Файл: 2 бжб 9сынып аза дебиеті 4тосан бойынша жиынты баалауа арналан тапсырмалар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 72
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сыныбы _____ Күні ________ Білім алушылардың аты-жөні _______________________
№ 2 БЖБ 9-сынып қазақ әдебиеті
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәңгілік ел- мәңгілік мұрат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқылатын шығарма | Қажығали Мұхамбетқалиев «Тар кезең» романы |
Оқу мақсаты:
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура)
түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;
9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда
салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
Бағалау критерийі
-
шығарма идеясына сай кейіпкер бейнесін талдайды; -
берілген афоризмдердің мағынасын ашады; -
шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда -
салыстырады.
Ойлау дағдыларының қолдану, талдау
деңгейі
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма. Қажығали Мұхамбетқалиұлының «Тар кезең» романында шығарма идеясы Сырым бейнесі арқылы қалай көрініс тапқан? Сырым батырға тән қасиеттерді жинақтаңдар:
2-тапсырма. Шығарма үзіндісіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын ашыңыз.
«Ата жаумен аянбай айқасып...» | |
«Қырық жыл қырғын келсе де, ажалды өледі» | |
«Бөрі арығын білдірмес» | |
3-тапсырма. Романның тақырыбы мен идеясын, жаңашылдығы мен ұрпақтар сабақтастығын анықтаңыз.
Бағалау критерийі | Тапсырма | Дескриптор | Балл |
- шығарма идеясына сай кейіпкер бейнесін талдайды; - берілген афоризмдердің мағынасын ашады; - шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда - салыстырады. | 1 | Қажығали Мұхамбетқалиұлының «Тар кезең» романындағы Сырым батырға тән қасиеттерді жинақтайды; | 1 1 |
Шығарма үзіндісіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын ашады; | 1 1 1 | ||
Романның тақырыбы мен идеясын анықтайды; | 1 1 | ||
Романның заманауи жаңашылдығы мен ұрпақтар сабақтастығын анықтайды; | 1 1 1 | ||
| | Барлығы: | 10 балл |
Дұрыс жауаптар
1-тапсырма. Қажығали Мұхамбетқалиұлының «Тар кезең» романында шығарма идеясы Сырым бейнесі арқылы қалай көрініс тапқан? Сырым батырға тән қасиеттерді жинақтаңдар:
Қолбасшы, батыр, би, шешен, қажымас қайраткер, орыс отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі.
2-тапсырма. Шығарма үзіндісіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын ашыңыз.
«Ата жаумен аянбай айқасып...» | Рухани өмірінде орын алған қайшылықтар барысында пайда болып, кейінгі ұрпаққа жалғасқан өшпенділік, кегі бар, жау дұшпан саналған адамдар. |
«Қырық жыл қырғын келсе де, ажалды өледі» | Егер ажалың келсе алтын сандық ішінде тығылып жатсаң да табады. Ал ажалың жоқ болса, жаңбырдай жауған оқтан да адам тірі қалады. |
«Бөрі арығын білдірмес» | Нағыз ер сырын алдырмайды. |
3-тапсырма. Романның тақырыбы мен идеясын, жаңашылдығы мен ұрпақтар сабақтастығын анықтаңыз.