Файл: Электростатика. Траты ток задары. Іі нса.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Электростатика. Тұрақты ток заңдары.

ІІ нұсқа.

1.Кішігірім екі зарядталған шарлар Кулон заңы бойынша бір-бірімен 0,2 Н күшпен әсер етеді.Егер шарлар ара қашықтығын өзгертпей,әрбір шардың зарядын екі есе азайтсақ,кулондық күштер неге тең болар еді?

А. 0,8 Н.

Ә. 0,4 Н.

Б. 0,2 Н.

В. 0,05 Н.

Г. 0,0125 Н.

2.Потенциалдар айырмасы 9 В болатын нүктелер арасынан q заряд орын ауыстырғанда,электр өрісі тарапынан зарядқа әсер ететін күштер 3 Дж жұмыс істеген.Заряд шамасы неге тең?

А.3 Кл.

Ә.17 Кл.

Б. 9 Кл.

В. 0,33 Кл.

Г. 0,16 Кл.

3.Кернеулігі 200 Н/Кл электр өрісі 2 10-6 Кл зарядқа қандай күшпен әсер етеді?

А. 4 ·10-4 Н.

Ә. 2 ·10-4 Н.

Б. 10-4 Н.

В. 4 нКл.

Г. 40 нКл.

4.Электр заряды жоқ бөлшек қайсы?

А. Электрон.

Ә.Протон.

Б. Ион.

В Нейтрон.

Г.Ешқайсысы емес.

5.Төменде аталған жағдайлардың қайсысында электр өрісін біртекті деп есептеуге болады?

А. Нүктелік заряд өрісін.

Ә. Зарядталған шар өрісін.

Б. Зарядталған жазық конденсаторлары арасындағы өрісті.

В. Өріске енгізілген зардталмаған пластиналар арасындағы.

Г. Дұрыс жауап жоқ.

6. Электр тұрақтысының сан мәнің неге тең?

А. 6,02 ·1023 1/моль.

Ә. 1,6 ·10-19 Кл .

Б. 9 ·109 Н · м² / Кл².

В. 8,85 ·10-12 Кл²/Н м².

Г. 6,67 ·10-11 Н·м²/ Кл.²

7. Конденсатор астарларының ара қашықтығын өзгертпей, пластинаның

ауданын 2 есе арттырсақ, оның сыйымдылығын қалай өзгереді?

А. 2 есе артады.

Ә. 4 есе кемиді.

Б. 2 есе азаяды.

В. 4есе артады.

Г. өзгермейді.

8. Қандай физикалық шама электр зарядының потенциялдық энергиясының сол зарядқа қатынасымен анықталады?

А. Сыйымдылық.

Ә. Электр өрісінің потенциалы.

Б. Электр өрісінің кернеулігі.

В. Электр кернеулігі.

Г. Дұрыс жауап жоқ.

9. Конденсатордың бірінші астарын электр потенциялы +110 В, ал екіншіде -110 В. 2 ·10-6 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі қандай жұмыс істейді?

А. 0,002 Дж.

Ә. 2,2 · 10-4 Дж.

Б. 1,1 ·10-4 Дж.

В. 0,004 Дж.

Г. 4,4 ·10-4 Дж.

10. Джоуль-Ленц заңы қайсы?

А. I = .

Ә. R = ρ .

Б. P = IU.

В. Q=I² R Δt.

Г. I = .

11. Өткізгіштің көлденең қимасының ауданынан бірлік уақытта тасымалданатын электр зарядымен анықталатын қандай физикалық шама?


А. Кернеу.

Ә. Қуат.

Б. Электр кедергісі.

В. Электр қозғаушы күш.

Г. Ток күші.

12. Кернеуі 220 В және ток күші 3 А электр плитаның қуаты қандай?

А. 330 Вт.

Ә. 73 Вт.

Б. 660 Вт.

В. 165 Вт.

Г. 33 Вт.

13. Егер тізбектегі ток күші 6 А, ал кедергісі 3 Ом болса, кернеуі неге тең?

А. 2В.

Ә. 18 В.

Б. 12 В.

В. 6 В.

Г. 3 В.

14. Электр тізбегінің толық кедергісі неге тең?

А. 4 Ом.

Ә. 2 Ом.

Б. 1 Ом .

В. 0,5 Ом.

Г. 8 Ом.




15. Тұйық тізбекЭҚК-і, 6 В ішкі кедергісі 2 Ом, ал сыртқы кедергісі 3 Ом өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші неге тең?

А. 0,6 А.

Ә. 0,3 А.

Б. 0,83 А.

В. 1,2 А.

Г. 0,15 А.

16. Ұзыдығы 10 м, көлденең қимасының ауданы 0,2 мм ² өткізгіш сымның электр кедергісі неге тең? Материалдың меншікті кедергісі 10-6 Ом · м.

А. 17 Ом.

Ә. 40 Ом.

Б. 4 Ом.

В. 5 Ом.

Г. 50 Ом.

17. Электр қоңырауындағы ток күші мен кернеуді өлшеу қажет.

Қоңырауға қатысты амперметр және вольтметр қалай қосылу керек?

А. Амперметр және вольтметр – параллель.

Ә. Амперметр – параллель, вольтметр – тізбектей.

Б. Амперметр және вольтметр – тізбектей.

В. Амперметр – тізбектей, вольтметр – параллель.

Г. Дұрыс жауап жоқ.

18. Егер өткізгіш ұштарына 10 В кернеу берілсе, 2 А ток ағады. Ток күші 4 А болу үшін осы өткізгіш қандай кернеу түсіру керек?

А. 10 В.

Ә. 20 В.

Б. 30 В.

В. 80 В.

Г. 5 В.

19. 5 Кл электр заряды орын ауыстырығанда бөгде күштер 10 Дж жұмыс істесе, ток көзінің Э.Қ.К.-і неге тең?

А. 50 В.

Ә. 0,5 В.

Б. 2 В.

В. 1 В.

Г. Дұрыс жауап жоқ.

20. Егер конденсатор астарларындағы электр зарядын 2 есе азайтса, оның

электр өрісінің энергиясы қалай өзгереді?

А. 4 есе азаяды.

Ә. 2 есе артады.

Б. 4 есе артады.

В. 2 есе азаяды.

Г. Өзгермейді.