Файл: Httpsust kzqmg Сабаты таырыбы 27саба Таныстырылым (презентация) жасау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 69
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту: «Айна» ойыны Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырса да болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/. | |||||
Топтастыру: | Топтастыру «Төрттік» әдіс Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды. Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды. Тиімділігі: Топтық жұмыста - бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. | |||||
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. | Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді. |
| Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері | ||
Жаңа сабаққа дайындық. | Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау. Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіругеде, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады. | |||||
Сабақтың ортасы (26 мин) | ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу. «ДЖИГСО» әдісі Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді. | Дескриптор:
| Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері | ||
| Топтық жұмыс 1-тапсырма Суретпен жұмыс істеу (5-сурет). Суретте берілген заттарды белгілі бір қасиеті немесе қолданылуына қарап, коллаж жасауға іріктеп алыңдар. Осы суреттерден неше тақырыптық коллаж дайындау мүмкін. Ескерту: бір тақырыптағы коллаж үшін, кем дегенде 4 сурет қолдану керек. | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Жұптасқан оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері | ||
| Жұптық жұмыс 2-тапсырма Мұғалім ұсынған суреттер бойынша А4 парағына фотоколлаж жаса. Коллажды жасауда жапсырма, желім суреттерді қолдан. Коллаждарыңа тақырып беріп, басқаларға таныстырыңдар. | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Жұптасқан оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері | ||
| Жеке жұмыс 3-тапсырма Компьютерде коллаж жасау қадамдарына арналған сұрақтар құрастырыңдар. | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері | ||
| Жеке жұмыс 4-тапсырма
|
| Қалыптастырушы бағалау Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері | ||
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. | ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия Жеке жұмыс: «Ұшақ» әдісі Оқушылар қағаздан ұшақ жасап, ұшақтың бір қанатына өздерінің сабақтан алған жаңалықтарын, білімдерін жазады. Ал екінші қанатына «Не үшін пернетақтада жылдам, қатесіз жазуымыз керек?» деген сұраққа жауап жазады. Ұшақты қалаған бағытқа ұшырады. Кімге келіп қонады, сол оқушы ұшақтағы мәтінді оқып, сыныптастарына таныстырады. | Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. | ||||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «От шашу» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
Бекітемін:
Бөлімі: | Ұзақмерзімді жоспар тарауы: 5-бөлім. «Мәтін, графика және таныстырылым (ортақ тақырыбы: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер») |
Педагогтің аты-жөні: | Серикбай В.С |
Күні: | 18.05.23 |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Жобамен таныстыру |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
3.2.3.2 слайдтар арасында ауысуды қолдану; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Жобаны дайындау кезінде туындайтын сұрақтармен танысады. Оқушылардың көбі үшін: Жоба дайындау кезеңдерін практикалық тұрғыдан үйренеді. Кейбір оқушылар үшін: Cлайдтар арасында ауысуды қолданып, таныстырылым жасайды. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту: «Ассоциативті қатар» ойыны Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: дыбыс, «Дыбыс жазу», программа, өңдеу. Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді. | |||
Топтастыру: | «Тұрғындар мен үй» ойыны Оқушылaрдың білім деңгейін ескере отырып, «Тұрғындар мен үй» ойынын пайдаланып оқушылaрды тaңдaп aлу әдісімен шығaрa отырып, шыққaн оқушылaр екеу-екеуден қолдaрын көтеріп ұстaсып,үйдің шaтырын жaсaйды. Келесі шaқырылғaн оқушы шaтырдың aстынa кіріп тұрғын болaды. Сәлден соң мұғaлімнің нұсқaуымен тұрғын екеу болaды. Осылaй төрт оқушыдaн шaғын топтaр құрaлaды. Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды. Тиімділігі: Топтық жұмыста – ойларын ортаға салып, пікірлесуге, жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. | |||
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. | Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді. |
| Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
Жаңа сабаққа дайындық. | Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау. Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады. | |||
Сабақтың ортасы (26 мин) | І топ: Сенің рөлің: баспа суретшісі Тапсырма: Баспада қазақ халқының ертегілер жинағы дайындалуда. Сол баспаның суретшісі ретінде ертегілер жинағына фотоколлаж дайында. | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Тапсырма Танымал газет «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай мақала жарияламақшы. Газеттің бас редакторы «Мен Отанымды сүйемін» тақырыбында мақала дайындауды тапсырды. | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| ІІІ топ: Сенің рөлің: жарнамалаушы маман Тапсырма: Оқушы сөмкесін шығарумен айналысатын кәсіпорын тауарларының сатылуы төмендеген. Кәсіпорын директоры қызметкерлеріне сатуды арттыру жолын табуды тапсырды. Жарнамалаушы маман ретінде сөмкеге Power-Point программасында жарнама презентациясын дайындауың қажет . | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Жұптық жұмыс Сенің рөлің: программалаушы маман 2 – тапсырма Балаларға ойын программасын шығарумен айналысатын фирманың қызметкерісің. Маман ретінде бастауыш сынып оқушыларына арналған қарапайым ойын жобасын дайындап, көпшілікке ұсын. | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Жұптағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Жеке жұмыс Сенің рөлің: «Жас конструктор» байқауының қатысушысы 3 -тапсырма Жақында өтетін «Жас техник модельдеуші» байқауына мектеп оқушыларының арасында іріктеу жүріп жатыр. Өзің күнделікті қолданып жүрген заттарыңның бірін таңдап, моделін жаса. Үміткер ретінде осы байқауға сурет және мәтіннен тұратын презентацияңды ұсын. | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырма орындау деңгейіне қарай «Менің жұлдызым» әдісімен өзін-өзі бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
Сергіту: «Ән шырқау» жаттығуы | Оқушы топтарына ел арасында кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек. Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды («Армандастар», «Атамекен», «Өз елім» т.б.). /Бұл жаттығу оқушыларға психологиялық жағымды көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды/. | |||
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. | ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия Жеке жұмыс «Ой-толғаныс» әдісі Бұл кезеңде күнделікті оқыту үдерісінде оқушы өзіндік толғаныс, дағды-машықтарын ұйымдастыру, өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарап, баға беруге үйренеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды салмақтап, салыстырып, түйіндеп өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалармен пікір алмастырады, үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын қорытынды кезең. Әртүрлі шығармашылықпен ой салыстыру болашақта қолданылатын мақсатты әрекеттерге жетелейді. Орындаған жобаңның файлын компьютерде «Менің жобам» деген тақырыпта бума ашып, сақта. Жобаны аяқтағаннан соң, дәптеріңе төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, есебіңді жаз:
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды, бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе. | Қалыптастырушы бағалау Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Менің жұлдызым» әдісімен бағалайды. Сабақтың соңында оқушылардың қорытынды бағасын шығару мақсатында сабақ бойында жинаған жұлдызшаларын санайды. 5 жұлдызша – өте жақсы! 4 жұлдызшы – жақсы! 3 жұлдызша – талпын! Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. | ||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Менің жұлдызым» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |