ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 32
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қош келдің, әз Наурыз!»
Мақсаты: Балаларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайлыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Мазмұны: Бүкіл ттіршілік атаулының түрленіп, жанаруы паш етілді. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңнен насихатталады.
Түрлі салт - дәстүрлер көрсетіледі.
Барысы:
1-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
2-жүргізуші: Жыр сыйлайық,нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы-бұл көктем мен еңбектің мерекесі,күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наураз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңізбен құтты болсын! Наурыз «Жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын! Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Бағила әпкиге беріледі.
1-жүргізуші: Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы
2-жүргізуші: Наурыз - елмен елді, бірлікке, ынтымаққа шақырған күн
1-жүргізуші: Наурыз - татулықпен достықтың мерекесі
2-жүргізуші: Наурыз - ізгілікпен молшылықтың мерекесі
1-жүргіззуші: Алқа-жұртым,той-думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Ән: «Қазағым» Жамбыл Аянат
2-жүргізуші: Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз жыл басы. Бұл күн, күн мен түн теңесіп, табиғат ананың оянып, жер көгеріп, төрт түлік төлдеп, ақ құйылып, дүние әлемінің жаңарып, жайнаған кезі.
1-жүргізуші: Барша халық асыға көптен күтетін шырайлы да, шұғылалы көктем мерекесі, жыл басы Наурыз айы Арқа төсіне де келіп жетті. Қай ақынды алып қарасақ та, осы көктем мезгіліне өздерінің сұлу жырларын арнаған.
«Бұл көктем,неткен көктем,көктем,көктем,
Құдай-ай,сен осындай көкпеңбек пе ең?»,-деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай көктем де келді. Тоң болып қалған қарлар жібіп,жылғалардан аққан суларда күміс қоңыраудай сылдырап, әсем бір күйге бөлейтін шақ - Наурыз айы, Наурыз тойы да басталды.
-Балалар бізде Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!
2-жүргізуші: Ендіше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шақырайық!
(Көрініс)
1-жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз құтты болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келді.(Ендіше,балалардың наурызға арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.)
Тақпақтар
2-жүргізуші: Таң шапағын қарсы алып Наурызда
Құт-береке тілейміз баршаңызға
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық
Шат көңілмен бәріміз ән салайық
1-жүргізуші: Құтты болсын ұлыстын ұлы күні
Шаттандырған елімді тәңір нұры
Думандатып мейрамды біз бастайық
Баршаңызға биден шашу шашайық
Мерекені қазақ халқының ұлттық биімен жалғастырамыз,қарсы алыңыздар.
«Қызғалдақ» биі
2-жүргізуші: Ал енді «Сұрақ-жауап» ойынын өткізейік.
1.Қазақ халқының тойлары қандай дәстүрмен басталды?/Шашу/
2.Қазақтың ұлттық әйелдер бас киімдері қалай аталады?/қыздар бас киімі-сәукеле,әйелдердікі-кимешек,жаулық/
3.Наурыз символы/жауқазын/
4.Шаңырақ дегеніміз не:/киіз үйдің төбесі/
5.Наурыз қандай мереке?(Жаңа жыл)
6.Наурыз қай мезгілде? (көктем)
7.Наурыз сөзі қай тілден енген? (Парсы)
8.Наурызда біздің арамызда кімнің туған күні бар? (…)
9.Наурыздың бүгін нешесі (16)
6.Наурыз атымен байланысты қорықты ата.(Наурызым)
10.Наурызда істелінетін көже қалай аталады? (Наурызкөже)
11.Наурыз көже құрамы неше тағамнан тұрады,оларды ата?/жеті тағам:ет,тұз,бидай,май,пияз,құрт,күріш/
12.Наурыз күні не жағады? (қос жарық)
13.Құрметті қонаққа немесе жақындарына сақтаған ет мүшелері. (Сыбаға)
14.Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті. (Уыз)
15.Шарадағы қымызды сапыру,ыдысқа қию үшін керек.(Ожау)
16.Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. (Уық)
17.Киіз үйдің негізін құрайтын. (Кереге)
18.Ауылдың үлкендері жолаушылап кеткенде жастар бас қосып,бір үйге жиналып ойын-сауық құрайды.(Бастаңғы)
19.Ауылға басқа жақтан бір отбасы көшіп келгенде,көршілері ол үйді қонаққа шақырып,дәм-тұз татырады. (Ерулік)
ӘН: «Әке»
2-жүргізуші:Наурыз мерекесіәрқайсымызғакөтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үмітпен шексіз махаббат әкелсін. Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын.
1-жүргізуші:Бұл жыл баршамызға естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын.
2-жүргізуші: Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман – есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!
Құрметті ата-аналар!Осымен бүгінгі мерекеміз аяқталды,келгендеріңізге көп рахмет.Сау болыңыздар!