Файл: Гинекологиялы зерттеу дістері,жатыр мойны патологиясыны диагностикасы айнамен арау, биманульды зерттеу.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 81
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алғашқы бөлік деп нәрестенің жамбас қуысына жақын жатқан және босану жолдарынан бірінші болып өтетін бөліктерін айтады. Мысалы, жамбас қуысына бас жақын жатқан жағдайда, босану жолдарынан бірінші желке, төбе, маңдай, бет бөліктері туылады. Осыған байланысты жатушы бөлігі шүйде, төбе немесе бөксе деп есептеледі.
Бастың орнығуы – төбе жігінің шат пен сегізкөз мүйісіне қатысы. Егер төбе жігі шат пен сегізкөз мүйісінен бірдей қашықтықта орналасса, оны синклитикалық, ал бірдей қашықтықта орналаспаса, оны асинклитикалық орнығуы деп атайды.
Нәрестенің басымен орнығуы
Көп жағдайда (95%-да) бас шүйде сүйегімен туылады. Шүйде сүйегімен алға (симфизге) немесе артқа (сегізкөзге) қарап туылуы мүмкін.
Нәресте басының шалқая орнығуы: төбесімен, маңдайымен, бетімен орналасуы мүмкін.
Төбесімен орнығуы – бұл шүйде сүйегінің артқы түрінің варианты, нәресте басы шамалы ғана шалқаяды, иек көкіректен алыстау, алып жүру нүктесі үлкен еңбек.
Маңдайымен орнығуы – нәресте басы едәуір шалқаяды, жамбас жазықтығына маңдай орналасады, босану кезеңдерінде бұл түрі бетпен жату түріне ауысуы мүмкін.
Бетімен орнығуы – нәресте басы қатты шалқаяды, шүйде мен арқасы бірігіп, жамбас жазықтығында бет орналасып, алып жүру нүктесі иек болады.
Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау техникасы
Леопольд-Левицкий тәсілінен кейін нәрестенің жүрек соғысын стетоскоп немесе УДЗ, фонокардиография, кардиотокография арқылы анықтайды. Жатырішілік нәрестенің жүрек соғуын тексеру арқылы нәрестенің жағдайы және көп ұрықты немесе бір ұрықты жүктілік екендігі анықталады.
Көрсеткіштері: 1. 18 апталық жүктілікте және одан жоғары мерзімде.
2. Босану кезеңінде-латентті фазада әр 30 минут сайын, белсенді фазада әр 15 минут сайын және босанудың ІІ-ші кезеңінде әр 5 минут сайын немесе әр күшеншектен кейін – нәрестенің жағдайын бағалау мақсатында тыңдалады.
Қарсы көрсеткіштері: жоқ.
Тексеруге дайындық: әйелді қатты кушетка үстіне аяқтарын созып жатқызады.
Техникасы:
Нәрестенің жүрек соғысы акушерлік стетоскоппен іш пердесіне тығыз қойылып, жүйелі түрде тексеріледі.
Нәресте басымен келуінде жүрек соғуы кіндіктен төмен, нәрестенің позициясына қарай – І-ші позицияда сол жақта, ІІ-ші позицияда оң жақта естіледі. Нәресте көлденең орналасқан жағдайда, нәрестенің позициясына қарай – І-ші позицияда кіндік тұсында сол жақта, ІІ-ші позицияда кіндік тұсында оң жақта естіледі. Ал жамбаспен келгенде кіндіктен жоғары – І-ші позицияда сол жақта, ІІ-ші позицияда оң жақта естіледі.
Қалыпты жағдайда нәрестенің жүрек соғысы минутына 110-160 рет.
Көп ұрықты жүктілікте нәрестенің жүрек соғысы екі нүктеден естіледі.
4
Стандарт «Қынап тазалығына жағынды алу»
Мақсат: Микроскопиялық зерттеуге материал алу..
Ресурс: гинекологиялық орындық, аспап-құралдары бар (айналар, пинцеттер) стерилді үстел және жұмсақ мүліктер (шариктер, сүлгілер), жарық беретін шам, заттық әйнектер, Фолькман қасығы, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, зертханаға жолдама, дезинфекциялық ерітінді, клеенка, астына салатын төсеуіш, корнцанг, орамал, сабын.
Іс-әрекет алгоритмі.
1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қажеттілігін және емшараның орындалу барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Зәр қуығын босатудың қажеттілігі туралы хабарлаңыз.
3. Орынтаққа клеенка мен астына салғышты төсеңіз.
4. Әйелге гинекологиялық орынтаққа арқасымен, аяқтары жамбассан және тізе буындарында бүгілген, ашылған, тізе асты шұңқырлар тіреуішке тірелген жағдайында жатуға көмектесіңіз.
5. Қараған кезде тыныс алуы кеңінен болуын, түсіндіріңіз.
6. Сарпайды қарауға дайындаңыз, сыртын және санның ішкі беткейін корнцанг және шарик көмегімен дезинфекциялық ерітіндімен сүртіңіз.
7. Қолдарыңды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
8. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
9. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз.
10. Оң қолмен ұқыпты қынапқа Куско айнасын енгізіңіз: басында ұзынша орналастырып, сосын көлденең жағдайға ауыстырыңыз, ал қынапта оны жатыр мойнына жеткізбей, ашыңыз.
11. Айнаны винттің көмегімен ашық түрінде бекітіңіз.
12. Қынапқа Фолькман қасығын (пинцетте болады) кіргізіңіз, қынаптың төменгі бүйірлі қабырғасына сәл жанап ұқыпты түрде жағынды алыңыз.
13. Жазушаларды езбей, заттық әйнекке жұқа қабатпен жағындыны жағыңыз.
14. Егерде қынапта көп бөлінділер болса, онда жағындыны алардың алдында қынапты ұқыпты түрде пинцетке мақта тығынды алып (жақсы көріну үшін) құрғату қажет.
15. Айнадағы винтті ашыңыз.
16. Қынаптағы айнаны біртіндеп жабып ұқыпты түрде шығарыңыз.
17. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және оны КБУ салыңыз, ал айнаны, Фолькман қасығын, пинцетті және корнцангті 3% хлорамин ерітіндісіне бір сағат бойы салып қойыңыз.
18. Қолыңды сабындап жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
19. Зертханаға жолдаманы дайындаңыз:
Кабинет нөмірі
Ф.И.О.
Жасы
Жұмыс немесе оқу орны
Жағындның мақсаты (мазок на степень чистоты)
дата
акушердің, медбикенің, дәрігердің қолы
20. Жағындыны зертханаға жіберіңіз.
3.1.62. Стандарт «Cervix – Brush пайдаланып онкоцитологичға жағынды алу»
Зерттеу мақсаты: онкологиялық ауруларды ерте анықтау.
Ресурс: гинекологиялық кресло, стерильді пелёнка, лоток, стерильные перчатка, Куско айнасы, пинцет, 4-6 дәкелік тампон, заттық әйнек, этил спирті 96°, наркоз үшін эфир, фиксатор.
Іс-әрекет алгоритмі.
Әйелге түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Гинекологиялық креслоны жеке клеенкмен немесе стерильді пелёнкамен жабыңыз.
Гинекологиялық креслоға әйелді арқасымен жатқызыңыз.
Қолыңызды жуып, өңдеңіз.
Лотокқа перчатка, Куско айнасын, пинцет және 4-6 дәкелік тампондарды салыңыз.
Заттық әйнек дайындаңыз (жуып, спирт немесе эфирмен сүртіп, құрғату), фиксатор, Cervex – Brush стерильді қаптың ішінде
Стерильді перчатка киіңіз.
Оң қолыңызға Куско айнасын алыңыз.
Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен .жыныс еріндерін ашыңыз
Айнаны жабық күйінде қынаптың бүйір қабырғасымени енгізіңіз.
Айнаны артқы күмбезге дейін енгізіңіз
Жармаларды ашыңыз.
Бұрамаларын бекітіңіз.
Жатыр мойнын және қынапты қарап-тексеріңіз.
Жатыр мойнын қарағанда оның бетіндегі шырышқа да мән беру керек.
Егер шырыш көп болса оны жұмсақ мақталық тампонмен алып тастау керек.
Cervex – Brush пакетін ашыңыз.
Cervex – Brush қынапқа және ары қарай жатыр мойнының каналына енгізіңіз.
Cervex – Brushты жатыр мойнының каналына енгізген соң оны 5 рет айналдыра баяу айналдырыңыз.
Щётканы алып шығыңыз.
Щёткадағы шырыгһшыт заттық әйнекке ұзыннан жағыңыз.
Жағындыны фиксатормен бекітіңіз.
Айна жармаларын босатыңыз.
Айнаны шығарыңыз.
Дез.ерітіндіге салыңыз.
Әйелдің тұруына көмектесіңіз.
Перчатканы шешіп, ережеге сай тастаңыз..
Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеп құрғатыңыз.
3.1.61. Стандарт «Гонореяға жағынды алу»
Мақсат: Микроскопиялық зерттеуге материал алу..
Ресурс: гинекологиялық орындық, аспап-құралдары бар (айналар, пинцеттер) стерилді үстел және жұмсақ мүліктер (шариктер, сүлгілер), жарық беретін шам, заттық әйнектер, Фолькман қасығы, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, зертханаға жолдама, дезинфекциялық ерітінді, клеенка, астына салатын төсеуіш, корнцанг, орамал, сабын.
Іс-әрекет алгоритмі.
1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қажеттілігін және емшараның орындалу барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Зәр қуығын босатудың қажеттілігі туралы хабарлаңыз.
3. Орынтаққа клеенка мен астына салғышты төсеңіз.
4. Әйелге гинекологиялық орынтаққа арқасымен, аяқтары жамбассан және тізе буындарында бүгілген, ашылған, тізе асты шұңқырлар тіреуішке тірелген жағдайында жатуға көмектесіңіз.
5. Қараған кезде тыныс алуы кеңінен болуын, түсіндіріңіз.
6. Сарпайды қарауға дайындаңыз, сыртын және санның ішкі беткейін корнцанг және шарик көмегімен дезинфекциялық ерітіндімен сүртіңіз.
7. Қолдарыңды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
8. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
9. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз.
Негізі гонореяга 3 жерден жағынды алады. Оган Симсон айнасы колданылады.
Стеклога Ц О У деп жазып коямыз.
1-Цервикис(ягни жатыр)-жатыр каналынан алып багананы Ц деген жерге жағамыз.
2-Жатырдың артқы күмбезінен алып О деген жерге жағамыз.
3-Фолькман касығының колданылатын жағын ауыстырып, Симсон айнасының жоғарғысын қынаптан шыгарып, уретрадан жағынды алып, оны У деген жерге жағамыз
5
№111 ПРОТОКОЛ ДАПТЕРІМДЕ
6
3.1.15. Стандарт «Шүйдемен жатудың алдыңғы түрінде босану биомеханизмі»
Бірінші кезең – бастың бүгілуі. Нәресте басы оқ тәрізді жікпен жамбастың көлденең жазықтығына еніп, шалқаяды.Жетекші нүктесі кіші еңбек болып табылады. Осылайша нәресте басы өзінің ең кіші өлшемімен өтеді.
Екінші кезең – нәресте басының іщкі бұрылысы. Нәресте басы жамбас астауына түсіп, ішкі бұрылыс жасайды.
Үшінші кезең – бастың шалқаюы. Желке асы шұңқыры қасаға сүйектің астына түсіп, бекіту нүктесі пайда болады. Осы тұста бала басы шалқайып, адымен шүйде, төбесі сосын маңдай және беті туылады.
Төртінші кезең – нәресте иықтарының ішкі және сыртқы бұрылыстары. Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады.
3.1.16. Стандарт «Шүйдемен жатудың артқы түріндегі босану биомеханизмі»
Бірінші кезең – бастың бүгілуі. Нәресте басы оқ тәрізді жікпен жамбастың көлденең жазықтығына еніп, шалқаяды.Жетекші нүктесі кіші еңбек болып табылады. Осылайша нәресте басы өзінің қиғаш өлшемімен өтеді.
Екінші кезең – нәресте басының іщкі бұрылысы. Нәресте басы жамбас астауына түсіп, шүйдесімен артқа бұрылыс жасайды.
Үшінші кезең қосымша 2 кезеңнен тұрады. Қасаға сүйектің астыңғы жағына маңдайдың шаш басталған аймағы келеді, осы тұста бекіту нүктесі пайда болады және нәресте басы бүгіледі. Осы кезде құйымшақ-сегізкөз байламдарына шүйде асы шұңқыры келеді. Екінші бекіту нүктесі пайда болады.осы кезде баланың тағы бүгіліп, жыныс саңылауынан нәресте басы туылады. Ары қарай туылу дәл алдыңғы түріндегі сияқты биомеханизммен жүреді.
Төртінші кезең – нәресте иықтарының ішкі және сыртқы бұрылыстары. Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады.
3.1.17. Стандарт «Баспен жатудың алдыңғы түріндегі босану биомеханизмі»
Жамбас астауына кіре берісте нәресте басының оқ тәрізді жігі жамбастың көлденең жазықтықтарына келеді. Үлкен және кіші еңбектер бір деңгейде болады.
I кезең – аздап бүгілу, үлкен еңбек жетекші нүкте болып табылады.
II кезең – бастың ішкі бұрылысы. Жамбас астауында нәресте басы шүйдесімен артқа қарай бұрылады. Оқ тәрізді жік жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді.
Ш кезең – нәресте басының шығуымен сипатталады және келесі кезеңшелерден тұрады: а)бүгілу б)шалқаю. Алдымен жыныс саңылауынан үлкен еңбек сосын маңдай туылады. Қасаға сүйектің астына мұрын қас ойығы келіп бекіну нүктесі пайда болады. осы тұста нәресте басы бүгіліп, шүйде туылады. Шүйде асты шұңқыр екінші бекіну нүктесі болып табылады және осы кезде нәресте беті туылады.
IV кезең - Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады.
3.1.18. Стандарт «Маңдаймен жатудағы босану биомеханизмі»
I кезең – бастың бүгілуі, нәресте басының үлкен қиғаш өлшемімен бекінуі. Жетекші нүкте мұрын түбі болып табылады. Маңдай тігістері жамбастың қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Осы қалыпта нәресте басы жамбас түбіне түседі.