Файл: "Дені сау лт" рбір азамат шін сапалы жне олжетімді денсаулы сатау" лтты жобасын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
"Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 85-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы (бұдан әрі – ұлттық жоба) бекітілсін.
2. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) ұлттық жобаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұлттық жобаның орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық жобаның жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен көзделген іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин | | |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілген |
"Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы
1. Паспорт
1. Атауы | 2. "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы |
2. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты | Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету |
3. Іске асыру мерзімі | 2021 – 2025 жылдар |
4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушылар үшін пайда | |
Күтілетін экономикалық тиімділік (сапалық және сандық мәнде) | Денсаулық сақтау саласына жеке инвестицияларды 2020 жылғы 121,5 млрд теңгеден 2025 жылы 783,3 млрд теңгеге дейін ұлғайту 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын (тұрақты) құру Отандық фармацевтикалық өнімнің үлесін 2020 жылғы 17 %-дан 2025 жылы 50 %-ға дейін жеткізу |
Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және / немесе сандық мәнде) | Азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту Халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін 2020 жылғы 53,3 %-дан 2025 жылы 80 %-ға дейін арттыру |
5. Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі | 3,6 трлн теңге |
6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы | ДСМ, БҒМ, МСМ, Еңбекмині, ИИДМ, АҚДМ, ЭГТРМ, СИМ, СІМ, ҰЭМ, Қаржымині, ІІМ, ТЖМ, ЦДИАӨМ, АШМ, ЖАО |
8. Ұлттық жобаның жетекшісі Ұлттық жобаның кураторы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.В. Цой Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжанов |
1.2 Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарымен өзара байланыс
Р/с № | Атауы | 2050 стратегиясы | Ұлттық даму жоспары (жалпыұлттық басымдықтар мен міндеттер, стратегиялық көрсеткіштер) | Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы (бағыт/НИ) | Елдің аумақтық даму жоспары | Саланы, аяны дамыту тұжырымдамалары (бар болса) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 1-бағыт. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек 1-міндет. Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету 2-міндет. Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту 3-міндет. Кадрлық әлеуетті нығайту | Үшінші бағыт. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік Негізгі басымдықтар: Сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Аурулардың барынша кең спектрін диагностикалауды және емдеуді қамтамасыз ету. Профилактикалық медицина аурулардың алдын алудың негізгі құралына айналуға тиіс. Балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесін пысықтау. 16 жасқа дейінгі барлық балаларды медициналық қызмет көрсетудің барлық спектрімен қамту. Медициналық білім беру жүйесін түбегейлі жақсарту. | 2-ші жалпыұлттық басымдық. Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі 2-міндет. Медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру Стратегиялық көрсеткіштер: Туған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы; Нәресте өлімі; Ана өлімі; Халықтың медициналық мекемелер ұсынатын Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі; Негізгі капиталға инвестициялар | құпия | жоқ | тұжырымдама бекітілмеген |
2 | 2-бағыт. Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру 1-міндет. Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың қазіргі заманғы моделіне көшу 2-міндет. Халықтың қазіргі заманғы және дәлдігі жоғары зертханалық зерттеулерге қол жеткізуін кеңейту | Үшінші бағыт. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік | 2-ші жалпыұлттық басымдық. Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі 2-міндет. Медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру 3-міндет. Кадрлық әлеуетті және ғылыми медицинаны дамыту Стратегиялық көрсеткіштер: Туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы | құпия | жоқ | тұжырымдама бекітілмеген |
3 | 3-бағыт. Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары 1-міндет. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті өсіру 2-міндет. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту | | 2-ші жалпыұлттық басымдық. Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі 3-міндет. Кадрлық әлеуетті және ғылыми медицинаны дамыту Стратегиялық көрсеткіштер: Туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы | құпия | жоқ | тұжырымдама бекітілмеген |
4 | 4-бағыт. Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту 1-міндет. Адамдардың денсаулықты таңдауы 2-міндет. Халықтың барлық санаттары мен топтары үшін дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысу үшін жағдайлар жасау, оның ішінде халықтың спорт объектілерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру | Үшінші бағыт. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік Профилактикалық медицина аурулардың алдын алудың негізгі құралына айналуға тиіс. Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуға тиіс | 2-ші жалпыұлттық басымдық. Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі 2-міндет. Саламатты өмір салтын қалыптастыру Стратегиялық көрсеткіштер. Туған кездегі өмір сүру ұзақтығы | жоқ | жоқ | тұжырымдама бекітілмеген |
2. Міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері
Р/с № | Міндет, нәтиже көрсеткіштері | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Өткен жылғы факт | о Ағымдағы жылға бағалау | Нәтиже көрсеткіштері (жоспар), жылдар бойынша | ||||||
2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||
Стратегиялық көрсеткіштер: 1. 2025 жылы 75 жасқа дейін күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2. 2025 жылы 1000 тірі туғанға шаққанда 7,2-ге дейінгі нәресте өлімі 3. 2025 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда ана өлімі 10,0-ға дейін 4. Медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейін 2025 жылы 80 %-ға дейін 5. 2025 жылы денсаулық сақтаудағы негізгі капиталға инвестициялар 2019 жылғы деңгейге қарағанда нақты өсімнің 372,2 %-ына дейін | ||||||||||||
1-бағыт. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек | ||||||||||||
1-міндет. Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету | ||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||
1 | 1-көрсеткіш. Ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту | % | ДСМ әкімшілік деректері | - | - | 22 | 47,5 | 100 | 100 | 100 | ||
2 | оның ішінде жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерімен қамтылған халықтың саны | млн адам | ДСМ әкімшілік деректері | 0,64 | 64 | 1,0 | 1,2 | 1,5 | 1,7 | 2,0 | ||
3 | 2-көрсеткіш. Медициналық көмек көрсетудің әлемдік стандарттарына сәйкес келетін жаңа және жаңғыртылған денсаулық сақтау объектілерінің жыл сайынғы саны | саны | ДСМ әкімшілік деректері | - | | | 3 | 5 | 10 | 24 | ||
4 | 3-көрсеткіш. ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің көлемін кеңейту | % | ДСМ әкімшілік деректері | 52,4 | 1,6 | 54 | 56 | 58 | 59 | 60 | ||
2-міндет. Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту | ||||||||||||
5 | 1-көрсеткіш. Жүкті әйелдерді босануға дейінгі жеке және салааралық бақылаумен қамтуды ұлғайту | % | ДСМ әкімшілік деректері | 70 | 5 | 75 | 80 | 85 | 90 | 95 | ||
6 | 2-көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту | % | ДСМ әкімшілік деректері | 70 | - | 70 | 75 | 80 | 85 | 90 | ||
7 | 3-көрсеткіш. Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту | % | ДСМ әкімшілік деректері | 18 | 7 | 25 | 30 | 35 | 45 | 60 | ||
| 3-міндет. Кадрлық әлеуетті нығайту | |||||||||||
8 | 1-көрсеткіш. Жетекші әлемдік орталықтарда, оның ішінде қарқынды терапия бойынша оқытылған дәрігерлердің санын ұлғайту | саны | ДСМ әкімшілік деректері | - | | | | 52 | 52 | 52 | ||
9 | 2-көрсеткіш. Өте тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының санын ұлғайту | саны | ДСМ әкімшілік деректері | - | | | 1500 | 2600 | 3060 | 3800 | ||
2-бағыт. Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру | ||||||||||||
1-міндет. Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың қазіргі заманғы моделіне көшу | ||||||||||||
10 | 1-көрсеткіш. Ұлттық және жаһандық тәуекелдерге болжамдаудың және ден қоюдың ғылыми негізделген жүйелерінің үлес салмағы | саны | ДСМ әкімшілік деректері | - | - | 20 | 40 | 60 | 80 | 100 | ||
2-міндет. Халықтың қазіргі заманғы және дәлдігі жоғары зертханалық зерттеулерге қол жеткізуін кеңейту | ||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||
11 | 1-көрсеткіш. Биоқауіпсіздік және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының үлесі | % | ДСМ әкімшілік деректері | 61 | - | 61 | 63 | 70 | 80 | 90 | ||
3-бағыт. Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары | ||||||||||||
1-міндет. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті өсіру | ||||||||||||
12 | 1-көрсеткіш. Аккредиттелген зертханалардың/орталықтардың халықаралық стандарттарға (GLP және ISO-17025) сәйкестігіне үлесі | % | ДСМ әкімшілік деректері | 20 | | - | - | 60 | - | 100 | ||
% | - | | - | - | 60 | - | 100 | |||||
13 | 2-көрсеткіш. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша жаңа өндірістердің саны | саны | ДСМ әкімшілік деректері | - | - | 4 | 5 | 8 | 7 | 6 | ||
| 3-көрсеткіш. Ұлттық реттеушінің ДСҰ бенчмаркингінің жетілу деңгейі | деңгей | ДСМ әкімшілік деректері | 2-деңгей | | 2- деңгей | - | - | - | 3-деңгей | ||
2-міндет. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту | ||||||||||||
15 | 1-көрсеткіш. Отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының оқшауланған фармацевтикалық нарықтағы үлесі (құндық мәнде) | % | ДСМ әкімшілік деректері | 17 | 5 | 22 | 28 | 36 | 46 | 50 | ||
16 | 2-көрсеткіш. ТМККК және МӘМС шеңберінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы жергілікті қамтуы бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлесі | % | ДСМ әкімшілік деректері | 30 | 5 | 35 | 37 | 40 | 43 | 50 | ||
4-бағыт. Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту | ||||||||||||
1-міндет. Адамдардың денсаулықты таңдауы | ||||||||||||
17 | 1-көрсеткіш. Саламатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтарының үлесі | % | ДСМ әкімшілік деректері | 19,0 | - | 19,0 | 24,0 | 30,0 | 35,0 | 45,0 | ||
18 | 2-көрсеткіш. Қазақстанның 15 жастан асқан тұрғындары арасында темекі шегудің таралуын төмендету (2019 жылы – 5 жылда 1 рет жүргізілетін GATS ұлттық зерттеу нәтижелері бойынша 21,5 %) | % | Ұлттық зерттеу нәтижелері (GATS) | 21,5 | | - | - | - | - | 19,0 | ||
19 | 3-көрсеткіш. Балалардың арасындағы семіздікпен сырқаттанушылықты төмендету (0-14 жас) | 100 мың адамға шаққанда | ДСМ әкімшілік деректері | 95,7 | | 94,3 | 93,2 | 92,5 | 91,3 | 90,0 | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||
2-міндет. Халықтың барлық санаттары мен топтары үшін дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысу үшін жағдайлар жасау, оның ішінде халықтың спорт объектілерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру | ||||||||||||
20 | 1-көрсеткіш. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50 % - ына дейін жеткізу | % | МСМ әкімшілік деректері | 31,6 | 2,4 | 34 | 38 | 42 | 46 | 50 | ||
21 | 2-көрсеткіш. Халықтың 1 000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі | % | МСМ әкімшілік деректері | 46 | 3 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | ||
22 | 3-көрсеткіш. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі | % | МСМ әкімшілік деректері | 11,8 | 0,9 | 12,7 | 12,9 | 13,2 | 13,7 | 14 |
3. Әлеуметтік-экономикалық тиімділік, игілік алушылар үшін пайда
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Жылдар бойынша болжамды мәндер | ||||
2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | Әлеуметтік әсер | | | | | | |
1.1. | Күтілетін өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа дейін өсуі | жылдар саны | 73,3 | 73,7 | 74,2 | 74,6 | 75,0 |
1.2. | Халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттану деңгейін 80 %-ға дейін арттыру | % | 66,1 | 69,6 | 73,0 | 76,5 | 80,0 |
2. | Экономикалық тиімділік | | | | | | |
2.1. | Денсаулық сақтау саласына жеке инвестицияларды ұлғайту | млрд теңге | 37,6 | 208,8 | 521,6 | 731,4 | 783,3 |
2.2. | Отандық фармацевтикалық өнімнің үлесін 50 %-ға дейін жеткізу | % | 22 | 28 | 36 | 46 | 50 |
2.3 | Жұмыс орындарын құру: | | | | | | |
2.3.1 | тұрақты | саны | - | 1700 | 2300 | 7600 | 1300 |
2.3.2 | уақытша | саны | 3999 | 8149 | 12079 | 5130 | 3236 |
4. Қажетті ресурстар
Р/с № | Міндеттердің атауы | Қажетті қаражат (жылдар бойынша) млн тг | Қаржыландырудың барлығы | Қаржыландыру көзі | ||||||||||
РБ | ЖБ | бюджеттен тыс қаражат | ||||||||||||
2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | | | | | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||||
1-бағыт. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек | ||||||||||||||
| 1-міндет. Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету | 310 486 | 514 043,8 | 689 131,1 | 747 405,1 | 1 085 901 | 3 346 967 | 2 346 813 | 85 000 | 915 153,9 | ||||
| 2-міндет. Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту | 6 277,3 | 9 186,3 | 6 277,3 | 6 277,3 | 6 277,3 | 34 295,5 | 0 | 0 | 34 295,5 | ||||
| 3-міндет. Кадрлық әлеуетті нығайту | 0 | 7 308,8 | 10 778,6 | 14 633 | 19 401,8 | 52 122,2 | 40 554 | 11 568,3 | 0 | ||||
2-бағыт. Эпидемиологиялық болжамдау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру | ||||||||||||||
| 1-міндет. Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың қазіргі заманғы моделіне көшу | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | ||||
| 2-міндет. Халықтың қазіргі заманғы және дәлдігі жоғары зертханалық зерттеулерге қол жеткізуін кеңейту | 884,5 | 3 423,4 | 16 749,4 | 16 283,5 | 7 221,5 | 44 562,3 | 43 880 | 0 | 682,3 | ||||
3-бағыт. Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары | ||||||||||||||
| 1-міндет. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті өсіру | 0 | 73 | 917 | 8 938 | 9 108 | 19 036 | 18 323 | 0 | 713 | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||||
| 2-міндет. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | ||||
4-бағыт. Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту | ||||||||||||||
| 1-міндет. Адамдардың денсаулықты таңдауы | 1 376,5 | 1 863,5 | 2 877,2 | 5 197,7 | 6 134,9 | 17 449,8 | 1 561 | 0 | 15 889,1 | ||||
| 2-міндет. Халықтың барлық санаттары мен топтары үшін дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысу үшін жағдайлар жасау, оның ішінде халықтың спорт объектілерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру | 26 630,7 | 39 151,8 | 18 756,5 | 18 764,7 | 18 770,1 | 122 073,8 | 9 367 | 112 706,3 | 0 | ||||
| БАРЛЫҒЫ, оның ішінде қаржыландыру көздерінің түрлері бойынша | 345 655,0 млн теңге | 575 050,6 млн теңге | 745 487,1 млн теңге | 817 499,3 млн теңге | 1 152 814,7 млн теңге | 3 636 506,6 млн теңге | 2 460 498 млн теңге | 209 274,6 млн теңге | 966 733,8 млн теңге | ||||
| Республикалық бюджет | 185 508 млн теңге | 332 338 млн теңге | 469 087 млн теңге | 572 862 млн теңге | 900 703 млн теңге | 2 460 498 млн теңге | | | | ||||
| Жергілікті бюджет | 60 561,7 млн теңге | 80 920,8 млн теңге | 19 526,9 млн теңге | 22 228,5 млн теңге | 26 036,7 млн теңге | 209 274,6 млн теңге | | | | ||||
| Бюджеттен тыс қаражат | 99 585,4 млн теңге | 161 791,8 млн теңге | 256 873,0 млн теңге | 222 409,1 млн теңге | 226 074,5 млн теңге | 966 733,8 млн теңге | | | |
5. Жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлу
Р/с № | Атауы | Жауапты (лауазымды тұлға) | Өкілеттіктер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
1 - бағыт. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
1 | 1-міндет. Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері іске асыру, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
2 | 1-көрсеткіш. Ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
3 | 2-көрсеткіш. Медициналық көмек көрсетудің әлемдік стандарттарына сәйкес келетін жаңа және жаңғыртылған денсаулық сақтау объектілерінің саны | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаев, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
4 | 3-көрсеткіш. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көлемін кеңейту | ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шоранов, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – түзету бойынша ұсыныстар енгізу, іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
5 | 2-міндет. Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
6 | 1-көрсеткіш. Жүкті әйелдерді босануға дейінгі жеке және салааралық бақылаумен қамтуды ұлғайту | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
7 | 2-көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
8 | 3-көрсеткіш. Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
9 | 3-міндет. Кадрлық әлеуетті нығайту | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
10 | 1-көрсеткіш. Жетекші әлемдік орталықтарда, оның ішінде қарқынды терапия бойынша оқытылған дәрігерлердің санын ұлғайту | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
11 | 2-көрсеткіш. Өте тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының санын ұлғайту | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
2-бағыт. Эпидемиологиялық болжамдау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру | |||||
12 | 1-міндет. Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың қазіргі заманғы моделіне көшу | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Қиясов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Р.Ж.Құрманов, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М.М.Күлдіков, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице министрі А.Ә.Пірімқұлов | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау АШМ, ТЖМ, ЭГТРМ – түзету бойынша ұсыныстар енгізу | ||
13 | 1-көрсеткіш. Ұлттық және жаһандық тәуекелдерді болжаудың және ден қоюдың ғылыми-негізделген жүйелерінің үлес салмағы | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Қиясов | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
14 | 2-міндет. Халықтың қазіргі заманғы және дәлдігі жоғары зертханалық зерттеулерге қол жеткізуін кеңейту | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Қиясов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қ.А. Ерғалиев | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау БҒМ - түзету бойынша ұсыныстар енгізу | ||
15 | 1-көрсеткіш. Биоқауіпсіздік және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының үлесі | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Қиясов | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
3-бағыт. Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары | |||||
16 | 1-міндет. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті өсіру | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Қ. Төребаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі М.Қ. Қарабаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі К.А.Ерғалиев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.А. Айдаров, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; СИМ, БҒМ, ИИДМ, СІМ – түзету бойынша ұсыныстар енгізу; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері – түзету бойынша ұсыныстар енгізу | ||
17 | 1-көрсеткіш. Халықаралық аккредиттелген зертханалардың/орталықтардың стандарттарға (GLP және ISO-17025) сәйкестігіне үлесі | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Қ. Төребаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі М.Қ. Қарабаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қ.А. Ерғалиев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.А. Айдаров, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; СИМ, ИИДМ, БҒМ, СІМ – түзету бойынша ұсыныстар енгізу; облыстардың, Нұр –Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – түзету бойынша ұсыныстар енгізу | ||
18 | 2-көрсеткіш. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша жаңа өндірістер саны | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі М.Қ. Қарабаев, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; ИИДМ - түзету бойынша ұсыныстар енгізу; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – түзету бойынша ұсыныстар енгізу | ||
19 | 3-көрсеткіш. Ұлттық реттеушінің ДСҰ бенчмаркингінің жетілу деңгейі | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаев | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
20 | 2-міндет. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.А. Айдаров, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т.М. Жақсылықов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі М.Қ. Қарабаев, Цифрлық даму, ҚР инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.С.Жамбакин, Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; ИИДМ, СІМ, СИМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ – түзету жөнінде ұсыныстар енгізу облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, мониторингтеу, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
21 | 1-көрсеткіш. Отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының оқшауланған фармацевтикалық нарықтағы үлесі (құндық мәнде) | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.А. Айдаров, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т.М. Жақсылықов, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; ҰЭМ, СІМ – түзету жөнінде ұсыныстар енгізу облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, мониторингтеу, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
22 | 2-көрсеткіш. ТМККК және МӘМС шеңберінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы жергілікті қамтуы бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлесі | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаев, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т.М. Жақсылықов, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; ҰЭМ – түзету жөнінде ұсыныстар енгізу облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – іске асыру, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау | ||
4-бағыт. Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту | |||||
23 | 1-міндет. Адамдардың денсаулықты таңдауы | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Ш.Т.Каринова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі К.Б.Ойшыбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М.Әукенов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Ә.Пірімқұлов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.С.Жамбакин, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.М.Дәуешов, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ш.Қожаев, ҚР Төтенше жағдайлар бойынша бірінші вице-министр И. Д. Күлшімбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ.Ә. Өскенбаев, ҚР Қаржы вице-министрі М.Е.Сұлтанғазиев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Р.Ж.Құрманов, облыстардың, Нұр- | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; ҰЭМ, Қаржымині – салық салу, акциз және қаржыландыру мәселелеріндегі саясатты айқындау; СИМ – тауар айналымы, сауда мәселелеріндегі саясатты анықтау; АҚДМ – ақпараттық қолдау; МСМ – халықтың арасында дене белсенділігі мен бұқаралық спортты дамытудағы саясатты айқындау; БҒМ – білім және ғылым жөніндегі саясатты анықтау; ЭГТРМ – экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша саясатты анықтау; ІІМ, ТЖМ – жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың, төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша түзету бойынша ұсыныстарды іске асыру, енгізу; ЦДИАӨМ – цифрландыру мәселелері жөніндегі саясатты айқындау; | ||
| | Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | ИИДМ – тұрғын үй-коммуналдық құрылыс мәселелері жөніндегі саясатты айқындау; Еңбекмині – түзету бойынша ұсыныстар енгізу; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – бағдарламаларды орындау және халықты саламатты өмір салты бағдарламаларымен жаппай қамту "Атамекен" ҰКП – бизнесті, сауданы, НҚА дамыту және тұтынушылар мен қызметтерді жеткізушілердің құқықтарын қорғау мәселелеріндегі саясатты айқындау | ||
24 | 1-көрсеткіш. Саламатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтарының үлесін арттыру | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т.Каринова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі К.Б.Ойшыбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М.Әукенов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Ә.Пірімқұлов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.С.Жамбакин, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.М.Дәуешов, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ш.Қожаев, ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі И. Д.Күлшімбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ.Ә. Өскенбаев, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; Қаржымині, ҰЭМ – салық салу, акциз және қаржыландыру мәселелеріндегі саясатты айқындау; СИМ – тауар айналымы, сауда мәселелеріндегі саясатты анықтау; АҚДМ – ақпараттық қолдау; МСМ – халық арасында дене белсенділігі мен бұқаралық спортты дамытудағы саясатты айқындау; БҒМ – білім және ғылым жөніндегі саясатты анықтау; ЭГТРМ – экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша саясатты анықтау; ІІМ, ТЖМ – жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың, төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша түзету бойынша ұсыныстарды іске асыру, енгізу; ЦДИАӨМ – цифрландыру мәселелері жөніндегі саясатты айқындау; ИИДМ – тұрғын үй-коммуналдық құрылыс мәселелері жөніндегі саясатты айқындау; Еңбекмині – түзету бойынша ұсыныстар енгізу; | ||
| | | облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – бағдарламаларды орындау және халықты саламатты өмір салты бағдарламаларымен жаппай қамту "Атамекен" ҰКП - бизнесті, сауданы, НҚА дамыту және тұтынушылар мен қызметтерді жеткізушілердің құқықтарын қорғау мәселелеріндегі саясатты айқындау | ||
25 | 2-көрсеткіш. 15 жастан асқан Қазақстанның тұрғындары арасында темекі шегудің таралуын төмендету | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, ҚР Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанғазиев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі А.К.Әмрин, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Е.Қ.Қазанбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі К.Б.Ойшыбаев, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; Қаржымині, ҰЭМ – салық салу, акциз және қаржыландыру мәселелеріндегі саясатты айқындау; СИМ – тауар айналымы, сауда мәселелеріндегі саясатты анықтау; АҚДМ – ақпараттық қолдау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – бағдарламаларды орындау және халықты саламатты өмір салты бағдарламаларымен жаппай қамту "Атамекен" ҰКП – бизнесті, сауданы, НҚА дамыту және тұтынушылар мен қызметтерді жеткізушілердің құқықтарын қорғау мәселелеріндегі саясатты айқындау | ||
26 | 3 – көрсеткіш. Балалардың арасындағы семіздікпен сырқаттанушылықты төмендету (0-14 жас) | ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиният, ҚР Қаржы вице-министрі М.Е.Сұлтанғазиев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі А.Қ.Әмрин, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Е.Қ.Қазанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Р.Ж.Құрманов, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | ДСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; Қаржымині, ҰЭМ – салық салу, акциз және қаржыландыру мәселелеріндегі саясатты айқындау; СИМ – тауар айналымы, сауда мәселелеріндегі саясатты анықтау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – бағдарламаларды орындау және халықты саламатты өмір салты бағдарламаларымен жаппай қамту; | ||
| | | "Атамекен" ҰКП – бизнесті, сауданы, НҚА дамыту және тұтынушылар мен қызметтерді жеткізушілердің құқықтарын қорғау мәселелеріндегі саясатты айқындау | ||
27 | 2-міндет. Халықтың барлық санаттары мен топтары үшін дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысу үшін жағдайлар жасау, оның ішінде халықтың спорт объектілерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру | ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.М.Дәуешов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Л. Шалабекова, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | МСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері: – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету, – тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда жеке тұлғалардың, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін ескере отырып, спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым құру, – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсыну | ||
28 | 1-көрсеткіш. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50 %-ына дейін жеткізу | ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.М.Дәуешов, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | МСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері: – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету, – тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда жеке тұлғалардың, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін ескере отырып, спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым құру, | ||
| | | - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсыну. | ||
29 | 2-көрсеткіш. Халықтың 1 000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі | ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.М.Дәуешов, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | МСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр - Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері: – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету, – жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда қолжетімділігін ескере отырып, инфрақұрылым құру, – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсыну. | ||
30 | 3-көрсеткіш. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын, мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатарындағы дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі | ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.М.Дәуешов, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері | МСМ – іске асыру, мониторинг, түзету бойынша ұсыныстар енгізу, есептілікті дайындау; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері – мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасында спорт жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, қалалар мен аудандардың дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жұмысын жүргізу, мүгедектердің арасында спорт түрлері бойынша секциялар ашу. | ||
| | | |||
| "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасына қосымша | |