Файл: Тіл ел тірегі сынып сааты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Тіл - ел тірегі» сынып сағаты


Қазақ тілі-ежелден қазақ халқының тілі болып саналады. Ол қазақтардың тарихымен байланысты және қазіргі уақытта ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас құралы болып табылады. 17 сәуірде № 3 мектептің 7-8 сынып оқушыларымен "Тіл-ел тірегі" тәрбие сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты өз тілінді құрметтеуге, Қазақстан халқына, Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің ұлттық қатынастарына, халықтар достастығын, ұлтаралық қатынастарды сақтауға тәрбиелеу. Өскелең ұрпақтың бойында қазақ тілінің салт-дәстүрлерін, тілдері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге, патриотизмді дамытуға, қолдану аясын кеңейтуге,тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Ана тілі тақырыбында шағын әңгіме өткізілді, содан кейін бірнеше ойындар өткізілді, мақал-мәтелдің жалғасын, қанатты фразаны, бірнеше ұлт-өкілдерінің аспаптарын, туыларын табу керек болды. Қазіргі уақытта цифрландыру дәуірінде, QR код көмегімен сынып сағатында оқушылар халықтар бірлігі туралы бейнеролик көре алды.

Құшағы кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына алды. Қазір, елімізде басқа ұлттардың қазақ тілді өкілдерінің саны едәуір артқанын байқауға болады. Бұл елімізде өз Отанына, мемлекеттік тілге патриоттар санының артқанын көрсетеді. Бұл тек қазақ тіліне ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрлеріне де құрмет.




8 сынып оқушысы: Майер Кэтрин