ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Стандарттау – нақты бар міндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін белгілі бір салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған іс-әрекет.
2.Стандарт- уәкілетті органмен көзделген тәртіппен бекітілген көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатын техникалық реттеу объектілеріне ережелерді жалпы принциптері мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.
3.Стандарттаудың негізгі мақсаттары – техникалық алға дамуды тездету, қоғамдық өндірістің және еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыру, соның ішінде басқару мен инженерлік жағын, өнімдердің сапасын жақсартып және оны қолайлы деңгейде ұстау. Бұл мақсаттарды ең бастысы деп белгілеуге болады. Еліміздің қорғаныс талабына сай өнімді үйлесімді ету – стандарттаудың негізгі мақсаты.
4. Стандарттау жүйесі – стандарттауға қатысушылардың, өнімге, процестерге, қызмет көрсетулерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы.
5. Ұйым стандарты (ҰС) – ұйым бекіткен стандарт;
Ұйымдық стандарттар мекемеде белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі,
Ұйымдық стандарттардың белгіленуінің мысалы: ҚР ҰС 20098024 ЖШС-011-2004.
Қазақстан Республикасында нормативтік-техникалық құжаттардың келесі категориясы анықталған:
мемлекеттік стандарт;
салалық стандарт;
республикалық стандарт;
техникалық шарт.
6. Мемлекеттік стандарт (МЕСТ) - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың көпшілігі қолы жетімді стандарт;
7. Техникалық шарт (ТШ) – нақты өнімге, процестерге, көрсетілетін қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжат;
8. Халықаралық стандарт (ИСО) – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
9. Ұлттық стандарт – шет мемлекеттің стандарттар жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
10. Аймақтық стандарт (ҚР СТ) – стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
11. Техникалық регламент – стандартқа немесе ережелерге тікелей не оларға сілтеме жасау арқылы, не осы құжаттардың мазмұнын енгізу арқылы міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құжат
12. Стандарттаудың объектілеріне жататындар: нақты өнімдер, нормалар, ережелер, талаптар, әдістер, терминдер, белгілеулер және өндірістік технология тағы басқа ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық сипаттағы, сонымен қатар халықаралық сауда-саттықта көп рет қайталанып қолданылатындар.
13. Кәсіпорында стандарттаудың объектісі бола алатындар, мысалы:
- жасалатын бұйымның құрастырма бөлігі болатын құрастырма бірліктер және бөлшектер;
- өндірісті ұйымдастыру мен басқару саласындағы ережелер мен нормалар, сонымен қоса өнімнің сапасын басқару;
- технологиялық жабдықтар мен құрал-саймандар;
- технологиялық нормалар, талаптар мен типтік технологиялық сұлбалар;
- кәсіпорындарды тексеру сұлбалары.
Өнімдерге атқаратын міндеттеріне сәйкес келесі стандарт түрлері тағайындалған: техникалық шарттарына (жағдайлар); жалпы техникалық талаптарына; өлшемдері мен параметрлеріне; типтеріне, негізгі параметрлері мен өлшемдеріне; құрлымы мен өлшемдеріне; маркасына; сұрыптылығына; қабылдау ережесіне; бақылау әдістеріне сынақ, талдау, өзгеру; таңбалау маркировка ережесіне, буып-түюге, тасымалдау мен сақтауға; пайдалану және жөндеу ережелеріне; типтік технологиялық үрдістеріне.
Жалпы техникалық және ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар түр-түрге бөлінбейді.
Стандартты бекіткенде оның енгізу уақыты белгіленеді, яғни күні, айы, жылы күшіне енген күннен басталады. Егер де белгіленген нормалар, көрсеткіштер, талаптар, оның таратылатын саласына сай қолданылса, онда стандарт күшіне енгізіледі деп есептеледі.
Мемлекеттік стандарт және оның қарамағындағылар стандарттар мен техникалық шарттардың енгізілуі мен талаптарын мемлекеттік және кооперативтік өнеркәсіпте, ауылшаруашылық кәсіпорындарында, жобалау және конструкторлық ұйымдарда, көлікте және сауда да, денсаулық сақтау мекемелерінде және байланыс, өнімдерді өткізумен айналысатын мекемелер базасы мен қоймаларында мемлекеттік қадағалауды (бақылауды) жүзеге асырады.
Өнімді жоспарлау сатысында, сынағанда, өндіргенде, сақтағанда, тасымалдағанда, қолданғанда және өнімді жөндегенде стандартты және техникалық шарттарды сақтау үшін мемлекеттік қадағалауды (бақылауды) өткізеді.
14. Министрліктер ведомстволар қандай жұмыстар атқарады мемлекеттік, өнімнің сапасы, стандарт пен техникалық шарттың енгізілуі мен сақталуын, сонымен қатар кәсіпорындарда өлшеу құралдарын қолдану және олардың күтім жағдайына, ғылыми-зерттеу институтында, конструкторлық және басқа да мекемелерде ведомстволық бақылау жүргізеді.
15. Мемлекеттік стандарт - мемлекеттік, салалық және республикалық стандартты тиісті министрліктерге, министрлер кеңестеріне және республикалық мемлекеттік жоспарлау комитеттеріне бекітіп қояды, ал олар өз кезінде бас негізгі, базалық және басқа да стандарттау жөніндегі мекемелер немесе кәсіпорындарға бекітеді. Бұл мекемелер мен кәсіпорындар жүйелі түрде бес жылда бір рет өздеріне белгіленген стандартты тексереді, ғылыми-техникалық деңгейін анықтайды және қажеттіліктің туындауына байланысты ондағы ескірген көрсеткіштерді, нормаларды, сипаттамаларды, талаптарды, терминдерді, анықтамаларды, белгілеулерді жаңартып, жетілдіріп отырады.