Файл: Білім алушыны тадауы бойынша практикасыны кнделігі Мамандыы 01140700 Информатика.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 18
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледж
И-207 тобының білім алушысы
Орынбасар Аяулым Хайдарқызының
Білім алушының таңдауы бойынша
практикасының күнделігі
Мамандығы: 01140700 «Информатика»
Біліктілігі: 4S01140701 «Бастауыш және негізгі білім берудің информатика мұғалімі»
Практика базасы: "Самғау" мектебі
Практика мерзімі: 27.04.-24.05.2023 ж
Мектеп директоры:____________Ж.Г.Тлектесовна
2022-2023 оқу жылы
«Білім алушының таңдауы бойынша практикасы» туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Орынбасар Аяулым Хайдарқызы
р/с № | Кәсіптік практикасының бағдарламасына сәйкес әр күн орындалған жұмыстарының атауы | Кәсіптік практикасының жеке тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері | Кәсіптік практикасы жетекшісінің қолы | |
басталу | аяқталуы | |||
1 | 11.05.2023ж Мен, Орынбасар Аяулым Хайдарқызы, 11.05-24.05.2023 жыл аралығында «Білім алушының таңдауы бойынша практикасынан» өттім. Өз мамандығымның біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген тәжірибие орны «Самғау» мектебі болды. Жетекшім Рахимбеков Данияр Жаксылыкович болды. Іс-тәжірибе кезінде мен мектептің 3 «ә» сыныбына бекітілдім. Сыныпта 17 оқушы, оның ішінде 9 қыз,8 ұл. Сынып жетекшісі Сақтау Малика Маратқызы. Бірінші сабағым 2 «Ә» сыныбына болды. Өткізілген сабақ тақырыбы «Жобаға арналған идея» болды. Оқушылар сабақ кезінде белсенділік көрсетіп, сабақ соңында өздеріне тиесілі баға қойылды. Келесі сабағым 2 «Б» сыныбында болды. Оқушылар сабақты мұқият тыңдап, жақсы нәтиже көрсетті. | 8:30 | 15:00 | |
2 | 12.05.2023ж Бүгін «Білім алушының таңдауы бойынша практикасының» екінші күні. Бүгін 3 «Ә» сыныбына «Суретшілер әлемі» атты тәрбие сағатын жүргіздім. Тәрбие сағатында әдіс-тәсіл мен көрнекіліктер қолдандым. Оқушылар мәліметтерді қызыға тыңдап, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындады. | 8:30 | 15:00 | |
3 | 15.05.2023ж Бүгін дүйсенбі. Бірінші сабағым 1 «А» сыныбында өтті. Сабақтың тақырыбы «Моя первая программа. Линейный алгоритм» болды. Сабақтың басында жаңа тақырыпты түсіндіріп, содан кейін алгоритм жасадық. Оқушылар сабақты тез түсініп, белсене қатысты. | 8:30 | 15:00 | |
4 | 16.05.2023ж Бүгін практиканың төртінші күні. Бүгінгі күнім бекітілген сыныбымды сырттан бақылау және қағаздарымды жинаумен өтті. | 8:30 | 15:00 | |
5 | 17.05.2023ж Практиканың бесінші күні. 1 «Ә» сыныбында сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы «Қауіпсізідікті сақтайық» болды. Сабақтың тақырыбын түсіндіріп, әр-түрлі әдіс-тәсілдермен өткіздім. Сабақты қорыту үшін тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіп, сұрақтар қойдым. Оқушылардың ойынша сабақ қатты ұнады. Келесі сабағым 4 «Ә» сыныбында өтті. Сабақтың тақырыбы «Видеожазба». Сабағым ойдағыдай өткізілді. Сабақтың соңына қарай сынып жетекшісі Малика апай маған жұма күні болатын тәрбие сағатының тақырыбын берді. Дәл сол кезден бастап, мен тәрбие сағатына дайындала бастадым. Қажетті көрнекіліктер жинадым. | 8:30 | 15:00 | |
6 | 18.05.2023ж Бүгін практиканың алтыншы күні. Сабағым 2 «Ә» және «Б» болды. Сабақтың тақырыбы «Жобаға арналған идея». Оқушыларға алгоритм құруды үйреттім. Үй тапсырмасы ретінде алгоритм бойынша оқиға құрастыру болды. | 8:30 | 15:00 | |
7 | 19.05.2023ж Бүгін практиканың жетінші күні. Мектепке келе сала тәрбие сағатына дайындалып, көрнекіліктерді тақтаға іліп, безендіре бастадым. Тәрбие сағатының тақырыбы «Отбасы-бақыт ұясы». Мақсаты оқушыларды отбасы туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Тәрбие сағатында оқушылар белсене қатысып, өз ойларын ашық айтты. Тақырыпқа сай қойылған сұрақтарға еш кедергісіз жауап берді. Тәрбие сағаты соңында оқушыларға белсене қатысқандары үшін тәттілер таратылды. | 8:30 | 15:00 | |
8 | 22.02.2023ж Бүгін «Білім алушының таңдауы бойынша практиканың» сегізінші күні. «Көңілді эстафета» атты сыныптар арасында эстафета өткізілді. Эстафета жоғары деңгейде болды. Мақсаты оқушылардың денелерін шынықтыру және сабақтан тыс көңілдерін көтеру болып табылды. Сабақ соңына қарай әр сыныпқа «жаз кезінде суға шомылу ережелері» туралы тәрбие сағаты жүргізілді. | | | |
9 | 23.05.2023 ж Бүгін «Білім алушының таңдауы бойынша практиканың» тоғызыншы күні. Бүгінгі күнім толықтай қағаз жинаумен өтті. | | | |
10 | 24.05.2023ж Бүгін «Білім алушының таңдауы бойынша практиканың» соңғы күні. Соңғы күнім қағаздарға қол қойғызумен және | | | |
Білім алушы:______________Орынбасар А.Х.
Практиканың тікелей жетекшісінің қолы:______________Рахимбеков Д.Ж