Файл: р ауыл шаруашылы министрлігі с. Сейфуллин атындаЫ аза агротехникалы зерттеу университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНДІРСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ ЕСЕБІ
Тақырыбы: Жерге орналастыру жобасын және кадастрлық құжаттар әзірлеу
Факультет: ЖРБСжД
Кафедра: Кадастр кафедрасы
Өту уақыты: 03.04.2023 – 05.05.2023 ж
Орындаған: Қасымов Дамир
Кадастр: 20–04 группа
Тексерген:Уалхан Е.
Астана – 2023 ж
ЕСЕП МАЗМҰНЫ
Кіріспе......................................................................................................................
Мінездеме...................................................................................................................
Мақсаттары мен міндеттері....................................................
Түсіндірме.......................................................................................................
Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................
Кіріспе
Мен, Қасымов Дамир Аманкелдіұлы оқу жоспарына сәйкес 03.04.2023 ж. -05.05.2023 ж. аралығында Астана қаласы бойынша «Astana-JerProekt Group» ЖШС кәсіпорнында өндірістік тәжірибеден өттім.
Тағайындалған жетекшінің айтқан тапсырмаларын орындап , өзіме қойған барлық міндеттерді ойдағыдай орындап шықтым.Өндірістік практика - студенттер мен оқушыларға таңдап алған мамандығы боцынша, практикалық білім мен дағдыларды үйрету мақсатын көздейтін, арнаулы орта оқу орындарындағы мамандар даярлаудың басты құрамды бөлігі. Өндірістік практика студенттер мен оқушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді. .Мен өндірістік іс - тәжірибемді «Astana-Jer Proekt Group» ЖШС өттім. Өндірістік іс - тәжірибеде мекеменің құрылымымен, бөлімдерімен, негізгі қызметтерімен таныстым. Іс - тәжірибе кезінде жетекші болып О.Мұрат тағайындалды. Өндірістік іс - тәжірибе 03 сәуірден басталып 05 мамыраралығындаөттім.
Мекеменің атқаратын қызметі мен міндеттері:
Білімның негізгі міндеті тиімді жер пайдаланудың бірыңғай саясатын жүргізуге болып табылады .
Жер пайдалану мәселелері бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу
Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету мақсатында меншіктегі және мемлекеттік меншіктің жер учаскелерін тиімді басқару және оларға билік ету .
Жер учаскелерін жалға беруден және сатудан түсетін кірістердің түсуі бойынша жергілікті бюджет жобаларына ұсыныстар дайындау, көрсетілген кірістерді әкімшілендіру жөніндегі функцияларды орындау
Берілген өкілеттіктер шегінде аудан аумағында жеручаскелерін сатып алу-сату шарттарын рәсімдеу .
Жер учаскелеріне меншік құқығын, жалдау шарттарын және жер учаскелерін сату кезінде меншік құқығының ауысуын мемлекеттік тіркеуді рәсімдеу .
ҚР заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру .Экономикалық қызметі тиімді жүргізуді реттеу және жәрдемдесу.
ҚР жер кадастрын жүргізу реті
11. 1 Жалпы ережелер
11. 2 Кадастр жүргізу тәртібі
11. 3 Санды және сапалы есеп жүргізу тәртібі
11. 4 Жерді тіркеу мақсатында есеп жүргізу
11. 5 Мәліметтерді беру және кадастр ақпараттарын пайдалану
11. 1 Жер кадастрын жүргізу ережесі Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес әзiрленді және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 қыркүйектегi N 958 Қаулысымен бекітілген. Ол мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу, жердi сандық және сапалық есепке алу мен жерді бағалау, тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу, мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры (бұдан әрi - Кадастр) мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Тұйық шекарада бөлiп шығарылған, белгiленген тәртiппен жер құқығы қатынастары субъектiлерiне бекiтiлген жер учаскесi кадастрдың деректерiн есепке алу мен оларды сақтау бiрлiгi болып табылады.
Кадастрда әрбiр жер учаскесi үшiн оны кеңiстiкте бiр мәндi бөлуге, мөлшерiн және орналасқан жерiн айқындауға мүмкiндiк беретiн сәйкестендiру сипаттамалар, сондай-ақ учаскенiң кадастрлық бағалау құны белгiленедi.
Кадастрдың құрамына жер учаскесiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар туралы ақпарат кiредi.
Жер учаскесi туралы мәлiметтер осы учаскеге бекiтiлiп берiлген нөмiрi, орналасқан жерi, шекарасы және мәтiндiк сипаттамасы көрсетiлетiн жер-кадастрлық карталармен ара қатынаста болады.
Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен iздестiрулер, жер мониторингi жөнiндегi жұмыстарды, жердi сандық және сапалық есепке алуды жүргiзумен, нақты жер учаскесiне жер-кадастр iсiн жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесiне сәйкестендiретiн құжат дайындаумен қамтамасыз етiледi.
Деректердi жинақтау жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi, жеке немесе заңды тұлғалардың - жер учаскесiне құқық субъектiлерiнiң атауы, атқарушы органдардың кесiмдерi мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, жер учаскесiнiң орналасқан орны мен мөлшерi, кадастрлық (бағалау) құны, жер учаскесiне құқығы мақсатты тағайындауы, бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi, жер учаскесiне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгiлеген оны пайдалану жөнiндегi шектеулер туралы ақпараттар тiркелетiн және caқталатын республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi аудандарының (облыстық маңызы бар қалалардың) деңгейiнде жүргiзiледi.
Көрсетiлген деректер аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша өзара салыстыруға мүмкiндiк беретiн меншiк нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендiрiледi.
aisgzk.kz Сайтымен қолдану
Жалпы техникалық қауіпсіздік ережелері
Жұмыстар өндірістік оқыту шебері мен практиканы басқаруға тағайындалған құрылыс-монтаждау ұйымы қызметкерінің басшылығымен және бақылауымен орындалуы тиіс. Қалған жағдайларда кәсіптік-техникалық және техникалық училищелердің, орта арнаулы оқу орындарының оқушылары өндірістік практикадан өту немесе жұмыс істеу кезінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты инженер-техникалық қызметкердің бақылауымен еңбек етеді. Барлық студенттерге стандартты бағдарламалар бойынша өндірістің қауіпсіз әдістері мен әдістері үйретіледі.
Құрылыспен байланысты геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде құрылыс жұмыстарының осы түріне белгіленген барлық қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ нақты ережелерді орындаңыз.
Жер, тас, бетон және монтаждау жұмыстары процесінде орындалатын геодезиялық өлшеулер кезінде осы құрылыс жұмыстары үшін белгіленген қауіпсіздік ережелері сақталады.
Кернеудегі кәбілдердің немесе жұмыс істеп тұрған газ құбырының қорғау аймақтары шегіндегі жұмыстарға тиісті электр немесе газ шаруашылығының рұқсаты қажет. Нивелирлік жұмыстар кезінде қабырғаға жақын қабырғалық жабындар бойынша өтуге рұқсат етілмейді. Рельс тіректерге орнатылады, олардың биіктігі кірпіш деңгейінен 0,7 м төмен болуы керек, қажет болған жағдайда қабырғалардың сыртқы жазықтықтарында таңбалау қауіпсіздік белдіктерімен жұмыс істейді.
Бетонды электрмен жылыту кезінде Бетон жұмыстары кезінде арматураны таспамен ұстауға болмайды. Орнату аймағында бөлу және тексеру жұмыстарын жүргізуге болмайды. Желдің жылдамдығы 15 м с және одан жоғары, көктайғақ, найзағай немесе тұман кезінде жұмыс фронты шегінде көрінуді болдырмайтын барлық жұмыстар, оның ішінде ашық жерлердегі биіктіктегі геодезиялық жұмыстар тоқтатылады.
Конструкция элементтерінің осьтері мен басқа да бағдарларын оларды көтеру, орнын ауыстыру кезінде немесе ілінген күйінде белгілеуге тыйым салынады. Жұмыстағы үзіліс кезінде Геодезиялық аспаптар мен керек-жарақтарды монтаждау көкжиегінде қараусыз қалдыруға болмайды. Геодезиялық аспаптар тек орауыш жәшіктерде, ал штативтер бүктелген күйінде тасымалданады.
Қорытынды:
«Astana-Jer Proekt Group» ЖШС -өндірістік тәжірибе өткен кезде, кәсіпорыннын негізгі міндеттерімен таныстым. Алдыма қойған барлық мақсаттарға қол жеткіздім. Жер кадастрына қатысты барлық жұмыстарға ат салысып , кадастрлық құжаттама , сызба әзірлеуді үйрендім .Өзім қосымша білім алу үшін жер кадастрының даму аспектілеріне нақты мәліметтерді ала отырып, Қазақстан Республикасының жалпы жер реформасы, жер туралы заңының, жер кадастрының даму тарихына толық тоқталдым.Меммлекеттік жер кадастры туралы теориялық білім алдым, негізгі кадастр жұмыстарының әдістемесін үйрендім, жер кадастрын жүргізу жөнінде практикалық дағдыны үйрендім ,, әсіресе топырақты бонитеттеу мен жерді бағалау, сонымен қатар жер кадастры материалдарын жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлау саласын өте жақсы деңгейде ұғып алдым.
Менің осы практикаға келгендегі негізгі мақсатым-жер ресурстары басқармасымен танысу , ішкі құрылымын түсініп алдағы 1 жыл ішінде өзімді осы мекемеге дайындау. Кәсіпорынның негізгі қорларын сапалы пайдалануды сипаттайтын көрсеткіш – қорқайтарымы болса жүргізілген талдау бойынша өнеркәсіпті-өндірістік және олардың активті бөлігі алдыңғы жылмен салыстырғанда өскенӨндірістік практика кезінде ақпарат алу түрлері көбейді және де практика кезінде өзімнің оқыған білімімнің қажеті өте қатты тиді , оны практика жүзінде пайдалана алғаныма қуандым.Жетекшімнің және өзімнің алдына қойған барлық мақсаттарға жеттім деген үміттемін . Менің ойымша осы өндірістік тәжірибе алдағы өз ісімнің маманы ретінде қалыптасуға көмек береді деген ойдамын. АИСГЗК электронды ресурсымен қолдануымды әрі қарай жетілдірдім.Өзіме қажетті кез келген ақпаратты толықтай таба аламын деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының Жер кодексі -
https://talas-tinisy.kz/?p=6478 -
Кадастрлық бағалау – А-А, «Кайнар», 1983, 144 с. -
stud.kzъ -
Қырықбаев Ж. Қ., Карбозов Т. Е. Шаруашылық жерге орналастырудың теориялық және әдістемелік негіздері - Оқу құралы, Алматы, 2017 ж. -
Старожилов В.Т. Вопросы Землеустройства И Землеустроительного -
Проектирования: учебное Пособие Москва: Наука, 2016