Файл: Аюды тапсырмасы Дрігер деген кім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 92

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында бейінді оқытудың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 5-сыныпта өткізілген «Мамандықтар әлеміне саяхат» интеллектуалды ойынының қорытындысы.№181 орта мектепте 2022 жылы желтоқсанның 15-і күні бейінді оқыту жұмыстарының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 5 "Б" сынып жетекшісі А. Жұмашеваның ұйымдастыруымен "Мамандықтар әлеміне саяхат" тақырыбында интеллектуалды, ойын-сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өздері қалаған мамандықтары жайлы түсініктер берді. Мамандыққа сәйкес жұмбақтар айтылып, түрлі ойындар жүргізілді. «Бауырсақ» ертегісінің желісінде аңдардан қорғану үшін мамандықтар бойынша сұрақтарға жауап берді.Аюдың тапсырмасы: Дәрігер деген кім?Қоянның тапсырмасы: Ұстаз деген кім?Қасқырдың тапсырмасы: Полиция қызметкері туралы айт. Ойын арқылы оқушылар барлық мамандықтарды өз білгендерінше айтып берді.«Дұрыс па, бұрыс па» ойыны ойнатылды. Мақал-мәтелдерді жалғастырды. «Құрылысшыға көмектес» ойыны ойнатылды. Сабаққа мектеп басшылары С.Бакирова, Ш.Әлібековалар қатысып, оқушыларға ризашылықтарын білдірді. Өткізілген іс-шара әлеуметтік желіде таратылды.Анықтаманы дайындаған: Директордың орынбасары Г.Нурумбетова