ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Ответы на вопросы
Дисциплина: Информатика
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 1143
Скачиваний: 6
E-Үкiметтi
қалыптастыру мен қолдауды ғылыми-әдiстемелiк,
ақпараттық-талдау және кадрмен қамтамасыз
ету, мемлекеттiк қызметшiлердiң компьютерлiк
бiлiктiлiгiн арттыру семинарлары мен
курстарын өткiзу мақсатында e-Үкiметтiң
құзырет орталығы құрылады.
Ақпараттық теңсiздiктi еңсеру мақсатында
мынадай iс-шараларды iске асыру
жоспарланады:
консультациялық орталықтарды, компьютерлiк
курстарды қоса алғанда, компьютерлiк
сауаттылыққа оқытып-үйрететiн жалпыға
қолжетiмдi пункттер құру;
жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң Интернетке
сенiмдi әрi арзан қолжетімділiгiн қамтамасыз
ету.
Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның
мақсаты
азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк
қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы
қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және
АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк
органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін
арттыру болып табылады.
Аталған
мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi
орындау керек:
1.
мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға
ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс
iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік
құқықтық және әдiснамалық база
құру;
2. мемлекеттік
органдардың e-қызмет көрсетулерін
қалыптастыру мен дамыту;
3.e-Үкiметтiң
қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi
жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн
арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
4.
e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық
құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және
мемлекеттiк органдардағы ақпараттық
инфрақұрылымды оңтайландыру;
5.
е-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын
қорғауды қамтамасыз ету.
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1. Нормативтiк
құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз
етудi жетiлдiру
Нормативтiк құқықтық
және әдiснамалық қамтамасыз етудi дамыту
қоғамның ақпараттық қажеттiлiктерiн
қамтамасыз ету, e-қызмет көрсетулердi
тұтынушылардың құқықтарын қорғау,
құзыретiн белгiлеу, сондай-ақ е-Үкiметтің
жұмыс iстеу жағдайларында мемлекеттiк
органдардың қызметiн үйлестіру бөлiгiнде
ақпараттандыру саласындағы қатынастарды
реттеуге бағытталатын болады.
Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық
қамтамасыз етудi жетiлдiру жөніндегі
іс-шараларды iске асыру жүйелілiк,
объективтiлiк және Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңдарының нормаларына
сәйкес принциптерi бойынша жүзеге
асырылатын болады.
Мемлекеттiк органдардың e-қызметтер
көрсетуi үшiн құқықтық негіз қалыптастыру
мақсатында ақпараттандыру саласындағы
әртүрлi аспектiлердi реттейтін Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдарына
талдау жасау жүзеге асырылатын болады
және е-Үкiметтiң жұмыс iстеу тәртiбi мен
жағдайларын айқындайтын нормативтiк
құқықтық актiлер кешенi әзiрленедi.
Мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру
мақсатында е-қызмет көрсетулерді
қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк қызмет
көрсетулер мен әкiмшiлiк процестердi
жүзеге асыру регламенттерiне талдау
жүргiзiлетiн болады, соның негiзiнде
тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер
әзiрленедi.
Базалық
құрамдас бөлiктер мен ведомстволық
ақпараттық жүйелердi құрған кезде
бiрыңғай көзқарасты жүзеге асыру және
олардың үйлесiмдiлігін қамтамасыз ету
мақсатында мемлекеттiк органдардың
ақпараттық жүйелерiнiң деректерi мен
сервистерiн ықпалдастыру бiрыңғай
тетiгiн қамтамасыз ететiн ұлттық
технологиялық стандарттар әзiрлеудi
және/немесе халықаралық технологиялық
стандарттар қабылдауды көздейтiн
e-Үкiмет инфрақұрылымының бiрыңғай
әдiснамалық базасы әзiрленетiн болады.
2.Мемлекеттiк
органдардың e-қызмет көрсетулерiн
қалыптастыру мен дамыту;
3. е-Үкiметтің қызмет көрсетулерiне
қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық
теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм
деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар
ұйымдастыру;
4.
e-Үкiметтiң инфрақұрылымының базалық
құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру;
E-Үкiмет
инфрақұрылымының жұмыс iстеуi оның
базалық құрамдас бөлiктерiн құруға
негiзделетін болады, оларға e-Үкiметтiң
порталы мен шлюзi, "төлемдік шлюз",
ұлттық бiрегейлендiру жүйесi, мемлекеттiк
органдардың бiрыңғай көлiктік ортасы
жатады.
Е-Үкiметтiң
бiрыңғай сәулетiн құру мақсатында
e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық
құрамдас бөлiгін қалыптастыру бойынша
техникалық тапсырма әзiрленетiн
болады.
Ведомствоаралық
ақпараттық жүйелердiң техникалық
құралдары мен ведомстволық ақпараттық
жүйелердiң резервтiк орталықтарын
орналастыру үшін серверлiк орталық
ғимаратын салу аяқталады және оны
технологиялық жарақтандыру жүзеге
асырылатын болады.
5.
Ведомствоаралық
және үлгілiк ведомстволық ақпараттық
жүйелер құру және дамыту;
6. Жергiлiктi атқарушы органдардың
ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн
құру және дамыту;
7. Халықаралық стандарттар базасында
e-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын
қорғауды қамтамасыз ету;
Мемлекеттiк
органдардың e-қызмет көрсетулер ұсынуы
ақпаратты қорғау үшiн белгiленген
талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын
болады, ол ақпараттың жоғары деңгейде
қорғалуын және e-қызмет көрсетулердi
пайдаланушылардың сенiмiн қамтамасыз
етедi.
Осы мақсатта
базалық құрамдас бөлiктерге, сондай-ақ
мемлекеттiк органдардың ақпараттық
жүйелерiне қойылатын техникалық талаптар
ескерiлетiн e-Үкiмет инфрақұрылымының
ақпараттық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы
әзiрленетiн болады. Тұжырымдамада
құрылымды жетiлдiру, мемлекеттік
органдардың ақпараттық жүйелер
қауiпсiздiгін материалдық-техникалық
және кадрлық қамтамасыз ету мәселелерi
көрiнiс табатын болады.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде
ақпаратты қорғау саласындағы ұлттық
стандарттар әзiрленедi және/немесе
халықаралық стандарттар қабылданатын
болады, оларға сәйкес e-Үкiметтiң ақпараттық
инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту
кезiнде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз
ету жөнiндегi талаптар айқындалатын
болады. E-Үкiмет инфрақұрылымының құрамдас
бөлiктерiн қалыптастыру аяқталуына
қарай олардың әрқайсысы үшiн қауiпсiздiк
саясатын айқындайтын нормативтiк құжат
әзiрленедi.
Ақпараттық
ресурстар мен жүйелердi қорғау жөнiндегi
үлгiлiк жобалық шешiмдер әзiрленетiн
болады, олар e-қызмет көрсетулердi жобалау
сатысында ақпараттардың қорғалуын
қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
"Open source" (бағдарламалық қамтамасыз
етудi түрлендiруге және еркiн пайдалануға
құқық берушi, компьютерлiк бағдарламаларды
лицензиялауды әзiрлеу әдiстемесi)
технологиясы базасында қорғалған ұлттық
операциялық жүйенi құру жөнiндегi
iс-шараларды жүргiзу жоспарланып
отыр.
E-Үкiмет
инфрақұрылымының сапалы әрi сенiмдi
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында
нормативтiк актiлерге, тұжырымдама
талаптарына және ақпараттық қауiпсiздiк
саясатына сәйкестiгiн сертификаттау
жүйесi құрылатын болады. Мемлекеттiк
ақпараттық жүйелердiң ақпараттық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған
техникалық тапсырмаларды келiсудiң
бiрыңғай тәртiбi айқындалатын болады.
Интернеттiң қазақстандық сегментiнiң
домен кеңiстiк мемлекеттiк реттеу
домендердi бөлудiң бiрыңғай тәртiбiн
белгілеу және kz доменiн басқару орталығын
құру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу арқылы
қамтамасыз етiлетiн болады.
8. Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету.
Бағдарламаны
орындау iс-шаралар жоспарын және салалық,
өңiрлiк ақпараттандыру бағдарламаларын
iске асыру жолымен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыру жөніндегі
жұмыстарды үйлестiрудi Қазақстан
Республикасы Yкiметінiң тиiстi қаулысымен
құрылған ведомствоаралық комиссия
жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаны бақылау мен iске асыруды
ақпараттандыру және байланыс саласындағы
уәкілеттi орган, ал салалық және өңiрлiк
ақпараттандыру бағдарламаларын бақылау
мен iске асыруды тиiстi мемлекеттiк
органдар жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаның iс-шараларын орындау
кезiнде бiрыңғай техникалық саясатты
iске асыру мақсатында ақпараттандыру
саласындағы ұлттық операторға e-Үкiмет
инфрақұрылымының жүйелiк ықпалдастырушысының
функциялары, сондай-ақ ведомствоаралық
ақпараттық жүйелер, мемлекеттiк
органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасы
жобаларын басқару және техникалық
сүйемелдеу функциялары жүктелетiн
болады.
Ақпараттандыру
және байланыс саласындағы уәкiлетті
органның жанында ұйымдастыру мен
әдiстемелiк мiндеттердiң шешiлуiн қамтамасыз
ететiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық
қызметтерi басшыларының кеңесi
ұйымдастырылатын болады.
Жеке ақпараттандыру қызметтерi жоқ
мемлекеттiк органдарда АКТ-ны енгізу
процестерiнiң сапалы түрде жоспарлануын
қамтамасыз ету үшiн ақпараттандыру
саласындағы ұлттық оператордың
өкiлдерiнен тұратын тиiсті бөлiмшелер
құрылатын болады. Бұл бөлiмшелердiң
негiзгi мiндетi мемлекеттік органды
ақпараттандыру кезiнде бiрыңғай техникалық
саясатты жүргiзу, ал қажет болған жағдайда
қолданыстағы жүйелердi әкiмшілендiру
және жүйелiк-техникалық қызмет көрсету
болып табылады.
«Электронды үкімет»- бұл Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көрсетілетін қызметтер ақпараттық және коммуникациялық технологияның көмегімен, ішкі үрдістерді қалыптастыруда және мемлекетті басқарудағы сұрақтар қоғмның қатысуымен болатын мемлекеттік ұйымдардың ішкі және сыртқы қатынастарының жаңа жүйесі.
"Электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымы азаматтарды осы ресурстарға регламентпен кіре алатын ақпаратты қызметтер жүйесі мен мемлекеттік ақпараттар ресурсының бірігуі.
Электронды үкіметті қалыптастыру концепциясы келесі негізгі есептермен шешіледі:
-
Интернетте арнайы сайттар құру және оны өзекті арнайы ақпараттар мен толтыру. Міндетті ақпараттарға (кейбір мемлекеттердің осындай сайттарының мазмұны сияқты) жалпы, мемлекеттік мекемелердің анықтамалық және байланыс ақпараттары, статистика, мемлекеттегі болып жатқан оқиғалар, заңдар және нормативті актілер, үіметтің есе,бі, мемлекеттік мұрағат мазмұны болады. Сайтта сонымен қатар мыналар болуы мүмкін:
-
жоғарыда тұрған мекемелердің құжаттарына құжаттар немесе сілтемелер;
-
жарияланған мекемелер мен оның функцияларына сәйкес өзекті материалдар;
-
типтік жағдайларына байланысты жеке және заңды тұлғаларға рекомендация беру;
Мемлекеттік мекемелерге қатысты сұрақтарға тез және жылдам жауап алуға, мемлекет пен азаматтар арасында өзара қарым-қатынасты қысқартуға қатысты интерактивті қызметтер құру. Көп мемлекетте дамыған осындай қызметтердің біріне салық декларацияларын құру және беру, өтініштер беру, мемлекеттік сатып алулар үшін электронды сауда алаңдарын құру болып табылады.
Келесі қызметтер ұйымдастырылуы мүмкін:
-
мемлекеттік басқару ұйымдары мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына қатысты туындайтын әртүрлі жағдайларға қажетті құжаттардың үлгілерін беру;
-
айыппұл төлеу;
-
әлеуметтік жеңілдіктерге қатысты анықтамалар;
-
мемлекеттік мекемелерден жұмыс іздеу;
-
сертификаттар мен келісімдерді беру,
-
дәрігердің қабылдауына жазылу;
-
қашықтан оқыту қызметтерін беру,
-
сайлаушыларды тіркеу.
Азаматтармен кері байланыспен тиімді жүйе құру. Бұл азаматтар үшін құрылған электронды пошталық жәшіктер деп аталады, ашық және жабық интернет-форумдар, дауыс беру жүйесі және әлеуметтік сұраныстар.
Электронды үкіметті қалыптастыру үшін келесі қағидаларды орындау қажет:
-
Интернетте орналастырылған, кез келген санаттағы азаматтар кіріп оқи алатындай жоғары сапалы ақпараттар;
-
жоғары деңгейдегі компьютерлік дайындықтағы мемлекеттік қызметкерлер;
-
мемлекеттік басқару ұйымдарының, мекемелердің қағидаларының қарапайымдылығымен бір-бірімен өзара қарым-қатынасы. Сондықтан да ведомствоаралық қарым-қатынас және ақпараттық алмасу үшін жалпы ұлттық стандарттар құрылуы керек.
Оқыту және сабақ беру әдістері: дискуссия
Әдебиеттер:
-
Қазақстан республикасында «Электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдаламасы 10.11.2004ж.
-
Андронова, А. Николаев Электронное правительство в Европе и мире.
О. Андронова olga@ci.ru, А. Николаев, alnik@eureca.ru
-
Голобуцкий А. , О. Шевчук "Электронное правительство"
-
Информационные ресурсы Интернет: www.e.gov.kz, www.aic.gov.kz, www.gov.kz, www.e-govcompetence.ru, www.neweco.ru, www.e-russia.ru, www.e-rus.ru, www.e- government.ru, www.e.gov.uz
-
А.В. Гиглавый, Ю.М. Горностаев, В.И.Дрожжинов, С.Н. Сериков, А.А. Штрик. Под ред. В.И. Дрожжинова. - Совершенствование государственного управления на основе его реорганизации и информатизации. Мировой опыт. М.:Эко-Трендз, 2002.
-
Сб. статей под ред. Н.В. Борисова, Ю.Е. Хохлова - Развитие информационного
общества в России. Том 1.Теория и практика: Спб.:Изд-воСПбГУ, 2001.
-
Сб. статей под ред. Н.В. Борисова, Ю.Е. Хохлова - Развитие информационного общества в России. Том 2. Концепции программы: Спб.:Изд-воСПбГУ, 2001.
-
Коцюбинский А. О., Грошев С. В. Современный самоучитель работы в сети Интернет. Быстрый старт. “Триумф”. М. 1997
Бақылау
Сұрақтар:
-
ҚР «Электронды үкіметті» қалыптастырудағы Мемлекеттік бағдарламаның негізгі
анықтамаларын айтыңыз?
-
Мемлекетті басқаруда ақпараттық технологияны ендіру тиімділігіне түсініктеме беріңіз?
-
Үкімет пен азамат арасындағы өзара қарым-қатынасқа түсініктеме беріңіз?
-
Үкімет пен жеке ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасқа түсініктеме беріңіз?
-
Үкімет пен Үкімет арасындағы қарым-қатынасқа түсініктеме беріңіз?
-
Бағдарламаның мақсаты қандай?
-
Бағдарламаның міндеті қандай?
-
Қазақстандықтар үшін істелініп жатқан Ақпараттық технология саласында заңдастырылған негізгі нормативті құқықтық актілерді атаңыз.
-
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігін сипаттап беріңіз?
-
Бағдарлама бағыттарының актуалдығын сипаттаңыз.
-
Мемлекетті басқаруда реинжинирингке түсініктеме беріңіз.
-
Электронды үкіметтің ҚР азаматтарына, жеке ұйымдарға мемлекеттік аппаратына көрсетілетін қызметтерін атаңыз.
-
Әкімшілік реформа және мемлекет басқару жүйесінің реинжинирингі.
Сауалнамалар: «Мемлекетті басқарудағы ақпараттық технология» тақырыбын «Информатика» сауалнамалар жинағынан қараңыз.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
-
Азаматтар, бизнесмендер, мемлекеттік аппараттар (G2G, G2B, G2C) арасындағы өзара байланыс схемасын сызыңыз.
-
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым схемасын сызыңыз.
-
2005-2007 жылғы ҚР-ның «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттерін атаңыз.
-
«Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолдар туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын интернеттен іздеп табыңыз.
-
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымның схемасын сызыңыз.