ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс.Бос уақыт дегеніміз еңбек етуге, үй жұмысы мен басқа да тұрмыстық қызмет, сонымен қатар физиологиялық қажетімізді (ұйықтау, тамақтану, жеке адам гигиенасы, т.т) қанағаттандыруға кететін уақыттарды есептемегендегі жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі. Бос уақыттың жұмыстан тыс уақыттардың басқа түрлерінен айырмашылығы – мектеп оқушылары оны өз қалауынша еркін пайдалана алады.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде
Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек.
Мектептен тыс өткізілетін спорт және өнер үйірмелері :Спортық-балдық,Каратэ,Грек- рим, еркін күресі,Таэквандо,дзюдо,Ағылшын тілі,
Гимнастика, акробатика,Суға жүзу,Еркін күрес,фортапиано,қобыз
Бос уақыт адамның қалауына сай ұйымдастырылады. Кейбіреулер бос уақытын көркем шығарма оқумен өткізуді қаласа, кейбіреулері телевизор көруді, ал енді біреулері табиғат саясында жан сергіткенді ұнатады. Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі өздерінің бос уақыттарын ең алдымен оқуға, білімін жетілдіруге, көркем әдебиетті және күнделікті баспасөз жаңалықтарын оқып – білуге, музейлерге, парктерге, көрмелерге баруға пайдаланады.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мектебімізде дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады. Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды. Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. 2-курста практика өтіп жүргенде Оқущыларды Евровидение сайысымен қызықтырып олар бос уақытында өздерінің сүйікті істерімен айналысып дайындалып жүрді.Практикант ретінде оқушыларға дайындалуға көмектесіп олардың өте талантты балалар екенің көрген болатынмын.
Практика бөлімінде оқушылардан сауалнама сұрақтарын алған болатынмын.Оқушылар өздерінің бос уақытында немен айналысатынын атап өткен болатын.