Файл: 4 сыныпа аза тілі пнінен 4тосана арналан жиынты баалауды тапсырмалары Оушыны атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4 сыныпқа «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары Оқушының аты-жөні:______________________________________________ Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым. Жазылым. Оқу мақсаты 4.1.3.1* Тыңдалған материалдың ұзақтығы 2-2,5мин. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру / сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау / кесте толтыру / мәтінге ат қою / болжау .

4.3.1.1* Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/ белгі қойып оқу.

4.5.1.5* Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру.

Бағалау критерийі Білім алушы . Сұрақтарға дұрыс жауап береді . Қосымшаларды дұрыс қолданады Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну. Қолдану Орындау уақыты 40 минут

1-тапсырма. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Ербол мен Тимур – достар. Екеуі бір сыныпта оқиды. Олар көптен бері болашақтың машинасын құрастырып жүр. Олар машинаға үлкен сағат орнатты.

Бүгін олар үшін ерекше күн. Олар машинаны алғаш рет іске қосып көреді. Өздері қуанып және қорқып тұр. Тимур үлкен қызыл тетікті басып, сағатты бұрады.

— Қай уақытқа барамыз, Ербол?

— Болашаққа барайық. Болашақта Қазақстанның қандай болатынын көргім келеді.

— Жақсы, онда сағатты 2030 жылға қоямын. Дайынсың ба? Кеттііііік!

Осы кезде айналадағы заттар көрінбей, балалар кеңістікте ұшып бара жатты.

  1. Балаларды сипаттайтын 2 сөзді анықта.

    1. ақылды

    2. жалқау

    3. еңбекқор

D) мейірімді

(2)

  1. Мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын 2 сөйлемді анықта.

A) Уақыт машинасы үш бөлшектен тұрады.

    1. Уақыт машинасын іске қосу сәтсіз аяқталды.

    2. Достар уақыт машинасын бірінші рет іске қосты.

    3. Достар уақыт машинасымен болашаққа саяхаттады.

(2)



  1. Бұл күн достар үшін неліктен ерекше болды?

___________________________________________________________________________

(1)

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 1. Қазақтың бірінші ғарышкері кім? _____________________________________________________________________________ 2. «Ғарыш хирургі» деген атқа ие болған ғарышкер кім? _____________________________________________________________________________ 3. Ғаламшарларды жаз. _____________________________________________________________________________

4. Ғаламшардың әлемі, орналасқан аймағы қалай аталады?

_____________________________________________________________________________
5. 2015 жылы ғарышқа ұшқан ғарышкер?


______________________________________________________________________________

(5)

3-тапсырма. Орны ауысқан сөздерді қалпына келтіріп жаз.

1. 1957 жылы, ұшырылған, Байқоңырдан, тұңғыш, ғарыш зымыраны. ___________________________________________________________________________

2. Ю.Гагарин, жер серігін, ғарышқа, алып барған, ең бірінші, болып. ___________________________________________________________________________

3. Ғарышайлағы, облысында, Байқоңыр, орналасқан, Қызылорда. ___________________________________________________________________________

4. Күнге, тұрған, ең жақын, ғаламшар, Меркурий. ____________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Ұпай

Білім алушы

Мәтін бойынша тапсырмаларды орындау.

1

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлемдерді толықтырады.

5 ұпай

Сұрақтарға дұрыс жауап беру

2

Әр сұраққа 1 ұпайдан

5 ұпай

Орны ауысқан сөздерді қалпына келтіріп жазу

3

Әр сөйлемге 1 ұпайдан

4 ұпай


Сөздердің аудармасын жазады

4

Сөздердің аудармасын дұрыс жазады

4 ұпай

Барлығы







18 ұпай
4-тапсырма. Сөздердің аудармасын жаз. (4) Космонавт - Ракета - Спутник - Километр- Космос - Планета - Пространство - Календарь - Информация - Современный - Качественный - Развиваться - Будущее - Изобретение - (4)