Файл: лын жылыны алты айа дейінгі тлі. Жабаы алты ай мен бір жас аралыындаы жылы тлі. Тай.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 68
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖЫЛҚЫНЫҢ ТҮРІН БІЛЕМІЗ БЕ?Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі.Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.Тай – бір жастан асқан, екі жасқа толмаған (еркек, ұрғашы) жылқы.Арда – енесін екі жасқа дейін емген жылқы төлі.Құнан – екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы.Құнажын – екі жас пен үш жас аралығындағы ұрғашы жылқы.Байтал – үш жас пен төрт жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы.Дөнен – төрт жасар еркек жылқы.Сойтал – төрт жасқа шығар ұрғашы жылқы.Бесті – бес жасар еркек жылқы.Айғыр – үйірге түсетін аталық жылқы.Сәурік – жаңадан үйір алған жас айғыр.Саяқ – піштірілген тай, құнан, дөнен; үйірге қосылмай өз алдына бөлек жүретін тусыған бойдақ жылқылар; үйірден бөлініп, топтан шеттеген бірлі – жарымды бойдақ биелер.Қысырақ – үйірге жаңадан қосылған, әлі құлындамаған жас бие.Қулық – тұмаса құлындаған жас бие.Бие – аналық жылқы.Қасаба – көп жасаған мама бие.Мама бие – үйірдегі кексе, өрбіген ұрпағы көп сақа бие.Саба бие – қарны «жер сызған», көп құлындаған бие.Бедеу бие – құлындамаған бие.Наз бие – әсем жүрісті, көрікті жарау бие.Ат – ақталған жылқы.Мәстек – бой тұрқы тапал, кішкене жылқы.Қазанат – дене бітімі ірі, шымыр, мүсінді, құйма тұяқ, ұзақ жолға шыдамды ат.Сәйгүлік – шашасына шаң жұқпаған жүйрік жылқы.Саңлақ – ұшқыр, жүйрік ат.Күйсіз-күлік (күлік-жүйрік) – бапсыз-ақ, әдейі жаратпай-ақ бәйгеден озып келетін жүйрік.Арғымақ – дене бітімі аса келісті, сұлу, сымбатты, жүрдек, асыл тұқымды жылқы.Тұлпар – асыл тұқымды, аса төзімді, белді, жүйрік, батырлар мінген жылқы.Жабы – қазақ жылқысының байырғы тұқымы.Тумыш – арғымақ пен қазақы жылқының буданы.Қарабайыр – арғымақ пен жабының буданы.Пырақ – аңызда айтылатын қанатты ат.Дүлдүл /ақ боз ат, ұрғашы/ – 1. Аңыз бойынша Мұхамед пайғамбар мінген қасиетті ақ қашырдың атауы, кейде Әзірет Әлі мінген ат деп те түсіндіріледі.2. Ерекше жүйрік, айтулы тұлпар.Суын – аңызда айтылатын су жылқысы.Бұрақ /пырақ/ – аңыздағы Мұхамед пайғамбар (с.ғ.с) мініп, аспанға ұшқан ат.Саманай ШАМҒҰННЫҢ парақшасынан