Файл: География пнінен Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 10 сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 702

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«География» пәнінен
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
10 сынып

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан, 2019

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар жалпы орта сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 4

«Географиялық зерттеу әдістері»/ «Картография және геоинформатика»бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 15

«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 15

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 20

«Геоэкономика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 20

«Геосаясат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 25

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 29

«Елтану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 29

«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 34


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Географиялық зерттеу әдістері»/ «Картография және геоинформатика»бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Зерттеу әдістерінің түрлері

Оқу мақсаты

10.1.1.1. Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін

қолдану

10.1.1.3 Зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру

әдістерін қолданады

10.2.1.1 Тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану

10.2.2.2 Статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырыпты зерттеуде салыстыру әдістерін қолданады

  • Тақырыпты зерттеуде аудандастыру әдістерін қолданады

  • Картографиялық зерттеулер әдістерін қолданады

  • Статистикалық деректерді қолданып, картограммалар мен картодиаграммаларды құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма


  1. Берілген статитстикалық деректермен танысыңыз. a,b,c тапсырмаларын орындаңыз.


Сауаттылық - дамушы елдер үшін білімділіктің ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Бұл АДИ-ді есептеу кезінде қолданылатын көрсеткіштердің бірі. Білімділік индексі келесі көрсеткіштер бойынша өлшенеді:

  1. елдегі ересек адамдардың сауаттылық индексі;

  2. бастауыш, орта және жоғары білім алушылардың жиынтық индексі бойынша.

  3. мектептегі білім алу мерзімінің ұзақтығы.

  4. мектепке бару жасындағы айырмашылық (дамыған елдерде 5 жас).




  1. Атласты қолдана отырып, сауаттылық деңгейі жоғары және төмен мемлекеттерді анықтаңыз

    Сауаттылық деңгейі жоғары мемлекеттер

    Сауаттылық деңгейі жоғары мемлекеттер






  2. Қазақстанның сауаттылық индексі бойынша рейтінгісін анықтаңыз. Сауаттылық индексі жоғары және төмен мемлекетпен салыстырыңыз




  1. Салыстыру нәтижесі ретінде Қазақстан сауаттылық индексін көтеруге 3 ұсыныс жазыңыз







2. Қазақстанның физикалық географиялық аудандастыруға қатысты картаға мұқият қараңыз.




  1. Қазақстанда 9 физикалық-географиялық аудан бар. Картада берілген сандарды физ-географиялық аудан атауларымен сәйкестендіріңіз.




Сіздің жауабыңыз

Географиялық нысандар




Сауыр Тарбағатай




Шығыс Еуропа жазығы




Жоңғар (Жетісу) Алатауы




Тұран жазығы




Алтай-Саян

  1. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасын қолдана отырып, экономикалық-географиялық аудандастырудың тиімділігіне баға беріңіз.


3. Берілген проекция түрлерін қолдана отырып, тапсырмаларды орындаңыз.

  1. Берілген проекцияны түрлерін атап, сипаттама беріңіз.



Проекция атауы
Сипаттамасы



Проекция атауы
Сипаттамасы




Проекция атауы
Сипаттамасы





4. Статистикалық деректерді және шартты белгіні қолдана отырып, 1-картада картодиаграмма сызыңыз.



1-карта

Шартты белгілер:

Аудандар бойынша ірі қараны мемлекеттік сатып алу көлемі (мың бас)

Аудандар бойынша ірі қараны мемлекеттік сатып алу көлемі (мың бас)

Аудандар

Ірі-қара саны (мың бас)

1-аудан

7

2-аудан

1

3-аудан

3

4-аудан

5





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тақырыпты зерттеуде салыстыру әдістерін қолданады

1

сауаттылық деңгейі жоғары мемлекеттерді анықтайды;

1

сауаттылық деңгейі төмен мемлекеттерді анықтайды;

1

Қазақстанның сауаттылық индексіндегі рейтінгісін анықтайды;

1

сауаттылық индексі жоғары 1 елмен салыстырады;

1


сауаттылық индексін сауаттылық индексі төмен 1 елмен салыстырады;

1

сауаттылық индексті көтеруге бірінші ұсынысын келтіреді;

1

сауаттылық индексті көтеруге екінші ұсынысын келтіреді;

1

сауаттылық индексті көтеруге үшінші ұсынысын келтіреді;

1

Тақырыпты зерттеуде аудандастыру әдістерін қолданады

2

Сауыр Тарбағатайды картадағы санмен сәйкестендіреді;

1

Шығыс Еуропа жазығы картадағы санмен сәйкестендіреді;

1

Жоңғар (Жетісу) Алатауы картадағы санмен сәйкестендіреді;

1

Тұран жазығы картадағы санмен сәйкестендіреді;

1

Алтай-Саян тауларын картадағы санмен сәйкестендіреді;

1

экономикалық географиялық аудандастырудың тиімділігіне баға береді.

1

Картографиялық зерттеулер әдістерін қолданады


3

бірінші проекцияның түрін анықтап, сипаттама береді;

1

екінші проекцияның түрін анықтап, сипаттама береді;

1

үшінші проекцияның түрін анықтап, сипаттама береді;

1

Статистикалық деректерді қолданып, картограммалар мен картодиаграммаларды құрастырады


4

1-2 ауданға сәйкес картодиаграмманы салады;

1

3-4 ауданға сәйкес картодиаграмманы салады;

1

Жалпы балл

19


«Географиялық зерттеу әдістері»/ «Картография және геоинформатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Оқушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тақырыпты зерттеуде салыстыру әдістерін қолданады

Географиялық салыстыру әдістерін қолдануда қиналады

Сауаттылық деңгейі жоғары/төмен мемлекеттерді анықтайды/ Қазақстанның сауаттылық индексін сауаттылық индексі жоғары /төмен елдермен салыстыруда/ Қазақстан сауаттылық индексін көтеруге ұсыныс келтіруде қиналады

Тақырыпты зерттеуде салыстыру әдістерін тиімді қолданады

Тақырыпты зерттеуде аудандастыру әдістерін қолданады

Аудандастыру әдістерін

қолдануда қиналады

Сандарды берілген атаулармен сәйкестендіруде/ экономикалық-географиялық аудандастырудың тиімділігіне баға беруде қателіктер жібереді

Аудандастыру әдістерін анықтайды және қолданады

Картографиялық зерттеулер әдістерін қолданады

Картографиялық зерттеулер әдістерін қолдануда қиналады

Бірінші/ екінші/ үшінші проекция түрлерін анықтауда, сипаттауда қателіктер жібереді

Картографиялық зерттеулер әдістерін дұрыс қолданады

Статистикалық деректерді қолданып, картограммалар мен картодиаграммаларды құрастырады

Статистикалық деректерді қолданып, картограммалар мен картодиаграммаларды құрастыруда қиналады

Статистикалық деректерді және шартты белгіні қолдана отырып, картодиаграмманы сызуда/ картодиаграмманны аудандарға сәйкес белгілеуде қателіктер жібереді

Статистикалық деректерді қолданып, картограммалар мен картодиаграммаларды дұрыс құрастырады