Файл: География пнінен Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 10 сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 704

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері

Оқу мақсаты

10.7.1.2 Ғаламдық проблемалардың критерийлерін

анықтау

10.7.1.4 Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ғаламдық проблемаларды критерийлер бойынша сипаттайды

  • Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

1. Ғаламдық проблемаларының ішінен бірін таңдаңыз.

Адамзаттың ғаламдық проблемаларының тізімі

  1. Ресурстар проблемасы

  2. Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы

  3. Энергетикалық проблема

  4. Демографиялық проблема

  5. Климаттың өзгеруі

  6. Экологиялық проблемалар

  7. «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою

  8. Қауіпті ауруларды жою

  9. Әлемдік мұхит пен космосты игеру

  10. Қылмыспен және терроризммен күрес

  11. Наркобизнеспен күрес


a. Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың ауқымдылығын түсіндіріңіз.
b. Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың екі салдарын сипаттаңыз.
c.Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың ықтимал үш шешу жолын ұсыныңыз.
2. Ғаламдық проблемалардың Қазақстанда орын алған көріністерін анықтаңыз.

a. Қазақстанда орын алған ғаламдық проблемаларды атаңыз.
b. Сіз атаған проблеманың ішінен бірін таңдап, ол Қазақстанның қай аймағын қамтитынын сипаттаңыз.

c.Сіз таңдаған проблемаға қатысты әлем елдеріне арналған 3 пунктен тұратын үндеу жазыңыз.





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ғаламдық проблемаларды критерийлер бойынша сипаттайды

1

ғаламдық проблеманың ауқымдылығын түсіндіреді;

1

ғаламдық проблеманың 1-салдарын сипаттайды;

1

ғаламдық проблеманың 2-салдарын сипаттайды;

1

1-шешу жолын ұсынады;

1

2-шешу жолын ұсынады;

1

3-шешу жолын ұсынады;

1

Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды

2

Қазақстанда орын алған бірнеше ғаламдық проблемаларды атайды;

1

проблеманың Қазақстанның қай аймағын қамтитынын сипаттайды;

1

1- пунктін ұсынады;

1

2- пунктін ұсынады;

1

3- пунктін ұсынады.

1

Жалпы балл

11


«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Оқушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Ғаламдық проблемаларды критерийлер бойынша сипаттайды

Ғаламдық проблемалардың критерийлерін сипаттауда қиналады

Ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтауда / проблеманың ауқымдылығын түсіндіреді / ғаламдық проблеманы сипаттауда / шешу жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді

Ғаламдық проблемалардың критерийлерін сипаттайды

Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды

Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтауда қиналады

Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтауда / Қазақстанда орын алған бірнеше ғаламдық проблемаларды атауда / Қазақстанның қай аймағын қамтитынын сипаттауда/ проблемаға қатысты үндеудің 1/2/3 пунктерін ұсынуда қателіктер жібереді

Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды