Файл: Сабаты технологиялы картасы Технологическая карта урока.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сабақтың технологиялық картасы

Технологическая карта урока

Күні

Дата




Біліктілігінің атауы

Наименование специальности

Мамандық____0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру

Біліктілігі______0508012 аспаз –оқу мерзімі 2жыл 10ай.; ________

Курсы,тобы

Курс,группа

2 курс 202 топ

Оқу модулінің \пәнінің атау

Наименование учебного модуля\ дисциплины

1. І бөлімПМ 05. Қамырдан жасалған аспаздық бұйымдарды безендіру.

Сабақтың тақырыбы

Тема занятий

1.1. Қамырдан жасалған өнімдердің маңызы. Қамырды классификациялау. Етісітік. Етістіктің шақтары.

Оқу-тәрбие мақсаты

Учебно-воспитательные цели


1. Қамырдан жасалған өнімдердің маңызы туралы түсінік беру. Кәсіптік сөздер туралы түсінік беріп қолданысқа еңгізу . Етістік. Етістіктің шақтары. Мағынасы сөйлемдегі орын тәртібі, сөз таптары туралы білімдерін жүйелеу, түбір мен қосымшаны қолдану жолдары және міндеттерімен таныстыру.

2. Тіл дамыту, берілген конструкция бойынша сөйлем құрастыру, диалог құрастыру.

3. Мамандықтарына қызығушылықтарын ояту, Мәтіннің мағынасын түсіну арқылы


Сабақ түрі

Тип урока

Жаңа тақырып

Сабақ барысында қолданылатын заманауи технологиялар, әдіс тәсілдер

Формы организации учебных занятий, применяемые на уроке, технологии

Кіріспе әңгіме, түсіндіру, кестемен жұмыс

Межпредметные связи

Арнайы сабақ

Аймақтық компонет

Региональный компонент

Ұлттық тағамдар

Сабақтың құрылымы,барысы

Структура урока,ход урока

І. Ұйымдастыру кезені

ІІ. Жаңа тақырып:

1. Жаңа тақырыппен таныстыру, мәтінді оқып, мағынасын түсіндіру

    1. сөздікпен жұмыс

    2. мәтінді оқып аудару, мағынасын түсіндіру

    3. сұрақтарға жауап

3. Етістік. Білімдерін бекіту, толықтыру, жүйелеу.

4.Бекіту. Тапсырмаларды орындау.

5. Қорытынды

Үйге тапсырма: мәтінді мазмұндау, сөздік, берілген етістіктермен сөйлем құрастыру



Кәсіптік қазақ тілі. Аспаз

І бөлімПМ 05. Қамырдан жасалған аспаздық бұйымдарды безендіру.

Сабақтың тақырыбы: 1.1. Қамырдан жасалған өнімдердің маңызы. Қамырды классификациялау. Етісітік. Етістіктің шақтары..

1. Мәтінмен жұмыс.

  1. Сөздік.

  2. Мәтінді оқы, түсініксіз сөздерді теріп сөздікке жаз.

  3. Сұрақтарға жауап бер.

Сөздік

қазақша

орысша

қазақша

орысша






































Қоғамдық тамақтандыру — бұл түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы кәсіпорындар мен аспаздық өнімнің тұтыну өндірісімен, сатумен және ұйымдастырумен шұғылданатын кәсіпкер азаматтардың жиынтығы.

Кез келген пәнді оқу кезінде ең алдымен арнайы терминологияны меңгерген дұрыс. 1994 жылы Ресейдің Мемстандарты «Қоғамдық тамақтандыру. Терминдер мен анықтамалар» МЕМСТ Р 50647—94 стандартын бекітті. Бірақ кейбір терминдер бұл стандартқа енбеген, ал кейбір терминдерде олқылықтар байқалады. Сондықтан технологияның негізін қалайтын бірнеше терминдердің анықтамасын бере кетейік.

Аспаздық — тағамды әзірлеу өнері.

Аспаз — аспаздық саласындағы маман.

Аспаздық өнім — аспаз еңбегінің өнімі; ол жартылай фабрикаттар, аспаздық өнімдер, тағамдар деп бөлінеді.

Шикізат — қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында аспаздық өңдеуге арналған тамақ өнімдері.

Жартылай фабрикаттар — аспаздық өңдеуден жартылай өткен, бірақ жеуге жарамсыз әрі одан арғы өңдеуге арналған тамақ өнімдері.

Дайындық деңгейі жоғары жартылай фабрикаттар — өнімдері механикалық өңдеумен қатар, жылумен өңдеуден өткен жартылай фабрикаттар (мысалы, көкөніс домалатпалары). Аспаздық өнімдер — толық аспаздық өңдеуден өтіп, жеуге жарамды, бірақ үлестеп бөлшектелмеген аспаздық өнімдер (мысалы, пісірілген немесе кесектей қуырылған ет, тұздық және т.с.с.)

Тағам — үлестеп бөлшектелген бөлінген әрі тұтынушыға беру үшін безендірілген аспаздың өнімі.

Аспаздық дайындық — өнімді жеуге лайықты ететін әрі адамның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз саналатын органолептикалық, физика-химиялық (сондай-ақ, өнім ішіндегі температура) және микробиологялық сипаттамаларының жиынтығы.


Грамматикалық тақырып: Етістік

Заттың іс-әрекетін қимыл білдіріп Не істеді? Не істеп жатыр? Не істейді? сұрақтарына жауап береді.

Глагол — часть речи, которая обозначает действие и отвечает на вопросы что делать? что сделать?




?

+

-

Келер шақ










Осы шақ




ып

іп

п

отыр

тұр

жүр

жатыр



І--мын,-мін,-бын,-бін,-пын,-пін

ІІ-сың,-сің

-сыз,-сіз
ІІІ-----

І-мыз,-міз,-быз,-біз,-пыз,-піз

ІІ- сыңдар,-сіңдер

-сыздар,-сіздер

ІІІ---






Өткен шақ










Етістік түрлері (Виды глаголов)


құрамына қарай:

  • Дара (простое – один корень)

Мысалы: сөйле, жаз, әкел.

  • Күрделі (сложное – несколько корней)

Мысалы: бара жатыр, сатып алды.


тұлғасына қарай:

  • Негізгі (непроизводное – нет суффикса)

Мысалы: кел, бар, айт.

  • Туынды (производное – есть суффикс)

Мысалы: амандас, ойнайды.






мағынасына қарай:

  • Болымды (утвердительное)

Мысалы: бар, кел, жаз.

  • Болымсыз (отрицательное)

Мысалы: оқымайды, айтпайды.

  • Салт (непереходное)

Мысалы: тұрады, ойлайды.

  • Сабақты (переходное)

Мысалы: оқыды, көремін.


Етістік шақтары (Времена глаголов):

Ж.Ж. – Жіктік жалғау

Т.Ж. – Тәуелдік жалғау

  • Осы шақ (настоящее время)

- нақ (Түбір + а, е, й, ып, іп, п + жатыр/отыр/жүр/тұр) + Ж.Ж.

Мысалы: оқып жатырмын, бара жатыр.

- ауыспалы (Түбір + а, е, й) + Ж.Ж.

Мысалы: отырамын.


  • Келер шақ (будущее время)

- болжалды (Түбір + ар, ер, р) + Ж.Ж.

Мысалы: барармын.

- мақсатты (Түбір + мақ/мек, бақ/бек, пақ/пек + шы/ші) + Ж.Ж.

Мысалы: көрмекшімін.

- ауыспалы (Түбір + а, е, й) + Ж.Ж.

Мысалы: орындаймыз.


  • Өткен шақ (прошедшее время)

- жедел (Түбір + ды/ді, ты/ті) + Ж.Ж.

Мысалы: жақсы көрдім.

- бұрынғы (Түбір + ған/ген, қан/кен, ып, іп, п) + Ж.Ж.

Мысалы: барған.

- ауыспалы (Түбір + атын, етін, йтын, йтін) + Ж.Ж.

Мысалы: келетін.
Етістік райлары (Наклонения глаголов):

  1. Ашық

  2. Бұйрық (повелительное)




I жақ:

Мен Түбір + айын, ейін

Біз Түбір + айық, ейік

II жақ:

Сен Түбір

Сендер Түбір + ыңдар, іңдер

 

Сіз Түбір + ыңыз,іңіз

Сіздер Түбір + ыңыздар, іңіздер

III жақ:

Ол Түбір + сын, сін

Олар Түбір + сын, сін

Мысалы (Пример разбора):

I жақ:

Мен барайын

Біз барайық

II жақ:

Сен бар

Сендер барыңдар

 

Сіз барыңыз

Сіздер барыңыздар

III жақ:

Ол барсын

Олар барсын




  1. Шартты (условное)

Түбір + са/се + Ж.Ж. 

Мысалы (Пример разбора):

I жақ:

Мен барсам

Біз барсақ

II жақ:

Сен барсаң

Сендер барсаңдар

 

Сіз барсаңыз

Сіздер барсаңыздар

III жақ:

Ол барса

Олар барса




  1. Қалау (желательное)

Түбір + ғы/гі, қы/кі + Т.Ж. 

Мысалы (Пример разбора):

I жақ:

Менің барғым келеді

Біздің барғымыз келеді

II жақ:

Сенің барғың келеді

Сендердің барғыларың келеді

 

Сіздің барғыңыз келеді

Сіздердің барғыларыңыз келеді

III жақ:

Оның барғысы келеді

Олардың барғылары келеді

Тамақтанудағы ұн тағамдары мен өнімдерінің мәні.

Тыңдалым: Шикізаттың сипаттамасы мен жасалынуы.

Қамырдан жасалған өнімдерге ұн тағамдары, майқоспалы нан- бөлішке өнімдері, ұннан даярланған кондитерлік өнімдер жатады. Олар славян асханасында лайықты орын алады.

Қамырды жасау үшін әртүрлі шикізат түрлері қолданылады. Негізгі шикізат – ұн (бидай, қара бидай және т.б.), қант, сарымай немесе маргарин, жұмыртқа немесе жұмыртқа өнімдері (меланж, жұмыртқа ұнтағы); қосалқы пісіру ұнтағы, бояғыштар, хош иістендіргіштер (ванилин, эссенс), органикалық қышқылдар ( лимон, тас шарап т.б.), крахмал және т.б жатады.

Барлық ұн өнімдерінің негізгі компоненті - ұн, соның негізінде қамыр дайындалады. Қолданар алдында ұнды механикалық қоспаларды, түйіршектерді жазу және ұнды ауамен қанықтыру мақсатында електен өткізеді.

Қант өнімге тәтті дәм береді, олардың калориясын арттырады, аз мөлшерде ашытқының көтерілуін тездетеді.

Жұмыртқалар қамыр өнімдерінің қоректік құндылығын арттырады, оларды ақуыздармен, биологиялық белсенді липидтермен және витаминдермен байытады. Жаңа піскен жұмыртқаны, меланжды және жұмыртқа ұнтағын пайдаланады.

Меланж – жұмыртқа ақуызы мен сарысының мұздатылған қоспасы. Жұмыртқаны меланжбен 1:1 қатынасында ауыстырады. Жібіген меланжды сақтауға болмайды, сол себепті қажетті мөлшерде ғана жібіту керек.

Жұмыртқа ұнтағының 6-7% ылғалдан тұрады. Оны қалпына келтіру үшін бастапқыда (40-50 °С) жылы су құйып араластырады, кейін араластыра отырып, қалған суды құяды. 100 г ұнтаққа 350 мл су құяды. Сумен араласқан ұнтақты қолданбас бұрын 30 мин шамасында қоя тұрады, одан соң сүзеді. Орта көлемдегі бір жұмыртқаға 10 г жұмыртқа ұнтағы мен 30 мл су сәйкес келеді.

Майлар өнімдерге тәтті дәм, үгітілгіштік, қабаттылық береді. Пісірген кезде майлар ауаны жақсы ұстайды және өнімдер жақсы «көтеріледі». Майдың көлемі көбейген сайын қамыр үгітілгіш келеді, азайған сайын өнімнің икемділігі мен үгілгіштігі нашарлайды.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына арналған ашытқы пресстелген және құрғақ болып келеді. Балғын басылған ашытқылар ашық сұр түсті, жағымды, біраз спирт иісі шығып тұрады. Ылғалдығы 11-12 % құрайды. Олар суда оңай ериді. Мұздатылған ашытқылардың көтерілу күшін 3-8 °С температурасында бірте – бірте еріту барысында қалыпына келтіруге болады. Қолданбас бұрын басылған ашытқыны қабынан мұқият арылту керек, жылы суда ерітіп (30-35 °С), електен өткізеді.

Құрғақ ашытқылар ұнтақ, қиыршық, таблетка түрінде келеді. Олар сары – сұр түсті, 8-9 % ылғалдықты болып келеді. Құрғақ ашытқының қолданбас бұрын ұнмен араластырып, (25-27 °С) температурадағы жылы су құяды. 1 сағаттан соң қамыр дайындағанға қолданады (100 г құрғақ ашытқы үшін 1 кг ұн мен 3 л су алынады). Салмағы бойынша құрғақ ашытқыны балғыннан 3 есе аз алады.
Оқылым: Қамырдың түрлері және қолданылуы.

Жұмсартуына байланысты қамыр ашытқылы (қышқыл) және ашытқысыз (тығыз) болып бөлінеді.

Ашытқылы қамыр опарлы және опарсыз жолмен пісірілуі мүмкін. Егер ашытқылы қамырды бөлгенде май немесе маргарин жақса, ашытқылы қабатты қамыр пайда болады.

Ашытқылы қамыр сұйық (құймақ үшін) және қою (пирогтар мен бәліштер үшін) болады.

Ашытқысыз қамыр сұйық (құймақ, вафлилер үшін), жартылай сұйық (бисквиттік), қою (кеспелік, қытырлақ, тәттілер, қуырылған, қайнатылған тағамдар).

Аспаздықта қамырдан қайнатылған ұн тағамдары: (кеспе, тұшпара, варениктер, қайнатпалар) және қуырылған тағамдар (құймақтар); ұн аспаздық өнімдері (бәліш, пирогтар); тағамдарды ұсынуға арналған жартылай дайын өнімдер (тарталетка, валовандар, тауық жұмсақ котлеттерді азықтандыруға арналған шелпектер және т.б.).
Тапсырма:

Қамырдың түрлері

Қандай тағамдар дайндайды?

ашытқылы (қышқыл)




опарлы




опарсыз




ашытқысыз (тығыз)




жартылай сұйық




қою




қамырдан қайнатылған ұн тағамдары