ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Мен зерттеушімін»
Қазіргі таңда көптеген балалар бос уақыттарын ұялы телефондармен немесе компьютердің алдында өткізеді. Ал мен бос уақытымды тәрбиеленушілеріме гүлдерді күтіп- баптауды үйретемін деп шештім. Қазіргі таңда бос уақытты тиімді пайдалану, гүлдерге қамқорлық көрсету шараларын қолға алу мәселелері өзекті болып табылатыны белгілі. Зерттеу жұмысымыз өзіміздің бөбекжайдағы «Ертөстік»тобында және де гүл күтушілердің ақыл- кеңестеріне сүйене отыра жүргізілді.
Жобаның мақсаты: гүлдерді үй жағдайында күтіп баптаудың қыр – сырын үйрену, зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын ояту.
Бұл жобада жаңа өскінді үй жағдайында қалай күтіп-баптау керектігі сипатталды. Оның ішінде өзі баптап өсірген гүл туралы толық мағлұмат берілген. Бұл зерттеу жұмысында жаңа өскіңді үй жағдайында күтіп-баптау қарастырылды. Жоба мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісіне арналған және де осы жұмысты тәрбиеленушім Жұмағамбет Мейірім Ерболқызымен бірге зерттеп,қорғадық.
Осы ғылыми жұмысты аудан көлемінде қорғап,жүлделі 1 орынға ие болдық. Мейірім бұл жұмысқа асқан қызығушылықпен ат салысты.Айтылған ақыл – кеңестерді мұқият тыңдап, өте жақсы деңгейде орындады. Қазіргі таңда Мейірімнің қоржынында түрлі гүл атауларымен қатар, өзінің өсірген 3 түрлі гүлдері бар.Гүлдері күннен күнге жайқалып өсіп келеді. «Бұл жұмыстан менің түйгенім гүлді өсіріп, баптауда адам ерекше сезімге бөленеді екен. Менің көңіл-күйім жақсарды. Өзім еккен гүлге қарап, тамсанатын болдым. Əсіресе, гүлдер үйдің шаңын жұтып, бізге таза ауа бөлетінін білгенімде таң қалдым. Үйдегі, балабақшадағы басқа да гүлдерге өзім қарап, суаруды өз мойныма алдым. Менің бұл іс-əрекетім топтағы басқа да балаларға үлгі болады деп ойлаймын. Жəне өз достарымды да гүлді жұлмай, оларды аялауға шақырамын!- дейді Мейірім Ерболқызы.
Амангелді ауданы
Тулегенова Рауан
«Жұпар» бөбекжайы