Файл: География пнінен Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 10 сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 711
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Географиялық зерттеу әдістері»/ «Картография және геоинформатика»бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Геоэкономика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Геосаясат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Елтану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау.Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары. | ||||
Оқу мақсаты | 10.3.1.2 Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға беру (жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде) 10.3.1.3 Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыну(жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде) 10.3.1.4 Тиімді табиғатты пайдаланудың қағидаттарын анықтау | ||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | ||||
Бағалау критерийі | Білім алушы
| ||||
Орындау уақыты | 20 минут | ||||
Тапсырма 1. Табиғатты пайдалануға қатысты тапсырмаларды орындаңыз
_______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________
|
2. Мәтінді қолданып, тапсырмаларды орындаңыз.
а. Балқаш кен-металлургия комбинатының қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтаңыз. b. Балқаш кен-металлургия комбинатының қоршаған орта мен адамзатқа тигізер әсерін азайтуға бағытталған 3 шешу жолын ұсыныңыз. 3. Тапсырманы орындаңыз. а. Табиғатты тиімді пайдалануға және қорғауға арналған ұйымдарды анықтамасымен сәйкестендіріңіз. Табиғатты қорғау ұйымдары Жауап Анықтамалары 1. Гринпис («Жасыл әлем») a) германиялық жастардың «қышқыл жаңбырларға» қарсы күрес жүргізетін э ологиялық қоғамы. 2. «Робин Вуд» b) бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. Канадада 1970 жылы кұрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2,5 млн адам мүше. 3. ВФОП (WWF) c) бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры. Дүниежүзілік фауна мен экожүйені сақтау проблемасымен айналысады; халықаралық жастар курсын, лагерьлер мен табиғат қорғау клубтарын және т. б. шараларды ұйымдастырады. b. «Киото хаттамасының» негізгі қағидатын анықтап, оған сипаттама беріңіз. |
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, бағалайды | 1 | табиғатты тиімсіз пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсерін түсіндіреді; | 1 |
табиғатты тиімсіз пайдаланудың экономикалық салдарына баға береді; | 1 | ||
табиғатты тиімсіз пайдаланудың экологиялық салдарына баға береді; | 1 | ||
Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға ұсыныстар келтіреді | 2 | кен-металлургия комбинатының қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтайды; | 1 |
кен-металлургия комбинаттың қоршаған орта мен адамзатқа тигізер әсерін азайтуға бағытталған 1-шешу жолын ұсынады; | 1 | ||
кен-металлургия комбинаттың қоршаған орта мен адамзатқа тигізер әсерін азайтуға бағытталған 2-шешу жолын ұсынады; | 1 | ||
кен-металлургия комбинаттың қоршаған орта мен адамзатқа тигізер әсерін азайтуға бағытталған 3-шешу жолын ұсынады; | 1 | ||
Табиғатты пайдаланудың қағидаттарын сипаттайды | 3 | Гринпис («Жасыл әлем») ұйымының анықтамасын анықтайды; | 1 |
«Робин Вуд» ұйымының анықтамасын анықтайды; | 1 | ||
ВФОП (WWF) ұйымының анықтамасын анықтайды; | 1 | ||
«Киото хаттамасының» негізгі қағидатын анықтайды; | 1 | ||
«Киото хаттамасының» негізгі қағидатына сипаттама береді. | 1 | ||
Жалпы балл | 12 |
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға береді | Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беруде қиналады | Табиғатты тиімсіз пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсерін түсіндіруде, табиғатты тиімсіз пайдаланудың экономикалық/экологиялық салдарына баға беруде қателіктер жібереді | Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне дұрыс баға береді |
Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға ұсыныстар келтіреді | Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға ұсыныстар келтіруде қиналады | Балқаш кен-металлургия комбинатының қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтауда/ қателіктер жібереді. Қоршаған орта мен адамзатқа тигізер әсерін азайтуға бағытталған 1/2/3 шешу жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді | Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға толықтай ұсыныстар келтіреді |
Табиғатты пайдаланудың қағидаттарын сипаттайды | Табиғатты пайдаланудың қағидаттарын сипаттауда қиналады | Гринпис («Жасыл әлем») /«Робин Вуд»/ ВФОП (WWF) ұйымдарының анықтамасын сәйкестендіруде қателіктер жібереді. «Киото хаттамасының» негізгі қағидатын анықтауда/сипаттауда қателіктер жібереді. | Табиғатты пайдаланудың қағидаттарын дұрыс сипаттайды |
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі. Геосфералардың ластануы. Геоэкологиядағы антропогендік факторлар. | |||||||||||
Оқу мақсаты | 10.3.2.1 Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық түрде ұсыну 10.3.2.2 Геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп- салдарын зерттеу 10.3.2.5 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыну | |||||||||||
Бағалау критерийі | Білім алушы
| |||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | |||||||||||
Орындау уақыты | 25 минут | |||||||||||
Тапсырма 1. Геоэкологиялық зерттеулердің мәні мен мазмұнына және бағыттарына қатысты мәтінді оқып, инфографика түрінде көрсетіңіз. Геоэкология-жоғарғы иерархиялық деңгейлердің (биосфераға дейін) экожүйесін зерттейтін экология ғылымының бір саласы. Геоэкология терминін алғаш 1939 жылы К.Тролль ұсынған еді. Геоэкологияны ландшафт экологиясы деп те атайды. Геоэкология пәнінің мақсаты – табиғатты қорғау туралы ілімнің ғылыми негіздерін жердің табиғи-антропогендік жүйелерінің экологиялық саны ретінде геоэкологияның негіздеуші прициптерін зерттеу, анықталған заңдылықтарды қолданбалы экологияның теориясы мен тәжірибесін іс жүзінде қолдану. Геоэкология пәнінің негізгі міндеттері табиғатты қолдану негіздерін зерттеу және экологиялық аудандастыру әдістерін карастыру. Негізгі ластайтын заттардың қайнар өздерін, олардың таралуының жалпы заңдылықтарын табу және аудандардың геологиялық құрылымын зерттеу және қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтау. Сонымен қатар қоршаған орта зерггтеулерінің әдістемелерін, химиялық элементтердің табиғи және жасанды көздерінің сипаттамасын, шаруашылык қызметтің коршаған ортаға техногендік тәуелділігін түсіндіру. Техногенездің ерекшілігімен, табиғи шарттардың ролімен таныстыру және коршаған орта ластануында адамдардың шаруашылық қызметін анықтау, аймақтарды экологиялық аудандастыру, минералды қорлардың тиімді колдану туралы және экологиялық– геологиялық карталарды құрастырудың ғылыми - әдістемелік принциптерін білу. Геоэкологияның негізгі бағыттары: Жалпы геоэкология - Жерге ортақ жаһандық үдерістер мен құбылыстарды зерттейді (экологиялық геоморфология, табиғи ресурстар экологиясы, атмосфера экологиясы, гидроэкология және т.б.) Қолданбалы геоэкология – шаруашылық іс-әрекетке байланысты геоэкожүйенің өзгерістерін зерттейді (агроэкология, урбанэкология, орман шаруашылығы және т.б.) Аймақтық геоэкология – нақты бір территориядағы шаруашылық іс-әрекетке байланысты геоэкожүйенің өзгерістерін зерттейді (табиғат зоналарының геоэкологиясы, өзен бассейндерінің геоэкологиясы және т.б.)
2. Дүниежүзі бойынша мұнаймен ластанған картаны қолданып, тапсырмаларды орындаңыз. Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы картасы a. Дүниежүзілік мұхиттардың мұнаймен ластану деңгейін анықтап, кестені толтырыңыз.
b. Мұнаймен ластанған аудандардың ластануының екі себебін анықтаңыз. c. Мұнаймен ластанған аудандардың қоршаған ортағы тигізер екі салдарын түсіндіріңіз. 3. Мәтінді және суретті қолданып, тапсырмаларды орындаңыз. 22 тамыз, 1975 жыл Эскондида – 1990 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан Чили мемлекетіндегі ірі мыс кен орны. 2007 жылы бұл кен орнында 1,5 млн т мыс өндірілді. 2 карьері бар Эскондида кен орны 2011 жылдан бастап жер шарындағы ең ірі мыс өндіруші кен орны болып табылады. Эскондида мыс кен орны жылына миллиондаған тонна су шығындайды. Мысалы, 1 т мыс өндіру үшін 200–250 т су керек. Мыс өндіруден бұл ауданда су қоры таусылып, жергілікті жер әлемдегі ең құрғақ аудандардың біріне айналып отыр. Карьер мен террикондар өте улы болғандықтан жергілікті халықтың денсаулығы мүлдем нашарлап, ал ауданның жер бедері өте қатты өзгеріске ұшыраған. 22 тамыз, 1975 жыл жыл 14 сәуір, 2008 жыл а. Антропогендік факторлардың 1975 жыл мен 2008 жылдар аралығында жер бедері мен қоршаған ортаны қалай өзгерткенін сипаттаңыз. b. Эскондидо мыс кен орнына әсер еткен антропогендік факторларды азайтудың 2 жолын қарастырыңыз. 1.______________________________________________________________________ 2.______________________________________________________________________ |
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық түрде бейнелейді | 1 | мәтіннен қажетті ақпаратты қысқаша түрде ықшамдап инфографика түрінде ұсынады; | 1 |
инфографиканы эстетикаға сай әрлейді; | 1 | ||
Геосфералардың ластану деңгейінің себеп-салдарын анықтайды | 2 | өте ластанған мұхитты анықтайды; | 1 |
ластанған мұхитты анықтайды; | 1 | ||
орташа ластанған мұхитты анықтайды; | 1 | ||
ластану мөлшері аз мұхитты анықтайды; | 1 | ||
мұнаймен ластан1-ші себебін сипаттайды; | 1 | ||
мұнаймен ластанған аудандардың 2-ші себебін сипаттайды; | 1 | ||
1-ші салдарын түсіндіреді; | 1 | ||
2-ші салдарын түсіндіреді; | 1 | ||
Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарына мысал келтіреді | 3 | антропогендік факторлардың қоршаған ортаны қалай өзгерткенін сипаттайды; | 1 |
антропогендік факторлардың әсерін азайтудың 1-жолын жазады; | 1 | ||
антропогендік факторлардың әсерін азайтудың 2- жолын жазады; | 1 | ||
Жалпы балл | 13 |
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика