ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы - 2 сағат.
Мақсаты: сабақта ақпаратты болжау, талдау және бағалау дағдыларын қалыптастыру әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
Міндеттері:
- білім берудегі болжау әдістерін зерделеу;
- SWOT-талдау кестесін толтыру: болжау әдістерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау.
Күтілетін нәтижелер: ақпаратты болжау, талдау және бағалаудың тиімді әдістерін анықтай алады.
Тапсырма 1. Тыңдаушылар болжау әдістерін өз бетімен зерделейді және кестені толтырады.
Әдістердің атауы | Сипаттамасы |
«Комиссия» әдісі | Бұл әдіс топтық жұмыстарда қолданылады. Шешілетін мәселені бірлесіп талқылау барысында ортақ шешімге келуді көздейді. Оның құрамына енетін арнайы комиссия әртүрлі көзқарастарды келістіру және олардың негізінде ортақ пікір құру мақсатында туындаған мәселені талқылайды. Топты ұжымдық жұмысқа алдын ала үйрету ұсынылады. |
«Дельфи» әдісі | Бұл әдіс әртүрлі мәселелер бойынша топтық пікір қалыптастыруға бағытталған процедураларды жүйелі түрде жүзеге асырудан тұрады. Дельфи әдісі тәуелсіз сарапшылар (көбінесе бір-бірімен байланысты емес және тіпті білмейтін) қағидасына негізделеді, бұл нәтижені арнайы ұйымдастырылған топқа қарағанда әлдеқайда жақсы бағалауға және болжауға болады. Дельфи әдісін қолдану арқылы басымдықты шешімдерді анықтау сарапшылар көзқарастарын біріктіруге мүмкіндік береді. Дегенмен, бағалаудың сəйкес келуіне қарамастан, айырмашылық зерттеудің соңында болады деп есептеледі. «Дельфи» әдісі бірнеше кезеңде жүзеге асырылады:
|
«Болжам ағашы» | Бұл әдіс сюжеттік желіні немесе әңгімені алдын-ала болжам жасауға көмектеседі. Бұл әдістің жұмыс тәртібі мынандай: оқушылар берілген әңгіменің не мәтіннің болуы мүмкін соңына алдын-ала болжам жасайды. Ағаштың діңі-тақырып, бұтақтары- - «мүмкін» және «болуы керек» деген негізі екі бағытта жүретін болжамдар (бұтақтар саны шектеулі емес) , және ең соңғысы – «жапырақтар» - осы болжамдарды жақтап айқындайтын негіздер. «Болжам ағашы» әдісін мәтінді талдағанда, жағдайды болжағанда, лексиканы бекіткенде қайсы-бір мәселені талдағанда бекіту кезеңінде қолданған орынды. Бұл әдіс болжау негізінде құрылатын болғандықтан , оқушылардың сөйлемдерінде келер шақ пен келісу шырайлары белсенді қолданылады. |
«Болжамдық бағалау» | Бұл әдіс болжау деңгейімен, болжаудың басты нысандарының түрімен және мәселені шешу ретімен анықталатын көптеген болжау мүдделерінің жүйесі болып табылады. |
«Бағалау терезесі» | Бұл әдіс кері байланыс кезеңінде қолданылады. Білім алушылардың тақырыпты түсіну деңгейі сипатталады. |
Тапсырма 2. SWOT – талдау
№№ | Әдістердің атауы | Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
1 | «Комиссия» әдісі |
жинақталуы. |
|
2 | «Дельфи» әдісі |
|
|
3 | «Болжам ағашы» |
|
|
4 | «Болжамдық бағалау» |
|
|
5 | «Бағалау терезесі» |
|
|