Файл: Атоай ауданыны жалпы білім беретін Ныыманов атындаы жалпы орта білім беру мектебі кмм ні 2022 жылда тілдер заыны орындалуы туалы есеп.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 16
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Нығыманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі » КММ – нің 2022 жылда тілдер заңының орындалуы туалы есеп
«Тілдердің қолданылуы» бойынша мектебіміздің жұмысы және бұйрықтар, басқа да іс-құжаттары мемлекеттік тілде жалғастырылып жатыр, көрсеткіші 100%. Мектеп ішінің безендірілуі мемлекеттік тілде жасалған, сыныптардың рәсімделуінің талаптарға сайлығы тексеріліп, мемлекеттік тілде ұстанады. Әр дүйсенбі сайын саптық жиындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны мемлекеттік тілде орындалады.
«Мемлекеттік органдар актілерінің тілі» бойынша мектептің актілері мемлекеттік тілде қабылдану, жүргізу көрсеткіші 100%.
«Құжаттама жүргізу тілі» бойынша мектептің статистикалық есеп, техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етілу көрсеткіші 100%.
«Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі» бойынша мектепте азаматтардың өтініштері мен қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде және өтініш жасалған тілде берілу көрсеткіші 100%.
«Тіл – білім беру саласында» бойынша оқыту мен тәрбие беру мектепте - мемлекеттік тілде; мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні, білім туралы құжатқа енгізілген пәндер тізбесінде. Оқушылар саны- 73, қазақ балалары - 72 , татар ұлтта- 1. Мектебімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, қазақ тілінде құжаттар жазу мақсатында ізгілікті істер жалғасын табуда. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілді дамытуға, өзге тілді ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне үлкен көңіл бөлініп отыр.
Мектептің мөрі мен мөртаңбаларының мәтіні, бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, мектептің көрнекі ақпараты мемлекеттік тілде. «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» бойынша көрсеткіші 100 %.
Көп тілде білім беруді ілгерлету шеңберіндегі іс-шаралар жоспары негізінде мектепішілік және сыныптан тыс шаралар үш тілде өткізіледі. Ұжым осы тақырып аясында барлық шараларға қатысып, белсенділік танытты. Ата- аналар арасында латын әлібиін , үштілділікті оқытуды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ата- аналар жиналысында лекциялар оқылуының маңыздылығы туралы сынып жетекшілерімен жұмыс жүргізу жоспарланды. Көптілділік- заман талабы екенін әрбір оқушы, мұғалім және ата- анаға жеткізу үшін ақпараттық құралдарды пайдаланып отыру қажеттілігі сынып сағаттарында айтылу үшін жылдық тәрбиелік жоспар мен мектептің оқу жоспарына енгізілу ұсынылды. Осы тілді оқушылармен қатар мұғалімдер де қарапайым ауызекі сөйлесуге қажет болған дағдыларды үйрену үшін ағылшын тілі мұғалімі А.М.Куватова үйірмесін жүргізіп, оған тарту жолдары қарастырылды.
« Тіл - тұғырым» облыстық жоба аясына мектебімізде ақпан айында 10 күндік аталып өтті. Бұл апталығымыздың мақсаты: Жас ұрпаққа жан-жақты білім берумен тәрбиені ұштастыра отырып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру; ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру.9- ақпан күні М.Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны » атпен мәнерлеп оқу ұйымдастырылып өтті. «Тіл тарландары» атты сайыс тіл пәндер бойынша білімдерін сынау мақсатында өткізілді.Мектепке ейінгі ұйымда бұл жоба өз жұмысын жалғастырудда «Бала тілі – бал » атпен мәнерлеп өткізілді.Қазақ тілі апталығында 5-7 сыныптар арасында сөзжұмбақтар сайысы да қызықты аталынды.Осы жоба аясында Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай « Қазыбек би – ұлы дала тұлғасы » мектепішілік тарихи кеш оқушылардың ерлік пен бірліктің символы болған Казыбек бидің ұлы бейнесін таныту мақсатында өткізілді. Облыстық «Қазақ тілімен мақсанамын » челленджіне мектеп ұстаздары белсене қатысты.
Қазақстан халық тілдер мерекесінің 5-қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар (бұрын 22 қыркүйек). 5-қыркүйек күні тіл үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы, публицист, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайтын болады.Осы мақсатта 5 -қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні мектебімізде " Тіл – достықтың алтын көпірі " атты дөңгелек стол өтті.
12-22 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған тілдер айлығының он күндігі өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
Тілдер айлығы шеңберінде « Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде шығармаларды оқуда кітапханада «20 минут оқу» ұйымдастырылды. Оқушылар кітап оқып , әлем әдебиетінің шығармалармен танысты.Тілдер айлығы барысында мектептің оқу- тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасарларымен үйлестіре отырып жұмыс жоспарларда өз көрінісін тапты және әкімшілік тарапынан қолдау көрсетілді. Айлық барысында барлық сыныптарда «Тіл –асыл мұра » атты сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар қазақ тілінде сөйлеу деңгейін, сөздік қорын, өлең оқу, мақал мен жұмбақ айту қабілеттерін ортаға салды. 5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай барлық сыныптағы сынып сағаттарды А.Байтұрсыновқа арналды. Оқушылар тәрбиелік сағат барысында Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық идеологияны қалыптастыруда жасаған ерен еңбегімен танысқандарына риза екендіктерін, білім көкжиектерін кеңейтіп, тың мәліметтерге қаныққандарын білдірді.Осындай ұлты үшін туылған қайталанбас тұлғалардың өмірін, ерлігін жас толқын жете түсінген кезде ғана қазақ деген халықтың идеологиясы, тарихы, мәдениеті, әдебиеті жандана түспесе, сөнбейтіні белгілі.
«Бір ел – бір кітап » республикалық акциясы шеңберінде кітапханашы А.Б.Кепешованың ұйымдастыуымен Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері мен мысалдарына арналған мәнерлеп өлең оқу сағаты өтті.
Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін, патриоттық рухын көтеру, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Мағжан, Мұқағали шығармашылығынан мәнерлеп өлең оқу сайысын өткізді. Оқушылар шараға белсенді қатысып, мәнерлеп жатқа өлең оқу қабілеттері мен дарындарын ортаға салды. Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту,ақынның өлеңдерін оқи отырып, көркем сөз оқу шеберліктерін шыңдау, ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту - аталмыш іс- шара мақсаты болды.
10 қыркүйек күні ағылшын тілі А.М.Куватованың ұйымдастыруымен 6,7 сыныпта « Таңғажайып алаң» 3 тілде өткізілді. Оқушылар сайысқа белсенділік танытты.Оқушылардың шығармашылық шыңдайтын үнқағаз жасалды. Үнқағазға қазақ тілі мен орыс тілінің мәртебелерін асқақтататын өлең қатарлары өрнектеліп жазылды. Екі елдің елшілік белгісі- тулары желбіреді.Ұлы ғұламалардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері кең пайдаланылды. Мұғалім сайыста оқушыларға көптеген танымды ақпараттар жеткізді.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.М.Слямбек бастауыш сынып оқушыларымен «Clever boys and girls» атты танымдық сайысын ұйымдастырып, оқушылардың шет тілдерін үйренуге деген ынта-ықыластарын дамытуға байланысты тапсырмалар беріп, ал бастауыш сынып оқушылары шара барысында ағылшын тілін қаншалықты меңгергендерін көрсете білді.
Жоспар негізінде «Болашақ » дебат клубының жетекшісі Ғ.Т.Амангелді «Ұлт ұстазы » атты пікірсайыс өткізіп, еекше көзге түскен Қимадиен Саяжанды ауданық кезеңге қатыстырып, «Ең сенімі оқушы » номинациясына иеленді.
8-11 сынып оқушылар арасында «А.Байтұрсынұлының тіл мұраларының өміршеңдігі неде ? » атты ( аргументтік эссе) сайысы өтті, үздік 2 эссе ауданық кезеңге ұсынылды.
« Ахмет Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің атасы» атты тілдер фестивалін өткізу - жүргізілген жұмыстың түйіні болды. Фестиваль тілді құрметтеуге, оны дәріптеуге және оның тазалығы үшін күресуге шақырды. Тілдер айлығының қорытындысы жасалды. Қорыта келгенде, «Тілдер айлығы» аясында жоспарланған жоспар бойынша ұйымдастырылып, жүзеге асырылды. Тілдер айлығының қорытындысы жасалды. Қорыта келгенде, «Тілдер айлығы» аясында жоспарланған жоспар бойынша ұйымдастырылып, жүзеге асырылды.
2022 жыл бойы тілдер заңының орындалуы жоспарлаған іс-шаралары өз деңгейінде атқарылып ,жалғасын тауып келді.
К.К.Намазбаева- тілдер заңының орындалуына жауапты тұлға