Файл: ыса мерзімді саба жоспарыны рефлексивтік есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспарының  рефлексивтік есебі

Оқыту үдерісіндегі басты элемент – сабақ, қысқа мерзімдік жоспар жасау барысында, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін қандай жұмыс түрін пайдаланатынымызды ойластырдық және 7 модульді кіріктіруге негіздедік.

Негізгі мақсатымыз: тақырыптың  мән-мағынасын ашу. Орыс тіліндегі сөздік қоры артып, күнделікті сөйлеу жүйесінде қолдандыра білуге үйрету. Оқушылардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту. Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға баулу.

Нәтижесінде өз ойларын жеткізе біледі, бағалайды, мәтінмен жұмыс жасайды, оқиғаға өзіндік баға береді. Топта  жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады.
Сабақ басында оқушылардың қызығушылықтарың ояту ,түрлі ой тастау, психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Круг радости» стратегиясын қолданамыз. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіре отыра осы күнге сәттілік тілейді.

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде FLIPPITY веб сервисін ашып оқушыларды 4 топқа бөлеміз:

І -домбыра

ІІ– қобыз

ІІІ – жетіген

IV - дауылпаз

Топқа бөлінген соң үй тапсырмасы learningapp.com онлайн платформасы арқылы сұралады.Сұрақтарға жауап бере отырып,өткен сабақты еске түсіреді.

Жаңа сабақты бастау үшін жұпқа «Две карточки»әдісін қолданамыз.Онда жұптағы оқушыларға бір таза парақ және сұрақтары бар парақ беріледі.Оқушылар сұрақтарға жауап жазып,бір-бірімен жауап парақтарын алмастырып,жауаптарын салыстырады.Осы кезде оқушылар бір-бірімен  сөйлесіп,топ болып ақылдасып,ұтқыр шешімдер айту арқылы диалогқа түсті. Балаларды диалогпен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатының дәлеледейтін зерттеулерде көбейе түседі деген теорияны негізге ала отырып, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар әңгіме дебатқа түсті.Бұл жұмыс түрі баллдық жүйемен бағаланады. «Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігі мен тәртібін мұқият бақылауы болып табылады» (Н-57) критериалдық бағалау тапсырманы орындау барысында жүзеге асырылып отырды. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар сабақта бірін-бірі бағалау арқылы өздерінің әлсіз және күшті жақтарын көреді, сол арқылы өзін-өзі реттейді.Осы тапсырмадан кейін оқушылар берілген мәтінмен танысады және сұрақтарға жауап береді.Оқушылар мадақтаулар арқылы ,олардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырамыз. Осы тапсырмадан кейін оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырамыз
«Черный ящик»әдісін қолдана отырып,жәшіктегі затты табады.

Сабақ ортасында оқушылар «Флейта и Ветер» ертегісімен мұғалімнің дауысымен өңделген бейнематериалмен танысады.Тыңдап болған соң мәтінненРАФТәдісі арқылы 4 топ жұмыс жасайды.Мәтіннен етістіктерді тауып,септейді.Оқушылар топпен жұмыс жасай отырып,Топтағы жұмыста балалар бір-біріне көмектесіп, керек кезде қателерін өзгертіп , кейін таныстырылымды әр топтан бір оқушы шығып, қорғайды. Топтық жұмыстар кезінде оқушылардың сыни ойлары дами түседі, бірігіп жасалынған жұмыста олар өз беттерінше талдау жасады, бірін-бірі бағалайды. Өз жұмыстарың сынып алдында қорғауға алып шыққанда өздерін еркін, көңілді сезінеді. Бірақ, уақытты тиімді пайдалану үшін әлдеде жұмыс керек екенін түсіндік. Оқушыларға әлде де өзін-өзі реттеу жұмыстарын жүргізу қажет, топтағы тәртіптеріне де көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Сондықтан, өз тәжірибемізде топтық жұмыстардың түрлерін пайдаланамыз деп жоспарладық.

Оқушыларға  сабақта сеніммен қарау керегін түсіндік, мұғалім бақылаушы немесе координатор. Нәтижесінде оқушылар жауап беруден қорықпайды, бірін-бірі тындауға үйренеді, көмектеседі, дербестік танытады.  «Оқытуды басқару мен көшбасшылық» модульдін идеясын толығымен пайдалануға тырыстық, өзіміздің сыныптағы рөлімізді өзгерту қажеттігін ұғындық.

Сабақта жағымды ахуал қалыптастырсақ, оқушылар өздерін еркін ұстайды, өз ойларын ұялмай айтады, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болады. Сабақта мақсатыма  жетсек, оқушылар анализ жасауға, мақсат қоя білуге, қорытындылауға бейімделеді. Тақырып бойынша өз білімдерін толықтырады, өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыланады, бірін-бірі және өзін бағалауға үйренеді.

Сабақтарымызды жоспарлағанда теориялық және практикалық білімді пайдаланып, үздіксіз көтеріп отырамыз. Алдағы уақыттаоқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік береміз; оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат ету; өзін-өзі реттеудін түрлі аспектілерін (өзін-өзі бағалау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі түзету, өзін-өзі бақылау, өзіндік рефлексия) сабақта қамтуға тырысамыз. Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне жеткізуіне жағдай жасаймыз: әр жұмыстың критерийлерін айқындап, оқушылардың осы стандарттар мен критерийлерге сәйкестік дәрежесі туралы пайымдауларын қалыптастырамыз.