Файл: Мемлекетті басқарудағы ақпараттық технология.doc

Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 1142

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

12 тақырып. Мемлекетті басқарудағы ақпараттық технология

Мақсаты: Студенттерді ҚР-ның «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттерімен, мемлекеттік органдарда ақпараттандырудың қазіргі жағдайының анализі мен бағдарламаны iске асыру тетiгі және оның негізгі бағыттарымен таныстыру.


Оқытудың міндеті: «Электрондық үкімет» даму бағдарламасының негізгі термині мен бағдарламаны іске асыру тетігі және «Электрондық үкімет» түсінігіне кіріспе.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технология түсінігі.

  2. Мемлекеттік басқару тиімділігі және АКТ.

  3. Электрондық үкімет (ЭҮ) анықтамасы.

  4. Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы.

  5. 2005-2007 жылғы ҚР-ның «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.

  6. «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетігі және оның негізгі бағыттары.

  7. Қазақстанда АКТ-ның мемлекет басқаруға енгізілу үшін оның функционалдық жүйесі мен нормативті құқықтық негізі. Қазіргі кездегі заңдастырылған қорлар.

  8. «Электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы.

  9. Әкімшілік реформа және мемлекет басқару жүйесінің реинжинирингі.



Қысқаша теориялық блок

Ақпараттық –коммуникациялық технология (АКТ)– Information and Communication Technologies (ICT) –тұтынушының ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу және пайдалану мақсатында біріккен әдістер, программалық-техникалық құрылғылар және өндірістік үрдістер жиынтығы.

Ақпараттық және коммуникациялық технологияның (бұдан былай - АКТ) дамуы мен кеңінен қолданылуы бұл соңғы он жылдағы ғылыми-техникалық революция мен әлемдік дамудың ауқымды тенденциясы болып табылады. АКТ пайдалану бәсекелес экономиканы көтеру үшін, әлемдік жүйедегі оның мүмкіндіктерін кеңейтуге, жергілікті басқару мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін шешуші роль атқарады.

Эксперттердің жобалауынша, мемлекеттік басқаруға ақпараттық-коммуникациялық технологияның (АКТ) енгізілуі экономиканың дамуын тездетеді, бюрократиялық үрдістер шығыны азаяды, мемлекеттік ведомстволардың еңбек өнімділігі мен жұмыстарының тиімділігін арттырады және азаматтық қоғамды қалыптастыруда әртүрлі реттегі ақпараттарды алуда халықтың мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттік қызметтерді тиімді етіп құру, бюрократиялық барьерлердің әлсіреуіне әкеледі.

Мемлекеттік басқарудың функцияланған жүйесінің тиімділігі келесі бағыттар бойынша анықталуы мүмкін:

  • мекемелер мен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынас;

  • мекемелердің ішкі жұмыстары;

  • билік ұйымдарының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы;

Ақпараттық коммуникациялық технологияның енуі азаматтар мен мекемелердің мемлекеттік билік ұйымдарымен өзара қарым-қатынасының тиімділігін арттырады. Билік ұйымдарының жұмысы туралы ақиқат, оперативті, толық өзекті ақпараттар веб-сайтта жазылған. Бұл азаматтар мен қажетті ақпараттарды іздеуді қысқартады, мемлекеттік қызметкерлердің ақпараттарды түсіндіруге кететін уақыттарын азайтады, сонымен қатар көптеген кететін қателерді азайтады.


Сонымен бірге азаматтар мен мекемелер Интернеттің көмегі арқылы сұраныс жіберіп және анықтамалар ала алатындай мүмкіндіктері, мемлекеттік басқару ұйымына қарастырылған заң бойынша есеп бере алатындай болуы керек. Бұл үшін сұраныстардың жағдайын тексеріп отыру керек.

АКТ негізінде «бір терезе қағидасы» деп аталатын барлық деңгейдегі ұйымдармен өзара қарым –қатынасы бір нүкте арқылы енеді.

АКТ енгізуде тікелей экономикалық эффект байланысты:

  • бұрынғы сақталынған құжаттарға қатысты ауданды босату;

  • құжаттармен жұмыс істеуде қызметкерлердің қысқару санымен;

  • мемлекеттік басқару ұйымдарының бизнес-үрдістерінің орындалу уақытының қысқаруымен;

АКТ-ның енгізілуіндегі үлкен мәнге ие:

  • қабылданатын шешімдердің сапасының жақсаруы;

  • азаматтардың билікке сенімділігінің артуы;

  • билік ұйымдарын қамтамасыз етуге қосымша қоғамның ұсталынымдарының төмендеуі.

Қазіргі уақыттағы ақпараттық–коммуникациялық технология азаматтардың қызығушылығына бағытталған электрондық үкімет құруға мүмкіндік береді.

Электрондық үкімет құру тарихы ақпараттық технологияның дамуымен қатар жүріп келеді. «Электрондық үкімет» подразумевает ақпараттық технологияны қолданумен, оның ішінде Интернетті, мемлекеттік ұйымдармен, мемлекет азаматтарымен және жеке бизнеспен өзара электронды қажет құрылғы .

«Электрондық мемлекет» термині - e-Government ақпаратты өңдеу, жіберу және таратудың электронды құралдары негізінде (Интернет, телефон, факс, кіру орталықтары, желісіз құрылғылары және басқа коммуникациялық жүйелер.) мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың барлық салаларының барлық азаматтарға электронды құралдар көмегімен қызмет көрсету, сол құралдар арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы азаматтарды ақпараттандыру.

Мемлекеттік басқару концепциясы ақпараттық–коммуникациялық технология мүмкіндіктеріне және ашық азаматтық қоғамның бағалануына бағытталған ақпараттық қоғамға арналған. Азаматтардың қажеттілігіне, экономикалық тиімділігіне, қоғамдық бақылау және ашықтығына бағытталып сипатталады. Коррупция және бюрократиямен күрестің бірден-бір тәсілі, сонымен бірге арнайы құрылыммен қамтамасыз етеді. Электрондық үкіметтің анықтамасын мамандар әр түрлі береді. Кейбір авторлар описательные анықтамаларды қолданады- қоғамда оның жеке құрылымдарында электронды үкіметтің енуінің арқасында қандай өзгерістер еніп жатқандығын айтады. Кейбіреулер электронды үкіметтің қолданбалы аспектісін, яғни оның жеке инструменттерінің әртүрлі қолдануларын санайды. Сонымен бірге мемлекетті басқарудың максималды тиімділігіне бағытталған экономикалық анықтамасы бар.

Электронды үкіметтің функцияларының анықталған аспектісін бейнелейтін болғандықтан, әр қағида ақиқат. Осы терминнің келесі кейбір талқылауларын қарастырамыз. Сонымен электрондық үкімет келесі түрде анықталады:


  • Ақпаратты өңдеу, жіберу және таратудың электронды құралдары негізінде мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың барлық салаларының барлық азаматтарға (зейнеткерлер, жұмысшылар, бизнесмендер, мемлкеттік қызметкерлер және т.б.) электронды құралдар көмегімен қызмет көрсету, сол құралдар арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы азаматтарды ақпараттандыру.

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолдануымен мемлекеттік билік пен қоғамның ақпараттың өзара әсерлесуін білдіретін метафора.

  • Негізгі міндеттері келесідей болып табылатын автоматтандырылған мемлекеттік қызмет орындары: барлық қажетті мемлекеттік ақпаратқа азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету, салық жинау, жол көліктері мен патенттерді тіркеу, қажет ақпарат беру, келісімдер жасау және мемлекет аппараттарына керекті жабдықтарды жеткізу. Бұл шығындардың төмендеуіне және мемлекет аппаратының қызметін қаржыландыруға кеткен салық төлеушілердің қаржысын үнемдеу, басқару органдары қызметінің айқындылығы мен ашықтығын ұлғайту. Мемлекет басқару органдарында жаңа, соның ішінде интернет технологиялар қолдану.

Электронды үкімет бағасының тәсілдері, оның мүмкіндіктері, ақпараттық технология сферасында мамандардың таңдауымен, мемлекеттік басқару, социалды үрдіс, экономикалық дамуы, көптеген орындаушылардың – мемлекеттік шенеуніктермен таралады.

«Электронды үкімет» жүйесі үш негізгі компоненттен тұрады:

  • Азаматтарға бағытталған компонент: мемлекеттік ұйымдармен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынас (халықаралық термин бойынша G2C). Азаматтарға үкіметтік қызметтерді пайдаланудың жылдамдығын ұлғайту. Азаматтар үшін кез келген ведомство, кез келген қызмет немесе ақпарат ашық. яғни сұраныстардың орындалу жылдамдығын көтеру және сол сұраныстардың орындалу уақытын азайту.

  • Дербес секторға арналған компонент: мемлекеттік ұйымдар мен дербес секторлар арасындағы қарым-қатынас (халықаралық термин бойынша G2B), өзара қарым-қатынаста қағаз құжаттарды пайдалану қажеттілігін азайту, осылайша қажетті ақпаратты жинау мен өңдеуді тездету. Қызметтерді ұсынуда біріккен жүйе құру үшін мемлекеттік ұйымдар коммерциялық мекемелермен бірігіп өздерінің каналдарын бере алады. Жақсарған технологияны пайдалана білуі арқасында мемлекеттік сатып алулар ашық түрде өтетін болғандықтан мемлекет шығыны азаяды. «Үкімет-бизнес» модулі қалыпты процедуралардың бірі декларация немесе несиені рәсімдеуді ғана жеңілдетпейді, негізгі оның функциясы - қысқарту, жеделдету және үрдісті автоматтау арқасында азаматтарға өзінің жеке бизнесін құруға мүмкіндік береді. Өйткені жеке капитал тек экономика, әлеуметтік, мәдениеттің, техниканың және ғылымның дамуы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің дамуы үшін негізгі күш болып саналады.

  • Мемлекеттік басқару ұйымдарына негізделген компонент: (халықаралық термин бойынша G2G) АКТ көмегінің арқасында әртүрлі мемлекетті басқару органдарының біртұтас корпоративтік желідегі деректерінің интеграциясына, құжат айналымын оптимизациялау мен шешімдерді қабылдау және олардың орындалуының механизмін арттыру мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуінің жоғарылауына әкеледі.


Осы үш модуль азаматтардың, топтардың, қоғамның әлеуметтік белсенділігін арттырады. Жүйе іске асқан сайын бюрократия азаяды, кезекке тұрып, қағаз жинау жойылады, азаматтардың апталар, айлар бойы жасайтын рәсімдеу жұмыстары минуттар яки сағаттарда бітетін болады. G2C модулі жалпы портал арқылы қажет құрылымның бетіне оңай шығуға мүмкіндік береді, G2B модулі келісім мен лицензияларды, несие және жеңілдіктерді, G2G модулінің ресурсының формаларын толтырып, уақыт кетірмей-ақ қажет мамандарға шығып оңай жүзеге асыруға болады. Әркімнің өзінің жеке әлемінде, электронды интерфейспен жабдықталған, керек сұрақтарының шешімін табу үшін керемет жағдайлар.

Басқа модулдердің де бір-біріне әсері қалмайды (дербес жағдайда, В2В(бизнес бизнеске), В2С (бизнес азаматқа), С2В (азамат бизнеске)).Бұл электронды үкімет модулі емес, ақпараттық – коммуникациялық технологияның көмегімен, адамның біліміне, шығармашылығына негізделген мүмкіндіктері арқылы әлеуметтік формадағы-ақпараттық қоғамға негізделген.

Кейбір мемлекеттерде азаматтар Интернет арқылы, мысалы, автотранспортын тіркеуге, жүргізуші куәлігінің лицензиясын ұзартуға, кезекке тұрмай-ақ салық төлейтін мекемелерге бармай-ақ салық төлеуге болады. Бұл азаматтарды басқару процестеріне және саясатқа деген көзқарастарының өзгеруіне алып келеді. Қоғамда бюрократияның позияциясы әлсірейді, коррупция азаяды, іс жүргізу құжаттарының айналымы мемлекеттік машинаның қатардағы функциясы болып қалады. Дәстүрлі басқарудан электронды басқаруға өтудің ақырғы стадиясы бұл кез келген басқару ақпараттарын табуға болатын бірыңғай веб-порталдың бар болуымен сипатталады. Барлық басқару қызметтері он-лайндық тәртіпте және әкімшілік жағдайда электронды түрде, яғни қағаз түрінде болмайды. Мамандар электронды үкіметтің бұл стадиясын практикалық түрде мүмкін емес деп ойлайды. Осы стадияға жетуге екі мемлекет (Ұлыбритания және Сингапур) ұмтылуда.

Бірақта финалдық стадияға жете алмаса да электронды үкімет басқару үшін де, қоғам үшін де өзінің артықшылығы бар.

«Электрондық үкіметке» ену- бұл өте күрделі ұйымдастырылған, ұйымдастырушылар күші мен көптеген қаржылық шығынды қажет ететін, экономикалық, технологиялық және социалды үрдіс.

Бұл істегі жеңіс нақты стратегия мен әр кезеңде дұрыс жүргізілген тактика, барлық қатысушылардың әр түрлі деңгейдегі оның ішінде заң шығарушы, орындаушы және сот билігіндегілердің, дербес сектордың, қоғамдық, білім беру мекемелерімен және азаматтардың өзара байланысы. Сонымен бірге бір бірімен байланысқан саяси, құқықтық, техникалық және ұйымдастырылған сұрақтар үшін бүтін комплексті шешу, қаржыландыру көздерін анықтау, мамандарды оқыту керек.

Қазақстанның ақпараттандыру және байланыс агенттігі е-үкіметті құруда Оңтүстік Корея, Сингапур, Италия, Германия және Эстонияның тәжірбиелерін қарастырды, содан кейін барып мамандардың көмегімен Қазақстанда «электронды үкіметті» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы жасалды.


Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында N 9 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы "электрондық үкiмет" тұжырымдамасының ережелерi ескерiле отырып әзiрлендi.
           Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы - прогрессивтi ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды.
      Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған.
      "Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады.
      Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу көзделетiн болғандықтан, "электрондық үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi.
      Осы Бағдарламада жағдайлар жасауға және "электрондық үкiметтiң" мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалануға бағытталған шаралар көзделедi, олар мынадай шешушi сәттерге шоғырландырылатын болады:
      1) "электрондық үкiмет" пен оны пайдаланушылардың жұмыс iстеуiн реттейтiн нормативтік құқықтық базаны дамыту.
Бұл тұрғыда "электрондық үкiмет" құру мемлекеттiк қызмет көрсетулер регламенттерiн талдауды көздейдi, мұның өзi әкiмшiлiк рәсiмдерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу мен мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту тетiктерiнiң бiрi болып табылады;
      2) халықты "электрондық үкiмет" мүмкiндiктерiне тарту, яғни бiлiм алу және ақпарат теңсiздігін еңсеруге, электрондық iс-қимыл рәсiмдерiн орындау мен халықтың қалың жiгі үшін "электрондық үкiмет" қызмет көрсетулерiне қолжетiмділіктi ұйымдастыру үшiн қоғамды қажеттi білімдiлiк деңгейiмен қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды iске асыру қажеттiлiгі;
      3) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде әкiмшiлiк процестердi стандарттау мен нысандандыруды, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мен басқарудың бiрыңғай саясатын әзiрлеу мен iске асыруды бiлдiретiн мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.
      "Электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын қалыптастыру екi өзара байланысты, бiрақ функциялық дербес контурларды iске асыру жағдайында мүмкiн болады.
Iшкi контур "Үкiмет-Үкiмет" үлгiсiндегі өзара қарым-қатынастарды қамтиды және ведомствоаралық әкiмшiлiк рәсiмдерге қызмет көрсететiн ақпараттық жүйелердi құрайды.
      Cыртқы контур "Үкiмет-азаматтар" және "Үкiмет-ұйымдар" үлгiсiндегi өзара қарым-қатынастарды қамтиды және мемлекеттiң азаматтармен және ұйымдармен өзара іс қимылын қамтамасыз етедi.
      Бағдарламада Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi ескерiледi және салааралық сипатта болады.