - бірімізді қиын сәтттерде қолдай білейік. - Деніміз сау болсын. - Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б. | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Табанды бала (Аңыз әңгіме) Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді. Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады. Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», – дейді. Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді. Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге 99 көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады. Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады. Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды. Енді оған оқитын кітап керек болды. 100 Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», – дейді. Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді. Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді. Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты. Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен. • Әлімнің өз мақсатына жетуіне не себеп болды? • Табанды болудың маңызы неде? • Табандылық қандай іс-әрекеттер арқылы көрініс табады? • Өз бойыңда табандылық бар ма? Айтып бер. | |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1 – топ: «Батырлар» 2 – топ: «Ақылдылар» 3 – топ: «Тапқырлар» Тапсырма: 1 - топ Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып, дәптерге жазыңдар. Батыл адамның бойында ... 2 - топ батырларға тән қасиет, талға жапырақтарын жабыстырады. 3-топ Табанды адамның бойындағы Батырлар туралы мақал-мәтел. | |
Жас дәуірдің гүліміз Өлеңін жазған: Ермек Өтетілеуов Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев Бау, бақша, белдер, Орман, тау, көлдер – Көрікті шексіз даламыз. Дәулеті тасқан, Сәулеті асқан – Көңілді ауыл, қаламыз. Қайырмасы: Жадырап күндей, Жайнаған гүлдей – Бақытты біздер баламыз! Өзіміз туған, Көбелек қуған – Өлкеде өсіп, толамыз. Жалықпай оқып, Көңілге тоқып – Білімді адам боламыз. Қайырмасы: Жадырап күндей, Жайнаған гүлдей – Бақытты біздер баламыз! | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №19 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №19, «Өрт» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: • Мақсұттың бұл іс-әрекетінің себебі неде? • Батылдық қандай жағдайларда көрініс береді? • Мақсұттың іс-әрекетінен қандай үлгі алуға болады? • Батыл адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек? • Өзіңнің батылдық танытқан кезің болды ма? Қалайша? | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Көзімізді жұмайық. Бізді жақсы көретін, жақындарымызға жүрек жылуын ой елегінен өткіземіз. Барлығына Рахмет айтамыз. Өзімізге сәттілік тілейміз. Қолдарымыз бен жүректің жылуын сезінеміз. Жарайсыңдар. Көзімізді ашамыз. Сабақ үшін рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |