Файл: 6. Зертханалы сабатарда жмысты тиімді нысандарыны бірі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ірі формасы - дипломдық жұмыс. Дипломдық жұмысының (жобаның) тақырыбы өзекті мәселеге арналады. Диплом жұмысына бір қатар талаптар қойылады.

Диплом жұмысын орындау тапсырмасы беріледі (биология кафедрасының меңгерушісі бекітеді): диплом жұмысының тақырыбы, студенттің аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі, жұмыстың шығыс мәліметтері, дипломдық жұмысты әзірлеудегі сұрақтар, графикалық материалдар мен ұсынылған әдебиетер тізімдері, жұмыс бойынша кеңестер, диплом жұмысын орындау кестесі. Тапсырма берілген күн көрсетіліп, соңында ғылыми жетекші мен тапсырма алушы студент қолы қойылады.

Диплом жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі негізделеді. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны, зерттеу пәні, ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, зерттеу жұмысының базасы және диплом жұмысының құрылымы беріледі. Кіріспеден соң бөлімдерден, бөлімшелерден тұратын негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша беріледі.

Жоғары мектепте дипломдық жұмысты қорғау кезеңі арнайы талаптар бойынша белгіленеді. Дипломдық жұмысты қорғағанда тақырыптың өзектілігі, мазмұнымен қатар, зерттеу жұмысының нәтижесі, студенттердің ғылыми конференцияға қатысуы ескеріледі.

Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы «оқу - қалай оқығаныңа қарай», «өзін-өзі дамыту», «өмір бойына оқу» болып өзгерді. Жаңа жүйеде оқытушы студенттерге өздігінен білім алудың түрлі әдістері мен жолдарын көрсете отырып, студенттің өз бетімен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы болып табылады.

10.Кредиттік жүйедегі оқытушы - ұйымдастырушы ретінде.

Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы «оқу - қалай оқығаныңа қарай», «өзін-өзі дамыту», «өмір бойына оқу» болып өзгерді. Кредиттік жүйеде оқытушы студенттерге өздігінен білім алудың түрлі әдістері мен жолдарын көрсете отырып, студенттің өз бетімен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы болып табылады.

Кредиттік оқыту жүйесі студент пен оқытушы арасында жаңа білімді игеру барысында, сенімді қарым-қатынастың қалыптасуын талап етеді. КОЖ-де оқытушы студент үшін тек ақпарат көзі ғана емес, ол студенттің қажетті ақпаратты іздеп тауып, саралап іс жүзіне пайдалануға үйретуші маман болуы керек.

КОЖ-сі оқытушылардан терең білім-білікті, озық әдістеме мен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені студенттерді өз бетінше ізденуге жетелеу үшін оларға өзінше тапсырмалар жүйесі мен жаттығулар, тест сұрақтарын, жоба өткізу үлгілерін т.б. толып жатқан жұмыс түрлерін ұсынуға, бағыт-бағдар беруге, көмектесуге және өздігінен орындайтын жұмыстарының орындалуын қадағалауға, тексеруге сөйтіп қорытындысын шығаруға тура келеді.