Файл: 4блім. Мтіндік жатпен жмыс жасау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 41

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



4-бөлім. «Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау»

Мектеп: “Baiterek school”

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сраж Алуа

Сыныбы:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

1.1 Сілтемелер (сноски)

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер)

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Құжатқа сілтемелер (сноски)  қоюдың қажеттілігін түсінеді.

Көптеген оқушылар:

Мәтіндік редакторда сілтемелер(сносканы) қалай ұйымдастыруға болатынын біледі.

Кейбір оқушылар:

Мәтінге сілтеме ұйымдастыру жолдарын үйренеді.

Бағалау критерийлері

Сөйлемдер құрастырып, сөздерге сілтеме ұйымдастырады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

Сілтеме енгізу – вставить ссылку – insert link

Дереккөздерді басқару – управления источниками – source management

Сілтемелер – сноски – footnotes

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

  • Сілтемені қалай түсінесің?

  • Құжаттарда сілтемені қолдану не үшін керек?

  • Құжаттың бір бөлігінен екінші бөлігіне қалай жылдам өтуге болады?

  • Мәтіндік редакторда сілтемелер(сносканы) қалай ұйымдастыруға болады?

  • Құжатқа сілтемелер (сноски)  қоюдың қажеттілігі неден туындаған деп ойлайсың?

  • Сілтемені кірістіру мен Соңғы сілтемені кірістіру командаларының қызметінің қандай айырмашылықтары бар?

  • Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі қандай мақсатта қолданылады?

  • Соңғы сілтемені кірістіру және Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі командаларының қызметіндегі ерекшелікті қалай түснідіресің?

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, қарым – қатынас жасау қабілеті, жауапкершілігі артады.

1. “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, орыс тілі, Сурет, Математика

Алдыңғы білім

Сілтеме туралы жалпы түсінік бар

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин.


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Символды тілек» ой-сергіту арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру (сиқырлы сандықшаның ішінде: флешка, модем, телефон, құлақ қап, сағат, сызғыш, өшіргіш, ручка т.б. сөздер жазылған парақшаларды оқушылар көзін жумып тандайды.). Алған заттарыңыздың қызметін тілекке айландырамыз мысал: сағат – уақыт алтыннан да қымбат, өшіргіш – қателікке жол жоқ.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.

Топқа модем, телефон және интернет сөөздері жазылып, суреттері бейнеленген қима қағаздары беріледі. Әр оқушы қима қағаздарын таңдау арқылы ұқсас суреттермен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Модем,

2 топ: Телефон,

3 топ: Интернет

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне нақыл сөздер, қанатты сөздер айту арқылы сыный әрі жылдам ойлауға дағдыланады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сыныпқа жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.


  • Сілтемені қалай түсінесің?

  • Құжаттарда сілтемені қолдану не үшін керек?

  • Құжаттың бір бөлігінен екінші бөлігіне қалай жылдам өтуге болады?

  • Мәтіндік редакторда сілтемелерді (сносканы) қалай ұйымдастыруға болады?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыный ойлануды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Сабақтың ортасы
10 мин.


Оқулықпен жұмыс

(Т) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқулықтағы жаңа ақпараттармен танысып, топтар арасында талқылау жұмыстарын жүргізеді. Оқулықта кездескен термин сөздерді жұмыс дәптерлеріне жазады.

Дәптермен жұмыс.

(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интербелсенді тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.

Мақсаты: Үштілділікті дәріптеу.

Тиімділігі: Оқулықта кездескен термин сөздерді өздерінің жұмыс дәптерлеріне жазып алып, қайталау арқылы есте сақтайды.

Саралау: Информатика сабағында қолданылатын программалардың басым көпшілігі ағылшын немесе орыс тілдерінде берілетіндіктен термин сөздерді есте сақтаудың маңызы зор.

Практикалық жұмыстар

(Ж) 1-тапсырма: Геометриялық фигуралар жайлы 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыр.

  1. Негізгі мәтін: Қаріп: 12 pt, Arial, түсі: қара; Абзац: мәтін еніне реттелген, интервал 1.0

2. Сілтемелер: Қаріп: 10 pt, Comic Sans MS, түсі: көк; Абзац: барлығы нөлдермен, жоларалық интервал 1.0, сол жаққа қарай мәтінді реттелген.

Дескриптор:

  • Геометриялық фигуралар жайлы 2 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады.

  • Геометриялық фигуралар жайлы 3 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады.

  • Геометриялық фигуралар жайлы 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады.




Қалыптастыру-шы бағалау: «От шашу» әдісі арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.








(Ж) 2-тапсырма: «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбында орындалған құжатқа сілтеме қоюда қандай қателер жіберілгенін анықта. Бұл қателерді қалай түзетуге болады?

Әлемнің жеті кереметі

Ежелгі гректер әлемде дәл жеті керемет бар деп есептеді: Хеопс пирамидасы, Семирамид бақтары, Олимпиядағы Зевс мүсіні, Эфестегі Артемида храмы, Галикарнас кесенесі, Александрия шамшырағы және Родосский Колосс. Шын мәнінде, әлемде әлемнің жеті кереметі емес, оданда көп кереметтер бар.

Дескриптор:

- «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбында қойылған сілтемедегі қателерді табады.

- Жіберілген қателерді қалай түзетуге болатынын анықтайды.

Қалыптастыру-шы бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.





Сабақтың соңы
7 мин.


Сабақты бекіту.Рефлексия. «Сұрақ - жауап» әдісі

Оқушыларға интерактивті тақтадан бүгінгі сабақта өтілген негізгі ақпараттарға жауап беруді талап ететін сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

  1. Құжаттқа сілтемелер

  2.  (сноски) қоюдың қажеттілігі неден туындаған деп ойлайсың?

  3. Сілтемені кірістіру мен Соңғы сілтемені кірістіру командаларының қызметінің қандай айырмашылықтар бар?

  4. Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі қандай мақсатта қолданылады?

  5. Соңғы сілтемені кірістіру және Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі командаларының қызметіндегі ерекшелікті қалай түсіндіресің?

Мақсаты: Рефлексия жасау арқылы балалардың бүгінгі сабаққа қатысты ой түйінін, пікірін анықтау.

Тиімділігі: Мұғалімнің өз ісіне сыни түрде қарау.

Үй тапсырмасы

Kitap.kz сайтындағы төменде берілген адрестен (https://kitap.kz/ book/menn_atim_koj) «Менің атым – Қожа» шығармасыннан 2бет ақпарат көшіріп алып, мәтіндік редакторға кірістір. Көшіріп алған беттегі кездескен кейіпкерлердің есіміне әр беттің соңында сол кейіпкердің образын сипаттайтын бір сөз арқылы сілтеме қой. 2- беттің соңында Соңғы сілтемені кірістіру командасы арқылы әр кейіпкердің шығармадағы рөлін шағын мәтін арқылы сипатта.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары




4-бөлім. «Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау»

Мектеп: “Baiterek school”

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сраж Алуа

Сыныбы:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

    1. Сабақ. Гиперсілтемелер

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер)

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну және қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Көлемді құжаттармен жұмыс істегенде құжаттың бір тарауынан екінші тарауына жылдам өту жолдарымен танысады.

Көптеген оқушылар:

Мәтіндік редакторда гиперсілтемелерді қалай ұйымдастыруға болатынын біледі.

Кейбір оқушылар:

Мәтінге гиперсілтеме ұйымдастыру жолдарын үйренеді.

Бағалау критерийлері

Электрондық кітапқа гиперсілтеме ұйымдастырады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

Гиперсілтеме – гиперссылка – hyperlink

Бетбелгі – закладка – bookmark

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

  • Мәтіндік редакторда гиперсілтемелерді қалай ұйымдастыруға болады?

  • Мәтіндік құжаттың бірінен екіншісіне ауысудың қандай әдістерін біресің?

  • Көлемді құжаттармен жұмыс істегенде құжаттың бір тарауынан екінші тарауына жылдам өту қалай жүзеге асады?

  • Қалай ойласың ,1-суреттегі балалар әлемі сайтын немсе электрондық қосымшаларды парақтау қалай құрстырылады?

  • Гиперсілтемелерді қандай құжаттарда кездестіреміз. Мысалдар келтір.

  • Гиперсілтеме мәтіндік редактордың жұмысына қалай әсер етеді?

  • Гиперсілтеме құралы мәтіндік редактор үшін қаншалықты маңызды?

  • Закладка (Бетбелгіні) құжатқа не үшін қояды?

  • Гиперсілтемені кірістірудің 4 түрінің арасынан ең маңызды деп біреуін ерекшелеп көрсете аласыңба? Жаубыңды негіздеп бер.

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, қарым – қатынас жасау қабілеті, жауапкершілігі артады.

1. “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, Орыс тілі, Көркем еңбек, Математика.

Алдыңғы білім

Сілтемелер ұйымдастыру.

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу, түгендеу.

-Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

«Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын

Ал, қанікей бәріміз

Сәлем дейік апайға

Сәлеметсіз балалар!»

«Шаттық шеңбері» әдісімен бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы сыныпта жақсы көңіл-күй орнату.

- «Шашылған әріптер» әдісі арқылы сынып оқушыларын топтастыру. Оқушылар үстел үстінен әріптерді алып, әріптермен сөздер құрастырады. Шашылған әріптерден бірлік және бейбіт сөздері шығады. Сәйкесінше

І топ – Бірлік.

ІІ топ – Бейбіт.

(Ұ). «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыратын сұрақтарға жауап береді.

  • Мәтіндік редакторда гиперсілтемелер-ді қалай ұйымдастыруға болады?

  • Мәтіндік құжаттың бірінен екіншісіне ауысудың қандай әдістерін біресің?

  • Көлемді құжаттармен жұмыс істегенде құжаттың бір тарауынан екінші тарауына жылдам өту қалай жүзеге асады?

Мақсаты: жылдам әрі функционалды түрде ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушылар практикада кездесетін негізгі ұғымдармен танысады, тапсырманы дұрыс жасауға мүмкіндік алады.

Бағалау: Жауапты дұрыс айтқан, өз ойын жақсы жеткізген топ мүшелерін «жарайсың» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Сабақтың ортасы


Оқулықпен жұмыс.

(Т) «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасайды. Интерактивті тақтада көрсетілген суреттер бойынша сөйлеу үшін оқулықтан жауап іздейді.

  • Қалай ойласың, 1-суреттегі балалар әлемі сайтын немесе электрондық қосымшаларды парақтау қалай құрстырылады?




Дәптермен жұмыс.

(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интербелсенді тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.

Мақсаты: Үштілділікті дәріптеу.

Тиімділігі: Оқулықта кездескен термин сөздерді өздерінің жұмыс дәптерлеріне жазып алып, қайталау арқылы есте сақтайды.

Саралау:Информатика сабағында қолданылатын программалардың басым көпшілігі ағылшын немесе орыс тілдерінде берілетіндіктен термин сөздерді есте сақтаудың маңызы зор.

Қалыптастыру-шы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары




(Ж) 1-тапсырма: «ВЕНН диаграммасы» Салыстыру.

Сілтеме мен гиперсілтеменің ұқсастығы мен айырмашылығына Венн диаграммасы арқылы талдау жасаңдар.

Дескриптор:

- Сілтеменің айырмашылығын жазады.

- Гиперсілтеменің айырмашылығын жазады.

- Екі ұғымның ұқсастығын жазады.

Қалыптастыру-шы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары




Практикалық жұмыс.

(Д) 1-тапсырма: «Қызыл кітап» электрондық жобасы.

Еліміздегі «Қызыл кітапқа» енген екі жануар мен екі өсімдікті таңдап, солар жайлы қысқаша ақпарат беріп, қарапайым электрондық кітап дайында. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орында:

  1. Компьютердің жұмыс үстеліне Қызыл кітап атымен бума жаса.

  2. Word-та таңдаған жануарлар мен өсімдіктер атымен 4, Қызыл кітап атымен бір мәтіндік файл құрып, жұмыс үстеліндегі Қызыл кітап бумасына сақта.

  3. Өзің таңдаған жануарлар мен өсімдіктер жайлы әр файлға сәйкесінше қысқаша деректер жаз.

  4. Электрондық кітаптың негізгі беті болатын Қызыл кітап файлын ашып таңдаған жануарлар мен өсімдіктердің тізімін жаз. Мысалы, 5-сурет.

  5. Келесі қадамда гиперсілтеменің 1-әдісі арқылы (3-сурет), Қызыл кітап файлындағы жануарлар мен өсімдіктер атауын өз атауларына сәйкес файлдармен байланыстыр. Құжатты сақта. Міне сен ең алғашқы қарапайым электрондық кітабыңды жасадың.




Дескриптор:

- Еліміздегі «Қызыл кітапқа» енген екі жануарды таңдап, қысқаша ақпарат береді.

- Екі өсімдікті таңдап, қысқаша ақпарат береді.

- Жоғарыдағы қадамдар бойынша қарапайым электрондық кітап дайынждайды.


Қалыптастыру-шы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары

Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту.

Рефлексия: «Конверттегі сұрақ» әдісі

Оқушыларға ковертке төмендегі сұрақтар жасырылып беріледі. Әр оқушы өзі таңдаған ковертегі сұраққа жауап береді.

  1. Гиперсілтемелерді қандай құжаттарда кездестіреміз. Мысалдар келтір.

  2. Гиперсілтеме мәтіндік редактордың жұмысына қалай әсер етеді?

  3. Гиперсілтеме құралы мәтіндік редактор үшін қаншалықты маңызды?

  4. Закладка (Бетбелгіні) құжатқа не үшін қояды?

  5. Гиперсілтемені кірістірудің 4 түрінің арасынан ең маңызды деп біреуін ерекшелеп көрсете аласыңба? Жаубыңды негіздеп бер

Үй тапсырмасы

Төменде берілген суреттердің желісі бойынша тақырып таңдап. Осы тақырып бойынша электрондық кітап құрастыр.


Қалыптастыру-шы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары





4-бөлім. «Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау»

Мектеп: “Baiterek school”

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сраж Алуа

Сыныбы:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

    1. Сабақ. Гиперсілтемелер және оны практикалық тұрғыдан қолдану.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.3 авторға сілтеме жасайтын ақпаратпен ілестіру

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Гиперсілтемелерді қандай құжаттарда пайдалануға болатынын көрсетеді.

Көптеген оқушылар:

Гиперсілтемені кірістірудің 4 түрін пайдаланып, мысалдар келтіреді.

Кейбір оқушылар:

Практикалық жұмыстар орындау арқылы гиперсілтемені ұйымдастырады.

Бағалау критерийлері

Электрондық кітап, жоба жұмыстарын құрастырып, гиперсілтереме орнатады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

Гиперсілтемені алып тастау – удалить гиперссылку – elete hyperlink

Гипер – сілтемелерді кірістіру – вставка гиперссылки – hyperlink insertion

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

  • Гиперсілтемелерді қандай құжаттарда кездестіреміз. Мысалдар келтір.

  • Гиперсілтеме мәтіндік редактордың жұмысына қалай әсер етеді?

  • Гиперсілтеме құралы мәтіндік редактор үшін қаншалықты маңызды?

  • Закладка (Бетбелгіні) құжатқа не үшін қояды?

  • Гиперсілтемені кірістірудің 4 түрінің арасынан ең маңызды деп біреуін ерекшелеп көрсете аласыңба? Жаубыңды негіздеп бер.

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, қарым – қатынас жасау қабілеті, жауапкершілігі артады.

1. “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, орыс тілі, тарих, қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

Гиперсілтеме ұйымдастыру

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ-тың басы

2 мин.


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Қара жорға» би-жаттығуын жасайды.

Интерактивті тақта арқылы «Қара жорға» әні қосылады, бүкіл сынып оқушыларына музыкалық ырғақ арқылы әсемдік пен бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне ықпал етеді.

Топтастыру:

«Сандар» әдісі бойынша ортаға бала санына қарай 3 түрлі сан қойылады. Оқушылар қағазды алып, ішінде жазылған сандар бойынша топтасады.

1- топ: Бірінші

2- топ: Екінші

3-топ: Үшінші

Мақсаты: Оқушылар би-жаттығуын жасау арқылы сымбаттылыққа бейімделеді.

Тиімділігі: Би-жаттығуын жасау арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі. Интербелсенді тақтадан сұрақтар топтамасы кезекпен шығарылады. Оқушылар өз ойларын, пікірін жауап ретінде білдіреді.

  1. Гиперсілтемелерді қандай құжаттарда кездестіреміз. Мысалдар келтір.

  2. Гиперсілтеме мәтіндік редактордың жұмысына қалай әсер етеді?

  3. Гиперсілтеме құралы мәтіндік редактор үшін қаншалықты маңызды?

  4. Закладка (Бетбелгіні) құжатқа не үшін қояды?

  5. Гиперсілтемені кірістірудің 4 түрінің арасынан ең маңызды деп біреуін ерекшелеп көрсете аласыңба? Жаубыңды негіздеп бер.

Мақсаты: жылдам әрі функционалды түрде сыный ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастыру-шы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары

Сабақтың ортасы


Оқулықпен жұмыс.

(Т) 1-тапсырма: «Бірге ойлаймыз» әдісі.

Практикалық жұмыс негізінде математика, тарих немесе қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты электрондық кітаптың жобасын ұсыныңдар.

Дескриптор:

  • Әр топ өзінің ұнатқан пәнін таңдайды.

  • Таңдалған оқулықтың электрондық нұсқасын жасап ұсынады.

Дәптермен жұмыс.

(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы тақырыпта кездескен термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интербелсенді тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.

Мақсаты: Үштілділікті дәріптеу.

Тиімділігі: Оқулықта кездескен термин сөздерді өздерінің жұмыс дәптерлеріне жазып алып, қайталау арқылы есте сақтайды.

Саралау: Информатика сабағында қолданылатын программалардың басым көпшілігі ағылшын немесе орыс тілдерінде берілетіндіктен термин сөздерді есте сақтаудың маңызы зор.

Қалыптастыру-шы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары




Практикалық тапсырмалар:

(Ж) 1-тапсырма: Жеңіс күні қарасаңында «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» айдарымен Қазақстандық Кеңес Одағының батырларының ерлігін сипаттайтын электрондық журнал дайында.

Дескриптор:

- Қазақстандық Кеңес Одағының батырларының ерлігін сипаттайтын электрондық журнал дайындайды.

Мақсаты: Тарих пәнімен пәнаралық байланыс орнатылады. Қазіргі бейбіт заманымыздың қадірін білуге, ел үшін майданда қан төккен қазақ батырларын таныстыру арқылы ұлттық құндылықтарға баулу.

(Ж) 2-тапсырма: https://kitap.kz/ сайтындағы қазақтың атақты жазушысы, майдангер Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романынан 3-беттік үзінді көшіріп ал. Әр беттегі бірінші кездесетін сын есімге Закладка (Бетбелгі) қойып, құжат ішінде бір беттен екінші бетке жылдам ауысатын, гипресілтеме кірістір.

Дескриптор:

- Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романынан 3-беттік үзінді көшіріп алады.

- Әр беттегі бірінші кездесетін сын есімге Закладка (Бетбелгі) қояды.

- Құжат ішінде бір беттен екінші бетке жылдам ауысатын, гипресілтеме кірістіреді.

Мақсаты: Қазақ әдебиеті пәнімен пәнаралық байланыс орнатылады. Қазақтың ақын-жазушыларының туындыларын тапсырмаға қосу арқылы ұлттық құндылықты дәріптеу

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары

Сабақтың соңы

7 мин.


Сабақты бекіту.

(Д) Рефлексия. «Еркін микрофон» әдісі. Пікір талас!

Гиперсілтемелердің веб беттер мен электрондық кітап құрудағы маңызы.

Мақсаты: Пікір таластағы сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың бүгінгі сабаққа қатысты ой түйінін, пікірін анықтау.

Тиімділігі: Мұғалімнің өз ісіне сыни түрде қарау.

Қалыптастырушы бағалау: Мұғалімнің қорытынды кері байланысы.

Үй тапсырмасы

Қайталау

Мақсаты: Мұғалімнің көмегінсіз өтілген тақырыпты пысықтау.

Қалыптастыру-шы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары




4-бөлім. «Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау»

Мектеп: “Baiterek school”

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сраж Алуа

Сыныбы:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

4.4. Сабақ. Интернеттегі авторлық құқық және плагиат мәселелері

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.2 «авторлық құқық», «плагиат» ұғымдарын түсіндіру

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Интернеттегі авторлық құқық, плагиат ұғымдарын біледі.

Көптеген оқушылар:

Интернеттегі авторлық құқығы бар туындыларды пайдаланудың маңыздылығын біледі.

Кейбір оқушылар:

Иинтернетте авторлық құқықты қорғаудың жолдарын көрсетеді.

Бағалау критерийлері

Интернеттегі авторлық құқық, плагиат ұғымдарын мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

Ұрлық – плагиат – plagiarism

Авторлық құқық – авторское право – сopyright

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

  • Авторлық құқық дегеніміз не?

  • Плагиат ұғымы қандай мағынада қолданылады?

  • Қалай ойласың авторлық құқық, плагиат және гиперсілтеме ұғымдары неге қатар жүреді?

  • «Авторлық құқық» және «плагиат» ұғымдарын қалай түснесің?

  • Авторлық құқықтың мағынасы не де?

  • Интернеттегі авторлық құқығы бар туындыларды пайдалану қаншалықты маңызды?

  • Бүгінгі таңда интернетте авторлық құқықты қорғаудың қандай мәселелері бар?

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, қарым – қатынас жасау қабілеті, жауапкершілігі артады.

1. “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, орыс тілі, Сурет, Математика.

Алдыңғы білім

Авторлық құқық, плагиат ұғымдарына жалпы түсініктері бар

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

  • Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру

I - Үшбұрыштар тобы

II – Дөңгелектер тобы

III – Төртбұрыштар тобы

Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі.

  • Авторлық құқық дегеніміз не?

  • Плагиат ұғымы қандай мағынада қолданылады?

  • Қалай ойлайсың авторлық құқық, плагиат және гиперсілтеме ұғымдары неге қатар жүреді?

  • «Авторлық құқық» және «плагиат» ұғымдарын қалай түснесің?

Мақсаты: уақытты үнемді пайдалана отырып барлық оқушыларды бір мезетте проблеманы шешуге жұмылдыру.

Тиімділігі: Оқушылардың шығармашылық ойлауына, жаңа идея табуы мен оның шешімін іздеуіне түрткі жасайды.

Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын интерактивді тақтадағы жауаптар арқылы “жауаптарға келісемін”, ”жауаптарға келіспеймін”, ”ұсынысым бар” сөздері арқылы тексеріп «Бағдаршам» әдісімен топ ішінде бірін – бірі бағалайды.





Сабақтың ортасы

8 мин.


Дәптермен жұмыс.

(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездесетін термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интербелсенді тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.

Мақсаты: Үштілділікті дәріптеу.

Тиімділігі: Оқулықта кездескен термин сөздерді өздерінің жұмыс дәптерлеріне жазып алып, қайталау арқылы есте сақтайды.

Саралау: Информатика сабағында қолданылатын программалардың басым көпшілігі ағылшын немесе орыс тілдерінде берілетіндіктен термин сөздерді есте сақтаудың маңызы зор.

Оқулықпен жұмыс. ЖИГСО әдісі.

Оқушыларға оқулықтан үш абзацтан үш топқа көлемді тапсырмалар беріледі. Әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды. Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрету керек

Дескриптор:

- Топ ішінде отырып, оқулықтағы ақпаратты оқиды.

- Өзінің оқыған ақпаратымен топ ішінде талқылауға белсенділікпен қатысады.

- Өзге топ мүшелеріне түсіндіру, баяндау жұмыстарын жүргізеді.

Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын интерактивді тақтадағы жауаптар арқылы “жауаптарға келісемін”, ”жауаптарға келіспеймін”, ”ұсынысым бар” сөздері арқылы тексеріп «Бағдаршам» әдісімен топ ішінде бірін – бірі бағалайды.








Сараланған деңгейлік тапсырмалар.

(Т) №1 тапсырма:

Интернет желіснде орналасқан қазақстандық сайттардың (*. kz) кез келген біреуін ашып онда орналсақан электрондық ресурстарға талдау жүргізіңдер. Назар аударыңдар:

  • Сайтта орналсқан деректер авторлық құқықпен қорғалған ба?

  • Сайт басқа авторлардың құқытарын бұзбай ма?

Дескриптор:

- Интернет желісінен топтар кез-келген қазақстандық сайтты ашады.

- Сайтта орналасқан ресурстарға топтық талқылау жүргізеді.

- Сайтта орналсқан деректер авторлық құқықпен қорғалған ба? Көз жеткізеді.

- Сайт басқа авторлардың құқытарын бұзбай ма? Жауабын табады.

(Ж) №2 тапсырма: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Алдағы уақытта интернеттен көшіріп алатын әр түрлі туындылардың авторлық құқығын бұзбай пайдаланудың ережесін ұсыныңдар.

Дескриптор:

- Алдағы уақытта интернеттен көшіріп алынған жұмыстардың авторлық құқығын бұзбаудың ережелерін жұмыс дәптерлеріне жазады.

- Жұптар бір-біріне ұсынады.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары




(Д) №3 тапсырма: «Төрт сөйлем» әдісі.

Оқушылар төменде берілген тапсырма бойынша жұмыс дәптерлеріне төрт сөйлемнен тұратын шағын эссе жазады.

/Авторлық құқықты сақтамаудан қоғамға және жеке адамдарға келетін залалды бағала/.

Дескриптор:

- Авторлық құқықты сақтамаудан қоғамға келетін залалды 2 сөйлеммен жазып жеткізеді.

- Авторлық құқықты сақтамаудан жеке адамдарға келетін залалды 2 сөйлеммен жазып жеткізеді.

Мақсаты: Тапсырмаларды іс-тәжірибеде жеңілден күрделіге қарай деңгейі бойынша орындайды.

Тиімділігі: Оқушылар ең алдымен топтаса отырып ең оңай тапсырманы орындайды. Келесі күрделендірілген тапсырманы жұптасып, бір-бірімен ақылдасып, бір-бірін үйрете отырып жасайды. Талдау дейгейінің тапсырмасын топ болып өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісе отырып жасайды.

Саралау: Жоғарыдағы берілген тапсырмалардан саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрінеді.Тапсырманың барлығы жеңілден күрделіге қарай деңгей бойынша беріледі. Қолдау қажет ететін оқушылар бір-біріне көмектесуге дағдыланады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары

Сабақтың соңы

5 мин.


Сабақты бекіту

(Т) «Өрмекші торы» әдісін қолданып, оқушылар жіпті бір-біріне сұрақтар қойып, жауабын алу арқылы лақтырады.

Төменде сұрақтар топтамасы берілген:

  1. Авторлық құқықтың мағынасы не де?

  2. Интернеттегі авторлық құқығы бар туындыларды пайдалану қаншалықты маңызды?

  3. Бүгінгі таңда интернетте авторлық құқықты қорғаудың қандай мәселелері бар?

  4. Плагиат және авторлық құқық ұғымдарының өзара қандай байланысы бар?

Рефлексия:

«Үш түрлі күнделік» әдісін қолданып рефлексия парақшасын толтырады.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары





4-бөлім. «Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау»

Мектеп: “Baiterek school”

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сраж Алуа

Сыныбы:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

    1. Мазмұн

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер)

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Мазмұн кестесінің түрлерін біледі.

Көптеген оқушылар:

Өзгермелі стильдерді қолданып мазмұндар кестесін құрады.

Кейбір оқушылар:

Мазмұнның түрлерін ажыратады және мазмұнға сілтеме жасайды.

Бағалау критерийлері

Арнайы тақырыптарға мазмұн кестесін жасайды.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

Мазмұн – оглавление – table of contents

Мазмұн кестесін жою – удалить оглавление – delete table of contents

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

  • Мазмұн ұғымын және оның қандай мақсатта қолданылатынын білесің бе?

  • Қалай ойлайсың кітаптың мазмұны мен мазмұн ұғымдарының мағынасы бірдей әлдем әртүрлі ма(сурет 1)?

  • Қағаз түріндегі оқулық пен электрондық кітаптың мазмұндары арасындағы айырмашылық қандай?

  • Мәтіндік редакторда мазмұн қалай жасалады?

  • Мазмұн кестесі дегеніміз не? Оның мазмұннан айырмашылығы неде?

  • Мазмұн кестесінің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Мазмұн кестесін құру үшін қандай стильдерді қолдана аламын?

  • Өзгермелі стильдерді қолдана отырып, жеке стильдерді пайдаланып мазмұндар кестесін қалай құруға болады?

  • Құрылған мазмұн кестесін қалай жоя аламын? Болашақта анықтама алу үшін жасаған мазмұнын сақтай аласың ба?

Құндылықтарға баулу

1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы”, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Астана» құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, орыс тілі, сурет.

Алдыңғы білім

Мазмұн туралы жалпы түсініктері бар

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Сыныпта жағымды ахуал орнату “Жылы жүрек-ізгі тілек”

сергіту сәті. Оқушылар журекті бір-біріне ұсыну арқылы ізгі тілектерін айтады.

Топтастыру

(Топтық ережемен таныстыру интербелсенді тақтада топтың ережелері көрсетіледі)

  1. Мұғалімнен бағыт-бағдар алу

  2. Тәртіп сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс жасау

  3. Уақытқа бағыну

  4. Белсенді қатысу

  5. Бір-бірін тыңдау

Оқушыларға сәттілік тілеу)

Топтастыру. 2 топқа қағаз қиындылары арқылы бірігеді.

1-топ: Білімділер. 2-топ: Ақылдылар.

(Ұ) “Миға шабуыл” әдісі бойынша өткен және жаңа тақырыптарды еске түсіру:

  • Мазмұн ұғымын және оның қандай мақсатта қолданылатынын білесің бе?

  • Қалай ойлайсың кітаптың мазмұны мен мазмұн ұғымдарының мағынасы бірдей әлдем әртүрлі ма (сурет 1)?

  • Қағаз түріндегі оқулық пен электрондық кітаптың мазмұндары арасындағы айырмашылық қандай?

  • Мәтіндік редакторда мазмұн қалай жасалады?




Қалыптастыру-шы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары




Оқулықпен жұмыс.

(Т) «Ортақ тұжырым» әдісі. Әр топ оқулықтан берілген тапсырма бойынша топ ішінде талқылап, ортақ тұжырым шығарып, төмендегі ВЕНН диаграммасына салады.

(Т) №1- тапсырма: ВЕНН диаграммасы.

Венн диаграммасын қолданып, автоматты және қолмен жасалған мазмұнның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талда.

Дескриптор:

-Автоматты құрылған мазмұн кестесінің ерекшелігін жазады.

- Қолмен жасалған мазмұн кестесінің ерекшелігін жазады.

- Екі ұғымның (автоматты және қолмен жасалған мазмұндар) ұқсастығын жазады.


Қалыптастыру-шы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары

Сабақтың ортасы

10 мин.


(Ж) №1-тапсырма:

Ұсынылған тақырыптардың біреуін таңда: спорт, музыка, әдебиет, мәдениет, өнер, кино, туризм және т.б. Оны ашу үшін таңдалған тақырып бойынша мазмұнға кесте жаз.

Дескриптор:

- Ұсынылған тақырыптардан өзіне ұнағанын таңдап алады.

- Таңдалған тақырып бойынша мазмұнға кесте жазады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары




(Д) №2-тапсырма:

Мазмұн кестесін құрудың ең оңай жолы - кірістірілген тақырып стильдерін пайдалану. Microsoft Word мәтіндік редакторында енгізілген тақырыптардың тоғыз түрлі стильдері бар: «1-тақырып» - «9-тақырып». Мәтіннің жеке бөліктеріне мазмұн элементтерінің деңгейлерін тағайындауға болады. 1-тапсырмадағы мазмұн кестесіне бірнеше кірістірілген стильдерді қолданып көр.

Дескриптор:

- Microsoft Word мәтіндік редакторында енгізілген тақырыптардың тоғыз түрлі стильдерін пайдаланады.

- №1-тапсырмадағы мазмұн кестесіне бірнеше кірістірілген стильдерді қолданады.


Қалыптастыру-шы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары

Сабақтың соңы

7 мин.


(Д) Рефлексия

«Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылар төменде берілген сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.


1. Мазмұн кестесі дегеніміз не? Оның мазмұннан айырмашылығы неде?

2. Мазмұн кестесінің қандай түрлерін білесіңдер?

3. Мазмұн кестесін құру үшін қандай стильдерді қолдана аламын?

4. Өзгермелі стильдерді қолдана отырып, жеке стильдерді пайдаланып мазмұндар кестесін қалай құруға болады?

5. Құрылған мазмұн кестесін қалай жоя аламын? Болашақта анықтама алу үшін жасаған мазмұнын сақтай аласың ба?

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары