Файл: 6. Зертханалы сабатарда жмысты тиімді нысандарыны бірі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 32

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

6.Зертханалық сабақтарда жұмыстың тиімді нысандарының бірі.

-бірлескен топтық жұмыс. Оның нақты бағыты оқытушылардан көп жұмысты талап етеді.

Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймын. Биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру – өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады.

Зертханалық сабақтар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе жұппен орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады.

Міндеттері:

– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің әдістемелік ерешеліктерін сипаттау;

– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің тиімді әдістерін жалпылау;

– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтар үлгілерін әзірлеу.

Оқушылар талапқа сай бағдарламада көрсетілген әр түрлі зертханалық жұмыстарды орындап, осы шарттарды қанағаттандырғанда ғана олардың тұрақты білім мен білік дағдылары тәрбиеленеді және оны орындау қарқыны өседі.

Мұғалімнің мақсаты: биология бөліміндегі зертханалық сабақтарды жоспарлап өткізу. Дұрыс ұйымдастырылған зертханалық сабақтың оқушы үшін тиімділігі төмендегідей:

1. Оқушы тақырыпқа байланысты ауызша алған түсінігін тәжірибе жасау

арқылы толық меңгереді.

2. Алған білімін іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

3. Мұғалімнің түсіндіруі арқылы алған біліміндегі маңызды құбылыстардың қасиеті мен құрылысы туралы білімін нақтылап мәнін терең түсінеді.

4. Зертханалық жұмыс істеу тәсілдерімен әдістерін игереді.


5. Сабақта танысқан өсімдіктердің ішкі құрылысын, дене бөліктерін толық

ажыратуға дағдыланады.

6. Зертханалық сабақ барысында оқушылардың биология ғылымының салаларына деген қызығушылығы артады.

7. Зертханалық жұмыс кезінде пайдаланатын құрал –жабдықтармен жұмыс жасау тәртібімен танысып, үйренеді.

8. Зерханалық жұмыс барысында оқушылар еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді және әсемдік тәрбие беріледі.

9. Бақылау сұрақтарына жауап береді.

Зертханалық сабақтардың жүру барысы:

1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.

2. Керекті құрал–жабдықтар.

3. Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптармен жабдықтарды көрсетіп,

оларды сабаққа қалай пайд алану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша

түсінік береді.

4. Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі

туралы айтады.

5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.

6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне

жұмыстың жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді.

Зертханалық сабақтарда әдістердің түрлері:

— Білімді берудің негізгі көзі – көрсету. Оқытушының зат пен құбылысты

демонстрациялап көрсетуі болады, екінші орында – бағыттап түсіндіру.

11-сыныптағы (жаратылыстану-математикалық бағыт) зертханалық жұмыстар:

1. Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың

нәтижесін, түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу;

2. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу.

Ескерту: Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар

болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен

алмастыруға болады. Зертханалық сабақтар мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіру бағытында жүргізіледі, егер оған сағат бөлінбеген болса, тарауды қорытындылау кезінде өткізуге болады.

Биология пәнінің басты міндеттерінің бірі – оқушыларға материалистік

көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным қалыптастыру. Себебі пәннің

мазмұны тіршіліктің пайда болуы, дамуы және мәні заңдары негізінде берік

моральды, өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды

қылықтар мен әрекеттерге төзе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Тек биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру арқылы ғана, дұрыс ұйымдастырылған нақты мақсатты сабақтар өткізу, сабақ әдістерін жетілдіру нәтижесінде терең де дәйекті түрде адамның табиғаттағы рөлін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өмірлеріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.Сонымен қатар биология сабағында зертханалық жұмыстар жасау арқылы – оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына ойын жинақтауда сонымен қатар, өз бетінше іздеп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды



7.Жоғары мектепте биологияны оқытудың басты міндеті.

– өз бетімен жұмыс жасау, шешім табу, ойлау іскерліктерін дамыту.

Өз мамандығы бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізе отырып, әдістемелік жұмыстар ерекшеліктерін білуі тиіс.

- оқытушының еңбегін ғылыми ұйымдастыру негізіне сүйене отырып ғылыми-әдістемелік және акпараттық материалдарды ұйымдастырудың ерекешеліктерін білу керек.

Сонымен катар олар:

- биологиядан және баска аралық пәндерден алған білімдерін білім алушылардың жалпы құзіреттіліктеріне және жеке тұлғалық-типтік ерекшеліктеріне қарай әлеуметтік және психологиялық ұжымдық ерекшеліктерді және нақты педагогикалық жағдайға қарай қолдануды;

- биология пәнінен оқу-тәрбие жұмыстарды жүргізуді, бағдарламалық материалды менгерудің тереңдігін және деңгейін өз бетімен ізденуге дағдыландыру;

- оқытудың жаңа акпараттық технологияларын оқу-зертханалық құрал-жабдықтарды колдануды;

- биология кабинетіне қажетті құралдарды жасауды, биологиядан таратпа материалдарды оқу үрдісіне пайдалануды, тірі табиғат бұрышын безендіруді;

- оку-тәрбие учаскелеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды және өткізу жолдарын, мәдени өсімдіктерді өсіру ба¬рысында агротехникалық ережелерді қолдануды;

- білім алушыларға табиғи кұбылыстарды бакылап, түсіндіруді, әртүрлі жұмыстарды (үйірмелік жұмыстарды) өсімдіктер мен жануарларды анықтау әдісін жүргізуді оқушылармен экологиялық, еңбекке, эстетикалық, этикалық, патриоттық тәрбие жұмыстарды жүргізу әдістемесін;

- жаңашыл алдыңғы қатарлы педагогикалық тәрбиелерді талдап, қорытындылап, күнделікті жұмысына пайдалануды;

- жүйелі түрде өзінің біліктілігін көтеруді басты мақсат етіп жолға коюы тиіс.

Сондықтан мектеп окушылары мен жоғары оқу орнындағы студенттерге биология салаларынан білім берудін басты мақсаты мен міндетіне:

- табиғаттағы тірі ағзалардың құрылысы мен қызметінің және генетикалық негізінің жүйелілігін игеру, білу;

- тірі ағзалардың көбеюі мен дамуын, биологияның әртүрлілігін түсіну;

- биосферадағы ең бір бірегейлі (уникалды) және бағалы бөліктері экожүйе, биологиялық әртүрлілік, оның эволюциялық дамуы;

- тірі табиғат негізінде білімін дамыта отырып оның ғылыми бейнесі, жалпы адамзат мәдениетінің компоненті ретінде болатындығын қалыптастыру;

-табиғат пен қоғамның арасындағы әоне адамдар арасындагы байланыстарды жан-жақты қалыптастырып, экологиялық, эстетикалық, этикалык және тәлім-тәрбие ережелерін зерделей оты¬рып, оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру арқылы оның мәдениеттілігін дамыту;


- жастарға білім беру барысында оны жеке тұлға деп карастыра

отырып дамыту. Биологиядан алған теориялық білімді практика

жүзінде пайдалануын іске асыра білуді үйрету жатады.

Биология ғылымында ашылған жаңалықтарды пайдаланып, адамзат алдындағы глобалды мәселелерді шешуге болатындығын есепке алу керек. Сондықтан да биология ғылымында соңғы жылдардағы ашылған ғылыми жетістіктерге көңіл бөлу керек, олар:

- гендік инженерия саласындағы жетістіктердің нәтижесінен ДНК құрылымын зерттеп біліп, тұқымқуалаушылық жолдарын білу арқылы тірі табиғатта болатын құбылыстарды ашуға мүмкіндік жасау;

- биотехнология саласында трансгендік жануарлар мен өсімдіктердің тұқымдары мен сорттарын алу;

- адамның геномын анықтап, зерттеу арқылы көптеген аурулардын шығу тегін аша отырып, биокоррекциялау әдістерін қолданып, генетикалық деффектілерді дұрыс жолға қою;

- ағзаларды клондау әдістерін игеру арқылы бұрын жойылып кеткен ағзаларды, олардың генетикалық көшірмесін қалпына келтіру.

8.Биологиядағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты.

– өз бетімен жұмыс жасау, шешім табу, ойлау іскерліктерін дамыту.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты - теориялық білімдерді тереңдету және ғылыми проблемалардың шешімдерін іздестіру әдісін игеру.

Ғылыми-зерттеу әрекетінің құрылымы өзара байланысты және өзара келісілген компоненттер жиынтығынан тұрады:

мотив - зерттеу пәніне бағытталған тұлғалық қажеттіліктер және әлеуметтік келісілген жиынтық;

мақсат - бұл білімді меңгеруде әрекет ету тәсілдерін қалыптастыру және шынайылық туралы объективті жаңа білімді алуы;

объект - зерттеу үшін белгіленген материалды немесе рухани шындық фрагменті;

пән - объектінің орнатқан шарттар жиынтығы;

үдеріс - ғылыми зерттеу логикасымен бірге жүретін бірізділік әрекет; нәтиже - ақиқат туралы объективті жаңа білім.

Компоненттер: мотив, мақсат, объект, пән, үдеріс және нәтиже.

Жоғары мектепте ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәрбиелік маңызы зор және ол студенттер мен оқытушылар арасында шығармашылық байланысты қамтамасыз етеді. Болашақ педагог кадрлары дайындауда мынадай зерттеу жұмыстары өткізіледі: ғылыми баяндама жазу, пікір жазу, реферат, ғылыми мақала, аннотация, тезис, конспект жазу, ғылыми жоба жасау, курстық және дипломдық жұмыс, педагогикалық практикадағы шағын зерттеулер, т.б.


9.Білім алушылардың қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ететін еңбек түрлері.

кітаппен жұмыс, кітапханада жұмыс, пікірталастар, өздік тәжірибелер, проблемалық міндеттерді шешу, ғылыми әдебиетті, журналдарды оқу, пікір алмасу, мақала, шығарма, баяндама жазу.

Жоғары мектепте ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәрбиелік маңызы зор және ол студенттер мен оқытушылар арасында шығармашылық байланысты қамтамасыз етеді. Болашақ педагог кадрлары дайындауда мынадай зерттеу жұмыстары өткізіледі: ғылыми баяндама жазу, пікір жазу, реферат, ғылыми мақала, аннотация, тезис, конспект жазу, ғылыми жоба жасау, курстық және дипломдық жұмыс, педагогикалық практикадағы шағын зерттеулер, т.б.

Педагогикалық зерттеу – бұл білім берудің заңдылықтары, құрылымы мен механизмі, мазмұны, принциптері мен технологиясы жайында жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үрдісі мен нәтижесі.

Жазба жұмыстары – студенттердің алғашқы жұмыстары. Олар студенттің кәсіби икемділіктерінің қалыптасуында маңызды орын алады. Жазбаша тапсырманы орындау білім алушыға әуелі оқу-зерттеу жұмысымен айналысуға, кейінірек ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік береді.

Реферат (лат. тілінің «refero» – хабарлаймын) – ғылыми жұмыстың мазмұнын баяндама ретінде немесе жазбаша түрде беру. Студенттердің өзіндік ғылыми зерттеу жұмысы. Көлемі 1,5 интервал арқылы жазылған 5-15 бетті қамтиды.

Реферат құрылымы және безендірілуі: титулдық бет; жоспар; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; әдебиеттер тізімі.

Рефератты бағалау: тақырыпқа мазмұнның сай келуі; материалдың өзектілігі; әдебиеттерді дұрыс және толық пайдалану; рефераттың безендірілуі.

Рефератты өңдеуде 8-10-нан кем емес әр түрлі әдебиеттер пайдаланылады. Кесте, график, сызба енгізуге болады.

Баяндама - өзіндік жұмыс түрі, оқу және сабақтан тыс уақыттарда студенттердің зерттеу дағдыларын қалыптастыруда, танымдық қызығушылығын кеңейтуде, пікір айтуда маңызды.

Конспект – оқитын материалдың мазмұнына жазылатын жүйелі, логикалық байланысы бар жазба түрі. Бұған жоспар, тезис, көшірмелер не осы жазбалардың екі түрі кіруге тиіс. Жазбалар мен тезистерден конспектінің айырмашылығы, конспект оқылған материалдағы жүйені, бірізділікті сол материалда берілгендей мазмұндайды. Конспект жасау үшін ең маңызды деген ақпарат алынады. Басты мәселе бөлініп алынады, маңызды сөз, сөз тіркесі көрсетіледі. Әрбір жаңа ой жаңа жолдан басталады. Конспектіде автордың аты-жөні, әдебиеттің аты, ол шыққан баспаның аты, мекен-жайы, уақыты, беті көрсетіледі.