Файл: 15. 04. 2021 Сабаты таырыбы Webбетті деректер орымен байланысын орнату сабаТЫ басы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні: 15.04.2021

Сабақтың тақырыбы: Web-беттің деректер қорымен байланысын орнату

САБАҚТЫҢ БАСЫ:




Деректер базасы бар қандай сайттарды атай аласың?

САБАҚТЫҢ ОРТАСЫ:

PHP – сайт парақшаларын жасауға арналған ең күшті құралдардың бірі. Оның көмегімен динамикалық сайттар құрастырылады.

PHP – үйренуге жеңіл өте қарапайым тіл. Мүмкіндіктері мол әрі көп функционалды болғандықтан, ол барлық хостингтерге орнатылған.

PHP-ді 1994 жылы Расмус Лердорф ойлап тапқан. PHP атауы Personal Home Page (жеке үй парақшасы) деген мағынаны береді. PHP коды (скрипт) HTML парақшасының ішіне жазылады және ол интерпретаторланып, тек сервердің өзінде ғана орындалады.

PHP файлының құрамы мәтіннен, HTML тегтерінен және PH-сценарийлерінен тұрады. PHP – тек серверде ғана орындалатын скриптік тіл. Яғни барлық сценарийлер серверде орындалады да, нәтижесі HTML ретінде браузерге жіберіледі. Ал браузер клиентке оны парақша ретінде көрсетіп береді. PHP web-парақшаларды жазуға арналған және үйренуге өте жеңіл. Оның скриптерін жазу үшін Notepad ++ редакторын қолданамыз.

PHP программасы mysqli сыныбын өзіне қамтиды. PHP-да MySQL деректер базасымен жұмыс істеу әдістері, қасиеттері және функциялары бар. Бұл функция және әдістер деректер базасын ақпаратты енгізу және оның мазмұнын көру үшін қолданылады. Веб-интерфейс көмегімен деректер базасына ақпаратты қосу үшін пайдаланушы бұл деректерді Нtml формасына енгізіп, оны серверге жіберу керек, ал қалғанын программаның өзі орындайды.

ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ

Динамикалық сайт – шаблон, контент және скриптерден тұратын динамикалық беттерден құралған, үнемі жазбасы өзгеріп, жаңаланып отыратын сайт. Мұндай сайттардың файлдары PHP, Perl және т.б. программа тілінде жазылады.

MySQL-дің мүмкіндіктері

MySQL-ANSI 92 стандартындағы SQL сұраныстарын қолданады. Оның мынандай мүмкіндіктері бар:

1. Саны шектеусіз пайдаланушылар Деректер қорымен бір уақытта жұмыс істей алады.
​2. Кестедегі жолақтар саны 50 млн-ға дейін жете алады.
​3. Командалар өте тез орындалады. Осы күнгі серверлердің ішінде MySQL ең жылдам сервер боп есептеледі.
​4. Қарапайым және нәтижелі, қауіпсіз система.


ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ


MySQL – шағын көп потокты деректер қорының сервері. MySQL тұрақты, қолдануға жеңіл және өте жылдам боп саналады. Оны сайт жазуда PHP скриптімен бірге қолданады.

Деректер базасымен байланыс орнату

MySQL деректер базасындағы басқару жүйесінің серверіне қосылу mysqli сыныбында орындалатын құрылымды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

$ mysqli = new mysqli ('host', 'username', 'passwd', 'dbname', 'port')

Mysqli сыныбының конструкторын шақырғаннан кейін, MySQL серверіне қосылуды білдіретін нысанды қайтарады. Немесе:

$mysqli = new mysqli();
​$mysqli->real_connect ('host', 'username', ' passwd', 'dbname', ‘port')




Ал егер деректер базасымен байланыс орнатылмаса, онда «Байланыс орнатылмады» хабары мен қатенің нөмірі көрсетіледі.

Бұл скрипте host – қосылатын хост атауы, username – пайдаланушының аты, passwd – пайдаланушының паролі және dbname – сұраныс жасалатын деректер базасының атауы.

Серверге қосылуды аяқтау үшін $ mysqli-> close () командасы қолданылады. Мысалы, student пайдаланушысы (паролі ="123") үшін жергілікті сервердің деректер базасына қосылу үшін төмендегі скрипті теруі керек.

САБАҚТЫҢ СОҢЫ:

  1. РНР-дің қызметі не?

  2. Динамикалық сайт дегеніміз не?

  3. Деректер базасына байланыс орнатуға қандай командалар қолданады?

  4. PHP-ді кім ойлап тапқан?